( ~
аяйтын) жол емес» (ІІ, 180).
Сондай-ақ Абай шығармадарының тілінде бір грамматика-
лық категория бірнеше тұлғамен беріледі. Мысалы, осы күнгі
-
у жұрнақты қимыл есімінің қызметін төрт түрлі тұлға қатар
атқарады: бірі және ең жиі қолданылатыны
–-мақ жұрнақты
тұлға, одан кейін Абай қимыл есімі қызметінде осы күнгідей -
у жұрнағын да жұмсаған (әсіресе нақтылы қимыл атауларын -
у арқылы бергені байқалады), үшіншісі –
-ар жұрнақты есімшенің
барыс септіктегі тұлғасын Абай -
у жұрнақты тұлғаның дубли-
каты ретінде пайдаланады: «Жоқ, ғылым
бағарға да ғылым
сөзін сөйлесер адам жоқ» (II, 160); «Жан қуаты деген қуат бек
көп нәрсе, бәрін мұнда
жазарға уақыт сыйғызбайды» (II, 216).
Төртіншісі – шартты рай тұлғасының
керек сөзімен келген
тіркесін де Абай осы тіркестегі -
у жұрнақты қимыл есімінің
орнына жиі жұмсайды: «Әрбір байқаған адам
білсе керек ( = жалпы білуі керек )» (II, 161); «Тәнді жанға бас
ұрғызса керек еді ( = ұрғызу керек еді), жоқ, біз олай қылмадық» (II, 165).
Сондай-ақ Абай бір қызметте
-а + тын және
-ар + лық аффиксті тұлғаларды жарыстыра жұмсайды: «Солардан
сақтарлық ( = сақтайтын) кісі таппақ» (II, 166); «Баланың
мал
табарлық болары ( = табатын болуы), мал
шашарлық бо - лары ( = шашатын болуы) – ол да екіталай» (II, 167).
Қысқасы, Абай жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен ауыз әде-
биеті тілінде қолданылатын кейбір морфологиялық тұлғалар-
дың қызмет өрісін кеңейтіп активтендірген. Олардың бірқа-
тарын (мысалы,