мақ, -ар
жұрнақты етістіктер
мысал бола алады.
-мақ
жұрнақты тұлға Абайда өте жиі
қолданылады, ол, ең алдымен, шақты, райды, жақты, жекеше-
көпшелікті көрсетпей, іс-әрекеттің жалпы ұғымын білдіретін
қимыл атауы ретінде жұмсалады, яғни осы күнгі -
у
жұрнақты
тұйық етістікпен қызметтес келеді: «
Ішпек, жемек, кимек,
күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, ман
-
сап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық
– бұл нәрселердің
бәрінің де өлшеуі бар (II, 218).
Екіншіден, Абайда бұл тұлға қазіргідей етістіктің шақтық
қатынасын білдіреді, яғни мақсатты келер шақ категориясын
жасайды. Үшіншіден, ол Абайдың әсіресе өлеңдерінде әрдай-
ым бола беретін, бір нәрсеге тән, тұрақты, үздіксіз іс-әрекетті
білдіріп, ар немесе осы күнгі -
а + ды
аффиксті тұлғалармен
қызметтес түседі:
Ақылды қара қылды қырыққа
бөлмек ( = бөлер = бөледі).
Әр нәрсеге өзіндей баға
бермек (= берер = береді)
(I, 27).
Күшті
жықпақ ( = жығар, = жығады),
бай
жеңбек ( =
жеңер = жеңеді)
әуел бастан (I, 32).
-мақ
-пен жасалған тұлға Абайда барыс септігінде келіп,
қимылдың мақсатын білдіреді, яғни супиндік мәнге ие болады
(бұл да өлеңдерінде жиі ұшырасады):
Мал жияды мақтанын
білдірмекке
Көзге шұқып, малменен күйдірмекке (I, 197).
-ар
жұрнағымен жасалған есімше тұлғасы да Абай тілінде
бірнеше қызмет атқарады: ол көбінесе белгілі бір шаққа қатысы
жоқ, әрдайым, үздіксіз болып тұратын іс-әрекеттің мағынасын
береді. Бұл әсіресе өлеңдерінде өте жиі ұшырайды:
Өлсе – өлер табиғат, адам
өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп,
ойнап-күлмес
(I, 178).
492
Екіншіден,
-ар
жұрнағы болжалды келер шақ формасын жа-
сайды: «Оның мәнісі – ісіңнің түзулігінен
жетпессің
, кісіңнің
амалшы, айлалығынан жетерсің деген сөз» (II, 160).
Үшіншіден, анықтауыш позициясында келіп, осы қызмет-
тегі -
тұғын (>тын)
жұрнақты тұлғамен әуендес болады:
«Ғылым сөзін
сөйлесер (
~
сөйлесетін)
адам жоқ (II, 157); «Мына
мен айтқан жол мал
аяр
Достарыңызбен бөлісу: |