532
лер жүйесі болса,
114
бұл аспектіден келгенде, Абай тілі өзіне
дейінгі, өзімен тұстас қазақ көркем сөзі тілінен ерекшеленіп
тұрады. Абайда ақындық индивидуалдықты көрсететін
белгілер аз емес. Мысалы, заттың немесе құбылыстың сыр-
сипатын әр жақтан айқындай түсетін жаңа эпитеттерді мо-
лынан енгізу (айталық,
асау жүрек, мұз жүрек, үрпейген
жүрек, қырық жамау жүрек
дегендердегі эпитеттерді не-
месе
сүтпен енген надандық, нұрлы сөз, нұрлы ақыл
сияқты
образдарды қараңыз), стильдік мотив пен экспрессиялық бо-
яуы қалың сөздерді шоғырлап келтіру, кейбір грамматикалық
тұлға-тәсілдерге образдық жүк арту, бұрын қазақ поэзиясы
қолданбаған фразеологизмдердің жаңа типтерін енгізу т.т.
туындының Абай қаламынан шыққандығын танытады.
Абай қазақ өлеңінің сөздік құрамының түрін өзгертті,
бұрын поэзияда көп қолданылмайтын сөздер тобын енгізді,
поэтикалық лексиканы жеке өлеңнің жанры мен стиліне
сәйкестендірді. Осы арқылы өлең тіліне қатысқан сөздердің
бір-біріне «иек артуы», стильдік жүк арқалауы, экспрессоид-
ке айналуы күшейді. Абай өлең тілінің айқын, дәл, жинақы
(аз сөзді) болу принципін енгізді. Ол үшін қазақ қауымына
бейтаныс, айналадағы шындыққа жанаспайтын образдардан
сақ болу тәсілін берік ұстады. Поэзия тілін жинақы етіп беру-
де ақын өлең жасау техникасын да пайдаланды, өлеңнің жеке
тармақтары мен шумақтарының сыйымдылығын арттырды.
Ең үлкен өзгеріс-жаңалықты Абай қазақ поэзиясы тілінің
фразеология саласына енгізді. Атап айтқанда, сандаған жаңа
фразалар ұсынды, образды тіркес жасаудың жаңа жолдарын
көрсетті, бұл орайда перифрастиканы системаға айналдырды.
Реформа іспеттес өзгеріс-сонылықтарды Абай тілдің син-
таксис саласында жасады. Бұл тұжырымды оның поэзиясы-
на да, прозасына да қатысты айтуға болады. Абай ұсынған
синтаксистік амалдар осы күнгі нормалардың негізі болып
танылады. Ақын айтпақ идеясына ырғағы мен өлшемі сай
түсетін өлеңнің соны түрлерін іздеп табады, ұсынады. Ал бұлар
өлеңнің синтаксистік құрылымының өзгеше болып келуін та-
114
Достарыңызбен бөлісу: