жалғастыру дәрежесі
мен жаңа дәстүрді енгізу сипатына байланыстыра іздеу ке-
рек. Абай поэзиясының
тақырыбы мен түрлерінің кеңеюі
жаңа образдарды талап етті. Ал тың образдар өлең тіліне жаңа
тіркестер әкелді, жеке сөздердің стильдік жүгін арттырды,
олардың эмоциялық-экспрессивтік бояуы кәдеге асырылды,
515
кейбір сөздер өлеңде өзгеше, үстеме мағынаға ие болып, енді
біреулері мағыналары сараланып, әр алуан поэтикалық қызмет
атқаруға көшті. Өлеңнің идеялық-көркемдік сырын ашуға
грамматикалық тұлға-тәсілдер де қатыстырылды. Осылардың
баршасы – Абайдың поэзия тіліне әкелген жаңалығы, қосқан
үлесі, өзгерісі болды.
Реформа іспеттес өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілдің син-
таксис саласында жасады. Бұл тұжырымды поэзиясына да, про-
засына да қатысты айтуға болады. Прозасының синтаксисінде
құрмалас сөйлемдерді, төл сөзді конструкцияны құрауда және
мүшелері мен сөйлем компоненттерін орналастыруда Абай
осы күнгі қолданысымызға көптеген норма ұсынды. Ал өлең
синтаксисінде Абай төңкеріс жасады деуге болады. Ол жеке
ситуацияға (мазмұнға) ырғағы, өлшемі тән өлеңнің соны
түрлерін іздеп, табады. Демек, жаңа ырғақ, жаңа өлшемдер
енгізеді. Ал бұлар өлеңнің синтаксистік құрылысының өзгеше
болып келуін талап етеді. Мысалы, Абайдың аралас буынды,
әрқилы тармақты «Қатыны мен Масақбай», «Тайға міндік»,
«Кешегі Оспан», «Ем таба алмай», «Сен мені не етесің?»,
«Қызарып, сұрланып»
тәрізді өлеңдерінің синтаксистік түзілісі
– қазақ поэзиясында бұрын болмаған,
мүлде тың
құбылыс. «Сөзі
түзеліп», оқырманын «сен де түзел» деп шақырған ақын ойшыл
лирикалық жаңа кейіпкердің, яғни өзінің моральдық-этикалық
азаматтық талап-талғамын, күйініш-мұңын білдіретін «Сегіз
аяқ», «Бай сейілді» сияқты өлеңдерінің өлшемі мен ырғағының
сонылығына орай олардың синтаксистік құрылымы да жаңа,
өзгеше болып ұсынылған.
Абай өлеңді композициялық бөліктерге ажыратуды енгізді,
өлең құрылысына инверсия (сөздердің
орын алмастырып
қолданылуы) мен оның жаңа түрлерін кіргізді. Қысқасы, Абай
өлең синтаксисін оның тақырыбы, идеясы және стилімен
үндестірді, сондықтан бұрын болмаған тың құрылымдарды
ұсынды. Бұлар да қазіргі қазақ поэзиясына келіп жалғасты.
Қазақтың ұлттық әдеби тілінің жаңа кезеңін бастауда Абай
жалғыз болған жоқ: бұл істе Қазақстанның екінші қиырында
мәдени-рухани дүниенің
екінші саласы – оқу-ағартуда Ыбырай
Алтынсарин қызмет етіп, тілге келгенде Абаймен үндес бол-
516
ды, қазақтың тұңғыш баспасөзі де тіл жөнінде демократиялық
бағыт ұстады, жас қазақ интеллигенциясы да жазба әдеби
тілдің жалпыхалықтық сөйлеу тәжірибесіне негізделуін
қостады. Бірақ Абай заманында қазақ тілі тағдырына әлеу-
меттік күштердің саналы түрде араласуы болған жоқ, яғни
әдеби нормаларын көрсетіп, оны тұрақтандыруға күш салған
белгілі бір оқу орындары мен ғылыми орындар болмады,
тілдің дұрыс қолданысын тәртіптеп отыратын грамматикалық
құралдар мен нормативтік сөздіктер және болған жоқ. Әдеби
үлгілердегі сөздердің дұрыс-бұрыс қолданысы мен байлығына
назар аударып, пікірлерін әлеумет сарапына салып отыратын
қайраткерлер бұл кезде болмады. Бұл жағдаяттар, сөз жоқ,
жаңа кезеңдегі қазақ тілінің даму процесін, оған қатысушы
Абай, Ыбырай тәрізді қалам қайраткерлерінің қызметін ауыр-
латпаса, жеңілдетпеді.
Өзінен кейінгі буынның өкілі – баласы Әбдірахманды «жаңа
жылдың басшысы ол» деп, өзін «мен ескінің арты едім» деген
Абай жаңа жылдың – жаңа кезеңнің, әсіресе қазақ әдеби тілінің
жаңа дәуірінің басшысы өзге емес, өзі болғанын аңғармай да
қалған болар. Оны кейінгі ұрпақ жақсы аңғарып, баға
берсек,
ол – тек шындықты тану, ғылымның дұрыс сөзін айту ғана емес,
Абайдай алыпқа деген алғысымыз да болмақ, өйткені Абай
бағытын нұсқап, нормасын ұсынған қазақтың жазба әдеби тілі
әрі қарай ұласып, біздің дәуірімізде жақсы дамыған, сан сала-
лы ұлттық мемлекеттік жазба әдеби тілге айналып отыр.
«Егемен Қазақстан». - 1995, 19 мамыр
517
Достарыңызбен бөлісу: |