Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет227/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Абай тілінің көркемдігі
Соңғы бір-екі жылдың барысында Абай мұрасын танып-білу, 
әрі қарай талдап-зерттеу әрекеттері жандана бастады. Мұның 
бір себебі – ұлы ойшыл суреткердің алдымызда келе жатқан 
150 жылдық мүшелтойына дайындыққа қатысты болса, екінші 
себебі – біздіңше, мынада сияқты. Бұл күндерде қоғамымыздың 
тіршілік-тынысы душар болып отырған таршылықтың 
(дефициттің) зоры – адамгершілік, ізгілік қасиеттердің, ұлттық 
этикалық мәдениеттің құлдырап түсіп бара жатқандығы. 
Бұларды көтеру үшін осы жолдағы барлық құралды, барша 
мүмкіндікті іздеуіміз қажет болып отыр. Мұндай құралдың бірі 
– ұлы гуманистердің, демократ-ағартушылардың еңбектері, 
пікірлері, жеке бастарының үлгілері болмақ. Сондықтан Абай-
дай алыпты қазақ жұртшылығының, әсіресе бүгінгі жаста-
рының, оқушыларының әрі қарай жақсы тани түсулері қажет-
ақ. Абайдың ақындық, жазушылық мұрасының мән-мазмұнын 
ғана біліп қоймай, оның әдеби тіліміздің тарихи көшінде 
алған орнын да біле түссек, қазақ тілінің көркемдік дүниесіне 
сіңірген еңбегі мен қосқан үлесіне де үңіліп, бағалап отыру – 
қажетіміз бен парызымыздай. Осы мақсатты көздеп ұлы сурет-
кер тілінің көркемдігіне қатысты шағын талдау ұсынып отыр-
мыз.
Көркем шығарманың әр жанрының өзіне тән стильдік 
белгілері, соған орай тілдік-көркемдік ерекшеліктері болады.
Қазақ поэзиясының тілі көркем проза, публицистика, ғылы-
ми шығармалар тілімен салыстырғанда, сөзқолданысы, грам-
матикалық тұлға-тәсілдерді көркемдеуіш құралға айналды-
руы, яғни поэтикасы жағынан едәуір өзгеше болып келеді. 
Ең алдымен, қазақ поэзиясы тілінің көпғасырлық дәстүрі 
бар, нормалары біршама қалыптасқан құбылыс екенін айту 
керек. Сонымен қатар әр кезеңде ірі-ірі ақындардың қаламы 
арқылы өлең сөз тіліне жетілу, түрлену тұрғысынан өзгеріс, 
жаңалықтар қосылып отырады. Абай өзіне дейінгі және 
өзімен тұстас қазақтың өлең сөзіне қатаң талап қойып, кей 
сәттерін сынай отырып, қазақ поэтикасының жасалу және 
даму заңдылықтары мен шарттарына мойынсұнбай кетпеді, 


496
өйткені, бұл – көркем сөз дамуының объективті заңдарының 
бірі. Абай буын саны жағынан өлеңнің өзіне дейін болмаған 
жаңа түрін жасағанымен, олардың барлығы да силлабикалық 
құрылыс заңдылығына бағынады, өйткені қазақ өлеңінің жа-
салу табиғаты силлабикалық буын өлшеміне құрылған. Абай 
өлеңнің тармақ саны мен ұйқасуына қарай небір алуан жаңа 
түрлерін ұсынғанымен, сайып келгенде, олар өлеңді ұйқасқа 
құру шартына бағынады, өйткені соңғы дәуірлердегі қазақ 
өлеңінің негізгі белгісі – аллитерация емес, ұйқас. Абай қазақ 
өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің, метафораның жаңа 
түрлерін ұсынды, ал олардың қолданылу принциптері мен 
жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ өлеңіне де тән бола-
тын. Бұл шарттан да Абайдың аттап өтуі мүмкін емес. Бірақ 
осылардың барлығын жетілдіру, түрлендіру, жаңа сапалық 
белгілер қосу тұрғысынан поэзия тілін дамытуда Абайдың 
еңбегі орасан зор болды.
Абай Пушкин сияқты, өлеңнің іші поэтикалық ойға толы 
болуына күш салады. Ойға құрылған өлең сол ойды дәл, әсерлі 
етіп беретін амал-тәсілдерді іздеттіреді. Сондықтан да Абай-
да өлеңнің мазмұнын, ақынның айтпақ идеясын білдіретін 
элементтердің айқындала түсуі басым.
Ең алдымен, Абай қазақ поэзиясы тілінің сөздік құрамына 
өзгеріс енгізді. Өзіне дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қол-
данылмайтын тұрмыс-салттық лексиканы, қарапайым сөз-
дерді, терминдік мәнге ие болған ескі, жаңа атауларды өлең 
тіліне қосып, оларды поэтиканың құралына айналдырды. Абай 
шығармашылығы тақырыбының бірі және бастысы – адам, 
оның моральдық бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі, 
іс-әрекеті және бұл тақырыптарды Абай бұрынғыдай жал-
пы түрде, өсиет-ақыл айту түрінде емес, нақтылы түрде, әр 
қимыл-әрекетті, әр мінез-құлықты дәл көрсету түрінде жыр-
лайды. Сондықтан адамның белгілі бір сәттегі психологиялық 
күй-қалпын дәл беру үшін бұрыннан тілде қолданылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет