523
келген
таң желі сыбырласып
»
деген сияқты өлең жолдарында
күн, ай, жұлдыз, желдерді адамша ұялттырып, мас қылдырып,
сыбырлатып қоюына жол берген.
Шәкәрімнен,
Абай сияқты, образдар дүниесін теңеу,
шендестіру арқылы беруде де жасалу моделі бұрынғы
болғанымен, күтпеген соны қолданыстарды табамыз. Мысалы,
ІІІәкәрімде
өлең
–
әскер
(«Әскерім – өлеңім мен сөздерім»),
ән
–
өлшеуіш
(таразы),
өлең
–
күміс
(ол күміске мыс қосып,
оны артық алу не кем салу жарамайды),
қағазым
–
жолда
-
сым, қаламым
–
сырласым, сөз сөйлеу
–
ер қосу
(«Ер қосқанға
ұқсайды сөз сөйлемек») тәрізді мысалдар ақынның образдар
дүниесіне тың үлгілер енгізіп тұр.
Абайдың шығармашылық
контексінен орын алған құбы-
лыстың және бірі – мағынасында жағымсыз реңк бар сөздерді,
әсіресе етістіктерді эксперссоид етіп жиі қолдануы көзге түссе,
бұл амалы Шәкәрім де жалғастырады. Мысалы, ұстазы бо-
лыс пен пысықтардың, керім-кербездердің, бойы былғаң, сөзі
жылмаңдардың, білімсіз надандардың портретін беруде
дал
-
пылдап, жалпылдап, барқылдап, тарқылдап
сияқты
сөздерді
қолданса, шәкірті де қалжыңшыл, қылжақбастарға арнаған
өлеңінде
ыржақта, жыртақта, бұлтылда, жылпылда, ар
-
сылда, жырқылда, тырқылда
сөздерін
бір өлеңде шоғырлап
келтіріп, олардың жағымсыз экспрессиясынан образ жасаған.
«Сәнқойлар» деген өлеңінде де олардың
шедірейіп, шекиіп,
қасын керіп кекиіп...
жүрсе, тұрса
бұлықсып
мұнысы тапқан
қылықсып
суреттелуі тегін емес.
Мұндағы жағымсыз бояу-
лы етістіктер қылжақбастар мен сәнқойларды сөзбен Абайша
«сілейтіп салған».
Образдың эстетикалық өрісін кеңейтуге келгенде, Абай
тосын эпитеттерді колдануды жүйелі тәсілге айналдырса,
Шәкәрім мұны да іліп әкетеді. Жоғарыда аталған
ноқтасыз ой,
бояулы дін, улы жүрек, долы тіл
дегендері сияқты,
жүрек, тіл,
көңіл, ой
сөздерінің эпитеттерін сан құбылтып отырады. Мы-
салы,
толқынды көңіл, өлген көңіл, жаралы жүрек, от жүрек,
аптыққан жүрек (басылса), жарық жүрек, таза жүрек, ақ
жүрек, жылы жүрек
т.т.
Абай шығармашылығының негізгі объектісі – адам, оңың
ішкі жан дүниесі. Сондықтан ол
Достарыңызбен бөлісу: