Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет222/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

тұғын, -менен
, дағы,
 -лық
вари-
анттары жалғыз Абай прозасына ғана емес, сондай-ақ ішінара 
Ыбырай Алтынсарин новеллаларының тіліне де, қазақтың 
тұңғыш баспасөзінің бірі «Дала уалаяты газетінің» тіліне де, 
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде әртүрлі 
азаматтық тақырыптарға қазақша жазылып шыға бастаған ұсақ 
кітапшалардың тіліне де тән болғанын байқаймыз. Осы жерде 
біз қазақша проза үлгілерінің тілін ғана сөз етіп отырмыз. Ал 
өлеңмен берілген шығармалардың тіліне келетін болсақ, әңгіме 
біраз басқаша сипат алады. Өлеңнің буын саны, ұйқасы сияқты 
заңдылықтарына қарай онда біз талдап отырған тұлғалардың 
толық түрлері де, ықшам түрлері де (-
тын, -мен, 
да
) келе 
береді. Абайдың өзі өлеңдерінде бұлардың екі вариантын да 
бірдей пайдаланып, оларды бір-біріне «кезекші» элемент етіп 
қойған: буын саны асып жатса, 
-тын, -мен

да
түрлері, жет-
пей жатса, -
тұғын, -менен, 
дағы 
түрлері тіпті бір шумақтың 
ішінде де кездесе береді (бұл амал – фольклор тіліне де, қазіргі 
ақындарымызға да жат емес): 
Сонда сенің отыңды
 
басатұғын,
Осы өлең 
оқитұғын
дұғам менің
(II, III).
Жалын 
мен 
оттай жаралған
Сөзді 
ұғатын
қайсың бар?
Ақыл 
менен
білімнен
Әбден үміт үзіппін (I, 250)
Абайдың «Қара сөздерінде» пайданылған бірқатар тұлғалар 
қазіргі кездегі нормамен салыстырғанда, өзінің қызметі жағы-


491
нан өзгешелеу болып келіп, морфологиялық «ерекшеліктер-
дің» екінші тобын құрайды. Оларға -
мақ
жұрнағы арқылы 
жасалған тұлғаның, 
-ар
жұрнағы арқылы жасалған есімшенің, 
шартты рай тұлғасының 
керек
сөзімен тіркесінің қызметтері 
жатады. Бұл тұста біз мынадай екі мәселені байқаймыз: 
бірінші – қазақ әдеби тілінің қалыптаса бастаған алғашқы 
дәуірінде, оның ішінде Абай тілінде морфологиялық бір тұлға 
бірнеше қызмет атқарған. Оған -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет