Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет239/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Гауһардай көзі, 
Бұлбұлдай сөзі
Жаннан асқан бір пері. 
Жүзі бар айдай, 
Мінезі майдай,
Өзгеден артық сол жері. 
Дариядай ақыл мол еді, 
Жан ғашығым сол еді.
Бұлардан басқа тағы бір өлеңін («Шын сырым») 8 тармақты 
құрылыммен береді, бірақ мұның ұйқас суреті мен өлшем 
сандары Абай ұсынған сегізаяқтан мүлде бөлек. Бұл өлеңде 


526
сегіз тармақтың барлығы да 6 буынды өлшеммен келген, 
ал ұйқасы 
абвбгдеб 
тәртібімен қиыстырылған, яғни мұнда 
2, 4, 8-тармақтар ғана ұйқасады, ал классикалық (абайлық) 
сегізаяқта ұйқас суреті 
аабввбгг 
болып келетінін ескерсек, 
Шәкәрімнің «Шын сырым» өлеңіндегі сегізаяғы мүлде жаңа 
ырғақ, жаңа құрылым екені көрінеді. 
Шәкәрімнің «Қалжыңшыл қылжақбас», «Таң» журналына» 
деген өлендері тармақ саны жағынан «алтыаяқтар» болғанмен, 
Абайдың алты тармақты «Буынсыз тілін» деп басталатын 
өлеңінен ырғағы, өлшемі, ұйқасы жағынан мүлде басқаша 
құрылған: Абайдың алтыаяғы 
ааб вв б, 
яғни сегізаяқтағыдай 
параллель құрылымды 
(аа вв) 
болып келсе, Шәкәрімнің 
аталған өлеңінің ұйқас суреті 
ааа бб в, 
ал өлшемі тіпті қызық: 
алғашқы үш тармақ 8 буынды, келесі екі тармақ 3 буынды, 
соңғы тармақ 2 буынды 
«әйда» 
деген редиф (әрбір шумақ сай-
ын қайталап келетін бір сөз). «Таң» журналына жаңа әнмен 
байғазы» деген өлеңінің кейбір шумақтары да – сегіз тармақты 
құрылым, мұның ұйқасы суреті кәдімгі сегізаяқтағыдай, бірақ 
өлшемі басқаша. Абайдың «Сегізаяғының» өлшеміне келсек, 
параллельдер болып келетін 1, 2 және 4, 5-тармақтар 5 буынды, 
3, 6, 7, 8-тармақтар 8 буынды, ал Шәкәрімде бұлар тіпті келте: 
1, 2, 4, 5-тармақтар 3 буынды, 3,5-тармақтар 5 буынды, соңғы 
екі тармақ 7, 8 буынды (ақын шығармаларының 1988 жылғы 
басылымында «Жазушы» баспасы) бұл өлең тексі шумақтарға 
дұрыс ажыратылмаған:
Толға, шырқа байқап, жас жүрек, 
Әншілерден сол тілек, – 
деген екі жол бес жол етіп жазылған. Ал жалпы Шәкәрімнің 
кейбір өлеңдерінде құрылымдық тәртіп қатаң сақталмайды, 
яғни бірқатар шумақтары сегіз аяқты (тармақты) болса, сол 
өлеңнің келесі шумақтары әртүрлі тармақты болып келеді. 
Мысалы, мына шумақты ұйқас суретіне қарап 10 тармақты де-
уге болады:
Әні – тән 
– 
а
Сөзі – жан 
– 
а
Жарасымды болса 
– 
б
Тыңдар оны дос 
– 
в


527
Жыршылар 
– 
г
Ән салар 
– 
г
Толғанып ойдан 
– 
д
Мұңлы зар 
– 
е
Қозғалар 
– 
е
Байқалып бойдан 
– 
д
Бұл – «Таң» журналына жаңа әнмен байғазы» деген 
өлеңінен алынған мысал. Осы өлеңнің келесі мына шумағы 
алты тармақты деуге болады:
Жаңа әнім 
– 
а
Байғазым 
– 
а
Құттықтап
 
журнал – 
б
Кәрі жан 
– 
в
Салып ән 
– 
в
Жыбырлап козғал – 
б
Шәкәрімде 12 тармақты өлең де бар, ол – «Достыңыз зор» 
деп басталатын өлеңі. Шәкәрім Абайда жоқ құрылым – 5 
тармақты өлеңдерді де ұсынады. Олар «Бұл ән бұрынғы әннен 
өзгерек», «Жаралыс басы – қозғалыс» сияқты туындылары.
Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген өлеңін 
біз Абайдың «Сегізаяғы» сияқты қазақ өлеңі техникасына 
тыңнан қосылған жаңалық дер едік. Оның жаңалығы – кейбір 
шумақтарының тіпті Абайда жоқ «бесаяқ» (бес тармақты) 
болып құрылуында ғана емес, ең алдымен, өлеңнің жаңа 
интонациясында және Абайдан бұрынғы қазақ өлеңінде 
кездеспейтін, Абай үлгісін салған тасымал (өлең тасымалы) 
дегеннің орын алуында, сөйлем түзілісінің проза синтаксисіне 
жақын келуінде, сондай-ақ стильдік мақсатта инверсияның 
(сөздерді орнын алмастырып жұмсаудың) қолданылуында. Бұл 
көрсетілген белгілердің барлығы да – күшті жетілген жазба по-
эзияны сипаттайтын құбылыстар. Мысалы:
Бұл ән
Бұрынғы әннен өзгерек.
Бұған
Ұйқасты өлең, сөз керек
Өзіне орайлы
Бұл шумақ тұтасымен тасымалмен келген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет