Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет225/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

-мақ, -ар, -ар + лық
жұрнақты тұлғаларды) 
өзінің шеберлік талғамына қарай ұнатып жұмсағанға ұқсайды 
(яғни бұл мәселе Абайдың грамматикалық тұлға-тәсілдерді 
таңдаудағы индивидуалдық шеберлік ерекшелігіне де барып 
тіреледі).
Абайдың прозалық шығармаларындағы морфологиялық 
ерекшеліктерді құрайтын үшінші топ –
 
ондағы өзге тілдік 


493
тұлға-тәсілдер. Бұларға -
мыш, -дүр
форманттары, III жақтағы 
етістікке 
-лар
көптік аффиксінің жалғануы (
бардылар
) және 
бұйрық райдың III жақтағы тұлғасының 
үшін
шылауымен 
тіркесі (
болсын үшін
) жатады. Әрине, қолданылу жиілігі 
жағынан бұлар қазақ тілі элементтерімен мүлде теңесе ал-
майды, яғнн бұлардың қай-қайсысы да аса сирек ұшырасады. 
Қазақтың өткендегі де, сол тұстағы да халықтық тіліне мүлде 
тән емес, өзге түркі тілдік бұл тұлға-тәсілдерді Абай «Қара 
сөздерінің» өн бойында қолданбай, белгілі бір «Сөздерінде» 
ғана пайдаланады: «Жоғарыда 
жазылмыш
сипаттар бірлән 
тағрифлап танымаққа керек» (II, 38-сөз, 197); «Бұл 
айтылмыш
үш хисләттің иелерінің алды – пайғамбарлар» (II, 38-сөз, 202); 
«Ғылым – Алланың бір сипаты, ол
 – 
хақиқат, оған ғашықтық 
өзі де хақлық һәм 
адамдық дүр
» (II, 38-сөз, 216); «[Әулиелер] 
бәлки хисапқа 
алмадылар
» (II, 38-сөз, 202); «Бұл жолдағылар... 
сабырменен бір қарар тұрамын дегені болып 
кетселер де ке
-
рек
» (II, 38-сөз, 224); «...Ол көз нәзіктігінен керегіне қарай 
ашып, жауып 
тұрсын үшін
қабақ беріпті. Желден, ұшқыннан 
қаға берсін
 болсын үшін
 
кірпік беріпті» (II, 27-сөз, 182).
Біздің анықтауымызша, Абайдың «Сөздері» тематикасы,
баяндау стилі және тілдік элементтерді қолдануы жағынан 
айқын екі топқа бөлініп тұрады. «Сөздердің» басым көпшілігі 
қалың оқушы жұртшылыққа арналады. Олардың тілі қазақтың 
жалпыхалықтық тілін негіз еткен жазба әдеби тілдің үлгісін 
көрсетеді. Ал «Сөздердің» шағын бір тобы (12, 13, 32, 43, әсі-
ресе38-сөздер) – белгілі бір адресаттарды көздеп, басқалары-
нан бір қыдыру ерекшеленен тұратып шығармалар. Бұлар
көбінесе діни оқуға қатысы бар, сол тұстағы түркі халық-
тарының бірқатарына ортақ әдеби тіл – кітаби тіл дегенмен 
таныс адамдарға арналады, немесе кейбірі (43-сөз) «жибли, 
кәсіби нәрселердің» сырын білмек болғандарға, яғни фило-
софия саласынан хабар барларға бағышталады. Автор бұл 
«Сөздерінде» шеттілдік элементтерді лексика саласынан да 
(араб-парсы сөздері, сөйлемдері), грамматика саласынан да 
(-
дүр, -мыш
форманттары) пайдаланады. Қысқасы, Абай 
ишан-молдалармен айтысқан бұл шығармаларын олардың 
«өз» тілдері – кітаби тілге бір табан жуықтатып жазғаны 


494
байқалады. Демек, оның белгілі бір сөздерінде ғана кездесетін 
өзге түркі тілдік морфологиялық элементтер стилистік мақсат 
көздеп, әдейі қолданылған тәсілдер болып табылады. Бұлар 
«Қара сөздердің» қалған көпшілігі сияқты, өлеңдерінің тілінде 
де ұшыраспайды.
Талдауымыздың нәтижесінде мынадай пікірге келеміз: 
жазба әдебиеттегі қазақ прозасы тілінің енді-енді қалыптаса 
бастаған кезеңінде кейбір сөздердің фонетикалық трансфор-
мация жолымен грамматикалану процесінің (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет