501
пы, поэтикалық образдар жасауда бұрынғы дәстүрдің кейбір
модельдерін пайдалана отырып, ол образдардың беретін әсерін
күшейте түсті.
Абай поэтикалық экспрессияның құралы ретінде фразео-
логизмдерді, оның ішінде өз қаламынан туған жаңаларын
жұмсауды күшейтті. Ақын жас адамның (Әбдірахманның)
өнер-білімге ұмтылғанын құр
талаптанды, ұмтылды
деп
білдірсе, бұл
сөздердің поэтикалық бояуы
талаптың мініп
тұлпарын
дегенмен мүлде шендесе алмас еді. Алғашқы ва-
риантта тек баяндау бар, образ жоқ, екіншіде поэтикалық об-
раз бар. Сол сияқты
қуатты, қажырлы, күшті
деген сөздер
мен
қуаты оттай бұрқырау
деген фразаның экспрессивтік
колориті (күші, бояуы) бірдей емес.
Поэтикалық жүк арқалауда кез келген тіркес образ жасау
міндетін көтере бермейді. Мысалы,
өмір сүру, өмір кешу
де-
гендер де – қалыпты тіркестер, бірақ осылар Абайдың
өмір
тонын кию, өмірдің өріне шығу
деген тіркестерінің эмоциялық
әсеріне, образдылығына теңесе алмайды. Сондықтан Абай
фразеологизмдердің образдылығын дамытқанда, бұрынғы
дайындарын өлең тіліне енгізе салу емес,
жаңаларын жасау,
бұрынғыларының мағынасын құбылту сияқты қызмет істеді.
Қазақ әдеби тілі образды фразеологияға бұрыннан да өте
бай болатын. Ғасырлар бойы белгілі бір образды ұғымда
қалыптасып, поэтизмге айналған тұрақты тіркестер қазақ
ақын-жырауларының бірден-бір мықты құралы болып келеді.
Мұны Абай да берік ұстайды.
Аузымен орақ ору, құлын-
тайдай айқасу, алты бақан ала ауыз болу, малына шылбыр
беру, басқа шауып, төске өрлеу, қарағайды талға жалғау, су
төккісіз жорға
тәрізді өте образды
фразеологизмдерді Абай
да еркін пайдаланады. Мұндай дағдылы тіркестерді өзге
сөздермен және қосақтап, олардың экспрессивтік бояуын тіпті
қалыңдатып жібереді. Мысалы, іспен емес, құрғақ сөзбен
көрінетін мылжың, берекесіздің образын беруде
аузымен орақ
орған
деген фразаның өзі өте әсерлі, күшті, осыны Абай
ау
-
зымен орақ орған өңкей қыртың
деп үстемелеп экспрессивтік
өңін одан әрі аша түседі. Әрине, Абай мұндай күллі фраза-
ны
өзгертіп, сөз қосып, сөз алып күшейте бермейді, басым
көпшілігін өзгертпей, өз мағынасында қолданады.
502
Жаңа перифрастық тіркестер жасап, оларды тың образдарға
пайдалануды Абай жүйеге айналдырды.
Тың образды тір-
кестер
ұсыну – Абай поэтикасының аса көрнекті,
ерекше
тұсы. Әсіресе, семантикасы жағынан бір-бірімен жанаспайтын
сөздерді тіркестіріп, оларды поэтизмге айналдыруда Абай қазақ
көркем тіліне үлкен жол ашты. Мысалы,
Күйлі, күйсіз бәйгеге
Қажыды көңілім көп шауып
деген жолдарда
көңілдің бәйгеге
шабуы
дегеннің өзі – мүлде тың образ, оны тың етіп тұрған
–
көңіл
деген дерексіз ұғымның
бәйгеге шабу
деген нақты қимыл
атауымен тіркесуі, ал сол
көңілдің
бәйгеге бірде
күйлі,
бірде
күйсіз түсуі
– тағы да образды метафора.
Жаңа образ жасайтын немесе айтпақ идеяны күшейтетін
тіркестер құрастыру үшін бір сөзді қазық етіп алу тәсілін Абай
ұсынды. Бұл – Абайға дейінгі бірде-бір ақын-жырау тілінде
ұшыраспаған құбылыс. Мысалы, Абай
сату
етістігін қазық
етіп, бұрыннан бар
сақалын сату, арын сату
дегендердің үстіне
қулық сату, еңбек сату, күлкі сату, құлағын сату, жүзін сату,
өз басын сату, жүрегін ұстап сату, сөз сату
деген жаңаларын
қосады. Бұлардың көпшілігі – әсерлі, әсіресе, жағымсыз образ
жасайтын тіркестер.
Сол сияқты
күйлеу
(м
ақтан күйлеу, әуейілік күйлеу, күлкі
күйлеу, ойнас күйлеу
)
сауу
(
қулық сауу, адам сауу, еңбек сауу
),
бағу
(
күлкі бағу, ғылым бағу, ел бағу
), табу (
ақыл табу
– «ақылды
болу» деген, жаңа мағынада,
өнер табу, ғылым табу)
сөздерін
қазық етіп жасаған жаңа фразеологизмдер
тек сонылығымен
ғана емес, тың образдылығымен құнды. Абай мұндай жаңа
тіркестердің семантикалық ұйытқысы етіп есім сөздерді де
алады. Мысалы, жеке алғанда сирек кездесетін
мақтан
сөзін
56 рет қолданып
мақтанға салыну, мақтанға орналастыру,
мақтан күйлеу, мақтан іздеу, мақтан қуу
сияқты тіркестердің
мағыналық тірегі етіп алады.
Абай поэтикасында елеулі орын алатын құбылыстың бірі –
динамизм көрінісі, яғни белгілі бір стильдік мақсатпен образды
етістіктерді жеке де, шоғырлап та жиі қолдану. Бұл динамизм
көбінесе көсемшенің
-
Достарыңызбен бөлісу: