518
Ал Шәкәрімнің көркемдік өрнегін, яғни поэтикалық тілін
Абайдың сөз кестесімен ұштастырмай әңгімелеу мүмкін емес,
өйткені Шәкәрім – Абайдың
поэтикалық мектебінің өкілі,
жалғастырушысы, кеңейтушісі. Демек, Шәкәрім тілін сөз
етпес бұрын Абайдың тілдік поэтикасын танып-білу керек-
тігін сеземіз. Ұлы ақынның поэтикалық өресін жүйелі түрде,
лингвостилистикалық тұрғыда
арнайы зерттеген моногра-
фиялық еңбектер әлі жоқ. Сол себептен соңғы жылдары
Абайдың тілдік-көркемдік әлемін танудағы ізденістеріміз
(баспаға дайындап жатқан зерттеу жұмысымыз) белгілі бір ша-
мада Шәкәрім тілін де сөз етуге мүмкіндік берді. Әрине, бұл
шағын мақалада Шәкәрімдей зор суреткердің тілін тұтастай
алып, жан-жақты талдауға бару мүмкін емес. Бұл қиындық
тіпті мақала көлеміне де қатысты болмас. Әрі ақын, әрі про-
заик жазушы, әрі публицист, әрі ғалым – Шәкәрім мұрасының
стильдік-жанрлық сипатының кеңдігінде, тілдік-көркемдік
ізденістерінің саналы түрде жүргізілгендігінде, қаламына тән
ерекшеліктердің молдығы мен әр алуандығында. Осылардың
барлығын игеріп, мол материал
жинаудың өзіне уақыт та ке-
рек, көп іздену де қажет (ол – біз болмасақ, өзгелердің алдында
тұрған болашақтағы игі істердің бірі болмақ).
Біз бұл мақалада Абай мен Шәкәрім поэзиясының көркем
тіліндегі іліктестіктің бірнеше сәтін талдамақпыз.
Шәкәрім де, ұлы ұстазы сияқты, ең алдымен қазақтың
күшті дамыған байырғы поэтикалық мектебінен, поэтикалық
тілінен нәр алған, сол тілдің бай мұрасын: образдар дүниесін,
образдарды беретін сөздер мен фразеологизмдерді орынды әрі
молынан пайдаланған. Ұстазы Абай:
Шортанбай, Бұхар менен Дулат жырау,
Сөздері
бары –
жамау,
көбі –
құрау,
113
–
деп сынаса, шәкірті – Шәкәрім:
Сыпыра жырау, Шортанбай,
Үмбетей мен Марабай
Алды-артына қарамай,
113
Өлеңнің бұл тармағы кейбір басылымдарда «бәрі – жамау, бәрі – құрау» болып,
енді бірқатарында «бірі – жамау, бірі – құрау» деп жазылып жүр. Ал 1905 жылғы
қозжазбада: «Өлеңі бары – жамау, көбі – құрау» деп жазылған. Біз осы варианты дұрыс
болар дейміз.
519
Соққанда жырды суылдап –
Жел
жетпейтін құландар, –
деп, оларды қазақ поэзиясының ең ірі өкілдері ретінде тани-
ды. Бұл жерде шәкірті ұстазымен сыпайы түрде пікір сайы-
сына барып тұр-ау дейміз. Абай Бұхар, Дулат, Шортанбайлар-
ды сынағанда, сірә, олардың шығармашылығынан біркелкі
тұтастықты, төменнен жоғары көтерілетін жүйелілікті көре
алмай, «сөздері жамау, құрау» десе, шәкірті бұл «кедір-
бұдырдың» сырын өзінше дәлелдейді:
Ескі жырдың ұйқасы
Бірі – қысқа, бірі – ұзын.
Буындары бұзық деп,
Біз баспаймыз ол ізін.
Неге бұлай айтты деп,
Сынамаймыз негізін.
Ойлай келсең, ескі жыр
Салады тұлпар жүрісін,
Міне, байқа мұнысын.
Кейде жорға, кейде жел,
Бұлдыр
қағып асар бел,
Кейде арындап, кейде шап.
Адымын алыс құлаштап,
Алады кейде тынысты,
Солғындатып жүрісті,
Осындай жырды ұнаңдар! –
дей келіп, бұрынғы ақын-жыраулардың өлен-жырларына:
Сырына баға берсеңіз,
Таңғаларлық ісі бар,
Көңілді тартар күші бар,
Асықпай тыңдап шыдаңдар, –
дейді. Осы арқылы өзіне дейінгі қазақ поэзиясының көркемдік
әлемін мойындайды. Мойындайды да қабылдайды. Шәкәрім
тіліндегі:
қасықтай қар, тобықтай тоң, көз тойып, көңіл
толу, мінсіз, бақ, сансыз дәулет, жүзі бар айдай, мінезі май
-
дай, дариядай мол ақыл, сұр жыландай сусылдау, ноқталы
басқа – бір өлім, көз алартып, күресін адырайту
сияқты об-
раздар мен оларды беріп тұрған сөз кестелері қазақтың көркем
520
тіліне бұрыннан тән кәнігі дүниелер. Бұлар Шәкәрімнің айтпақ
ойларының – поэтикалық идеясының тірегі, негізі. Мыса-
лы, ақынның «Өлімнің хақ екенін көрсең де» деп басталатын
шағын өлеңіндегі сөз өрнегі түгелімен бұрыннан қалыптасқан
образдар дүниесімен келген:
Өлімнің хақ
екенін көрсең де,
Өлместей омыраулап
шатасың.
Дозақтың барын біліп жүрсең де,
Күнәға
әлің келсе,
батасың...
Алланың
адал
ризығын жесең
де,
Арамды
әдейі іздеп
татасың...
Алланың ақ өлімі
келгенде,
Амалсыз
қара тастай қатасың...
Сырт қарағанда, өлең тілінде
жарқыраған әшекей сөздер
де, көзге ұратын тосын қолданыстар да жок, бірақ ақынның
айтпағы – «біле тұрып күнәға батпа, дұрыс емесін білген соң
бұрыстыққа барма» деген идеяны оқырманына оның құлағы
қаныққан, тілі жатыққан сөз бояуларымен әсерлі етіп, әдемі
жеткізген.
Алайда бұдан Шәкәрім тілінде ешбір жаңалық жоқ, ізденіс
жоқ деген тұжырым шықпайды. Керісінше, кәнігі фонда
Шәкәрімнің Абайша тапқан соны дүниесі көріне түседі.
Абай тілінің өзіне дейінгі қазақ көркем сөзінің поэтика-
сынан ерекшеленетін бірнеше тұстары бар. Солардың бірі
– Абайдың өзіне тән қолтаңбасының
айқын көрінуі болса,
бұл ерекшелікті танытатын белгілер де аз емес. Суреткердің
өзіндік қолтаңбасын ғылымда «шығармашылық контекст»
деп те атайды. Шығармашылық (творчестволық) контекст
дегеніміз – жазушының (ақынның) көркемдік тұр-тұрпатын
көрсететін тілдік фактілердің жүйесі, яғни шығармада ұсы-
нылған идеяның көркем сөзбен берілудегі тілдік механизмі,
сол механизмнің жазушының өз қаламына тән көріністері.
Бұл тұрғыдан алғанда, Абайда өзіндік қолтаңба айқынырақ
білінеді. Әрине, Абайға дейінгі не Абайдан өзге ақын-жыраулар
шығармашылығында творчестволық контекст байқалмайды
деген тұжырым тумайды. Қазақ өлең теориясын арнайы зерт-
теген ғалым 3.Ахметов қазақтың өткен ғасырлардағы авторлы
521
әдебиет иелерінің ішінде Махамбет ақынның өзіндік даралығы
жақсы көрінетіндігін атайды (3.Ахметов Казахское
Достарыңызбен бөлісу: