бұтып-шату;
құр мақтану емес,
есіру;
жай шығынды
болу емес,
шығынға белшесінен бату;
жай құмар емес,
Құдай
қалжыратып құмар қылу
т.б. Бұл сөздердің әрбіреуі осындай
экспрессияға ие болса, олар бір жерге, бір өлеңге шоғырланып
берілгенде, әсері мен бояуы одан сайын күшейіп, өлеңді
«жұмыр, тұтас» дүниеге айналдырады.
Текст түзудің тағы бір жақсы үлгісіне «Сегіз аяқ» өлеңін
келтіруге болады. Бұл өлең – Абайдың ақындық, азаматтық ар-
ұжданының толғанысы, дүниеге, болмысқа деген көзқарасы,
философиясы, сондықтан ақын мұнда абстракт ұғымдарды сөз
етеді, ол үшін сол ұғымдардың атауын таңдайды. Бұл өлеңде
қызыл тіл
(бұл атау «толғаныс, философия, поэзия, сөз» деген
ұғымдарды білдіреді),
ой, әдет, қайрат, сөз
(«толғаныс, өлең,
пікір»),
мінез, насихат, өсек, нысап, ұят, дәулет, нәсіп, еңбек,
ар, өтірік, ұрлық, зорлық, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,
қулық, сұмдық, қорлық, мақсұт, абұйыр, талап, ғылым, дерт,
жалғыздық
деген сияқты 40-қа жуық абстракт ұғым атаула-
рын қолданады. Бұлардың шоғырланып келуінде стильдік мән
бар: осы сөздерді талғап, тандап келтірудің арқасында өлеңге
философиялық сипат беріліп тұр.
499
Сол сияқты өз замандастары – болыс пен пысықтардың,
«әсемсіп, сәнсіген кербез, керімдерді», «бойы бұлғаң, сөзі
жылмаңдарды» – осылардың баршасының образын дәл, әсерлі
етіп беретін эмоциялық әсері күшті поэтикалық құралдарды
іздеп, ол үшін экспрессивтік бояуы қалың, яғни семантикасын-
да жағымсыз реңкі бар етістік сөздерді шоғырымен келтіреді.
Бір ғана «Болыс болдым, мінекей» деген өлеңінде болыс, ша-
барман, пысықтардың портретін жасауда ақын
далпылдап,
жалпылдап, барқылдап, бартылдап, тарқылдап, қарқылдап,
шартылдап, лепілдеп, күпілдеп
деген сияқты образды сөздерді
топтап келтіреді. Бұл өлеңнің тексін құрайтын өзге сөздер де
модальдық реңкі жағынан осылармен «үндес» келеді: мұнда
бейтарап мағыналы
бер
у етістігі емес,
тығындау
сөзі бейнелі
немесе
мықтап ұстау, қатты ұстау
деген сөздер әлдеқайда
әлсіз, бояусыз, бейтарап іс-әрекет атаулары болар еді, сондықтан
бұлардың орнына
мығымдап ұстау
сөзі қатысқан, «сияз бар»
десе, болыстың жүрегі жай
лүпілдемейді, суылдайды
т.т.
Об-
раз жасауға қатысқан бұл етістіктердің баршасы өткен шақ
көсемше тұлғасында
(барқылдап, қарқылдап...)
қолданылған.
Тегі, бұл тұлғаны белгілі бір стильдік жүкті көтеретін құрал
есебінде жұмсау қазақ поэзиясында, оның ішінде Абайда
әбден қалыптасқан амал деп санау керек. Абай өлеңнің «іші –
алтын, сырты – күміс» болуын қалағанда, құлаққа әсерлі боп
естілетін әсіреқызыл сөздерден аулақ болу принципін ұстайды.
Сондықтан ол дәстүрлі эпитеттерді қолданудан гөрі соныла-
рын іздейді. Мысалы, Абайда бұрынғы әдеби мұраларда жиі
қолданылған ару («сұлу» және «таза, пәк» мағынасындағы),
берен
(«берік»),
байтақ
(«хандық», «ел, жұрт»),
ауыр
(«көп,
күшті») сияқты эпитеттерді мүлде қолданбаған. Қанша әдемі
болса да, дағдылы образдар (
ару қыз, берен қылыш, ауыр қол,
ауыр жұрт, байтақ-жұрт
т.б.) кез келген идеяға сай келе
бермей, құр әсем жылтырақ фраза болып шығуы мүмкін.
Мұны Абайдың өзі де бірнеше рет ескертіп өтеді: бірде
«сөзімнен әсіреқызыл емес деп жиренбеңіз» десе, енді бірде
«өлең деген – әр сөздің орайлы жарасымы» дейді. Қысқасы,
өз өлеңі тілінің бұрынғыдан өзгеше, жаңа екенін ескертеді.
Ол жаңалық – поэтикалық элементтердің кәнігі түрлерін
500
қолдана бермейтіндігі. Сол сияқты халықтық символдар-
ды немесе байырғы қазақ поэзиясы тіліндегі дәстүрлі сөз-
образдарды да Абай кемде-кем алады. Мысалы, еркіндіктің об-
разы –
Достарыңызбен бөлісу: |