Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет236/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

 
стихосло-
жение.
 - 
Алма-Ата, 1964. - С.189). Бірақ ақындық даралықтың 
тілдегі сипатын көрсететін белгілер жүйелі түрде ашық айқын 
көрінуі жағынан келгенде, Абай өзгелерден айрықша тұрады.
Бұл белгілердің бірі – поэзия тілінде соны сөз образдардың 
молынан орын алуы. Бұл жердегі образ деп отырғанымызды 
«кейіпкер образы» дегенмен шатастырмау керек. Көркем 
шығармада айтылмақ ойдың теңеу, эпитет, метафора, метони-
мия, әсірелеу, шендестіру, ұластыру (градация), қатарластыру 
(параллелизм) т.б. сияқты көріктеу құралдары арқылы көрінуі, 
көмкерілуі «поэтикалық образ» (бейне) деп аталады. Осы 
образдардың жасалу жағынан да, беретін мағынасы мен 
оқырман түйсігінде тудыратын ассоциациясы жағынан да, 
сезімге тиетін эмоциялық әсері жағынан да мүлде тың, қазақ 
құлағы бұрын көп естімеген түрлерін Абай еркін және мо-
лынан ұсынды. Мысалы, Абай: 
Жүрегім менің қырық жамау 
Қиянатшыл дүниеден
дегенінде «әділетсіздікті көп көрген» де-
ген образды (идеяны) 
қырық жамау жүрек 
деп білдірсе неме-
се «арылмас үлкен уайым-қайғы» деген идеяны 
саңырау қайғы 
деп бейнелесе, бұлар – тың образдар. Бұл сияқты авторлық об-
раздарды жасауда ақын сөз мағынасын ауыстыру, яғни мета-
форалау, жеке сөздерді экспрессоидке айналдыру (экспрессо-
ид – белгілі бір әсер туғызатын стильдік жүгі бар сөз), сөздің 
эстетикалық өрісін кеңейту сияқты амалдарды қолданады. 
Міне, осы амал-тәсілдердің жалғасын Шәкәрім творчес-
твосынан табамыз. Айталық, соны образдар жасауда Абай 
жандандырған тәсілдің бірі – мағынасы жағынан бір-біріне 
жанаспайтын сөздерді тіркестіру болса, осы амал Шәкәрімде 
молынан жұмсалған. Мысалы, оның «
Улы жүрек, долы тіл 
сөйлеп отыр, Ыза қысып, 
тісімді байлаулымын
» дегенінде 
улы 
жүрек, долы тіл, тіс байлау 
деген тіркестер мағыналары жуыс-
пайтын сөздерден жасалған: улы болатын дәрі, ішімдік сияқты 
нақты заттар, ал 
жүрек
сөзіне тіркескенде, 
улы 
компоненті 
мағынасын ауыстырып, «әділетсіздік көрген, ызаға толған 
(көңіл, адам)» деген ұғымға ие болып тұр, 
долы тіл 
де – сон-
дай: долы болатын нақты адам болса керек (
долы қатын 
деген 


522
сияқты), ал адамның өзі емес, тілін долы деп бейнелегенде, 
тағы да жанаспайтын сөздердің түйісуінен жаңа ұшқын – тың 
экспрессия пайда болып тұр.
Тағы бір өлеңінде Шәкәрім: «Қайсыбірі қайғы айтып, 
Үміттің үйін 
құлатты» дейді. Үй – нақты зат атауы, үміт – 
дерексіз есім. Деректі, дерексіз есім атаулары тіркеспеуге 
тиісті, ақын осы «заңсыз тіркес» арқылы жаңа ассоциация 
туғызып тұр, оның үстіне осы «үйді» құлатып, бұл тың об-
разды одан сайын күшейткен. Бұрынғы «үмітімді үзді» деген 
образды 
үміттің үйін құлатты 
деп жаңаша ұсынуы – Абай 
үлгісі.
«Еріксіз маған 
ел жапты Болыстықтың тоқымын
» 
дегенінде де «өз ықтиярымсыз ел мені болыс етіп сайлады» 
деген идеяны 
ел маған болыстықтың тоқымын еріксіз жап
-
ты 
деп, әсерлі, әсем образ ұсынған. Тоқым атқа жабылады, 
адамға жабылмайды, бұл – бір мағыналық кереғарлық болса, 
болыстықтың тоқымы
дегенде, 
тоқым 
сөзі мағына ауысты-
рып, «әкімшілік» деген ұғымдағы метафораға айналып тұр. Бұл 
мысалдардың моделі – үлгісі Абайдың 
күлкінің ерні, үміттің 
аты, көңілдің жайлауы, ақылдың көзі 
немесе 
үрпейген жүрек, 
нұрлы ақыл 
деген сияқты қолданыстарында жатыр.
Осы қатарда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет