Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


көшкенде, оның алдыңғы кезеңдерден ерекшеленетін  белгілері болуға тиіс. Ол белгілердің пайда болуына



Pdf көрінісі
бет233/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

 
көшкенде, оның алдыңғы кезеңдерден ерекшеленетін 
белгілері болуға тиіс. Ол белгілердің пайда болуына
 
Абайдың 
қосқан үлесі қандай деген жауап іздеуге тура келеді. 
Біріншіден, жазба тілдің қызмет ететін аумағы кеңейеді. 
Бұрын қазақ әдеби тілінің қолданылу аясы шағын болатын. 
Ол негізінен көркем әдебиет (оның поэзия) жанрын қамтитын. 
Абай енді бұл тілді қазақ қоғамдық өмірінің өзге салаларына да 
қызмет етуін
 
ұсынады. Бұған ол өзінің «Қара сөздер» деп ата-
латын шығармаларын жазу арқылы қатысты. «Қара сөздердің» 
дені
 
қазақтың халықтық тілінің негізінде, жазба әдеби тіл 
үлгісінде жазылған. Абайдың туындыларының тілі публици-
стика мен ғылыми стильдерге
 
және көркем шығарма үлгісіне 
жатады. Осы жерде қазақ әдеби тілінің жалпыхалықтық 
негізге түсуімен бірге, оның ұлттық сипат алғанын атауға бо-
лады. Белгілі бір әдеби тілдің ұлттық тіл болып қалыптасуы 
бірер қайраткердің қызметімен жүзеге аспайтыны мәлім. 
Тілдің ұлттық түрі сол халықтың ұлт болып топтасуы (кон-
солидациясы) деген социологиялық мәселемен тығыз бай-
ланысты. Солай бола тұрса да, тілдің ұлттық сипат алуы ұлт 
болып қалыптасуымен тепе-тең, бір мезгілде дүниеге келетін 
құбылыс емес екенін есте мықты тұту қажет. Осы тұрғыдан 
алғанда, қазақ әдеби тілінің белгілері халқымыздың ұлт болып 


512
әбден қалыптасқаннан едәуір бұрын басталғанын айту керек. 
Сондықтан Абай тұсында қазақ қоғамының объективтік даму 
заңдылықтарына орай қазақ әдеби тілінің ұлтық
 
белгілері одан 
сайын айқындалып, беки түскен дейміз.
Әдеби тілдің ұлттық түрге ие болу белгісінің бірі – 
жалпыхалықтық сипаты болса, XIX ғасырдың екінші 
жартысында-ақ қазақ тілінің диалектілік бөліністерсіз ортақ, 
біртұтас нормалары бар тіл екенін, әрине, бұл – өте қарапайым, 
жалпы тұжырымды дәлелдеу үшін жалпыхалықтық қолданыс 
тапқан нормалардың көрінісін тек көркем әдебиеттен (поэзия-
дан) емес, сол тұстағы өзге әдебиет түрлерінен талдау қажет. 
Дегенмен сөз етіп отырған кезеңде қазақ әдеби тілінің до-
минант (басым) жанры көркем әдебиет (оның ішінде поэзия) 
болғандығын ескерсек және Абай, Ыбырай тәрізді орны ерек-
ше қалам қайраткерлерінің тіліне үңілсек, олардан жоғарыда 
айтылған барлық өңірге ортақтық түсініктілік, нормалылық 
сипатты табамыз.
Әдеби тіл ұлттық статусқа ие болу үшін оның топтас-
тырушылық рөлі күшті болуға тиіс, бұл жағынан Абай 
заманындағы қазақ әдеби тілінің ұлттық сипаты едәуір 
болғанын байқаймыз. Сөйтіп, тілдің қызметі кеңеюі оны 
әрі жаңа сатыға көтерді, әрі жалпыхалықтық ұлттық сипа-
тын күшейте түсті. Бұл процесте Абайдың рөлі, біріншіден, 
әдеби тілдің әлеуметтік қызметін қоғамның заманына сай та-
лабына ұштастыра, сәйкестендіре дұрыс тани білуінде бол-
са, екіншіден,
 
әдебиеттің өзге жанрларын қалыптастыруға 
атсалысқан нақтылы қызметінде болды. 
Жаңа әдеби тіл өзінің лексика-фразеология саласындағы 
көркемдеу тәсілдерінде сапалық өзгерістерге ие болады. 
Олардың басты-бастылары, біздіңше, мыналар: қазақ лекси-
касының кірме сөздермен толысу бағыты берік орын тепті. 
Бұл принципті Абай әрі қарай дамытты. Кірме сөздерді 
бұрынғыдай ауызекі сөйлеу тілі арқылы емес, шағатай, орыс 
жазба әдебиеттерінен тікелей алу амалы да іске қосылды. 
Кірме элементтерді қазақ тілінде жоқ тың ұғымдарды білдіру 
үшін ғана емес, стильдік мақсаттарды өтеу үшін де пайдалан-
ды. 


513
Қазақ әдеби тілінің жаңа кезеңінде жаңа сөздер бұрынғы 
кезеңдерге қарағанда әлдеқайда молынан ене бастады, бұған 
Абай, Ыбырай тәрізді жеке қалам иелері де, баспасөз де 
қатысты. Абайдағы жаңа сөздердің көпшілігі – абстракт ұғым 
атаулары болса, ол – жазушының философия, этика, мораль, 
теология тақырыптарын прозамен сөз етуінің жемісі деп таба-
мыз. Жаңа атаулар жасауда Абайда бірінші орында төл сөздерге 
жұрнақ жалғау тәсілі тұрады, содан соң мағына жаңғырту мен 
сөз тіркестіру амалдарын
 
пайдаланады. 
Қазақтың жаңа кезеңдегі жазба тілінде көптеген сөздердің 
мағыналары айқындалып, тұрақтанады, сөз мағынасының та-
рылу не кеңею процесі активтенеді. Мұнда Абайдың қызметі 
айрықша. Әсіресе, Абайда белгілі бір ұғымды өзге ұғымдармен 
шатастырмай, дәл атау принципі
 
күшті сезіледі. Соның 
нәтижесінде бір-біріне тең түсетін құбылыс атаулары бөлек-
бөлек беріледі. Мысалы, Абай қазақтың әдет-ғұрып заңына 
байланысты жерде 
би 
сөзін, орыс империясының заң-сотына 
қатысты әңгіме болған жерде 
судья 
сөзін, шариғатқа байла-
нысты әңгімеде 
қазы
сөзін қолдануды қол көреді. Сол сияқты 
мұсылманша оқуды әңгімелесе 
түркі тану 
дегенді, жалпы 
азаматтық білім алуды сөз ете қалса, 
оқу-білім, ғылым-білім, 
ғылым оқу, ғылым табу
деген сөздерді жиірек пайдаланады, ал 
орысша ағарту ісін айта қалса, орыстың ғылымын кейде тіпті
 
образование
деп те жібереді. Сөйтіп, қазақ әдеби тілінің Абай 
негізін қалаған
 
жаңа кезеңіндегі сөздік құрамының бұрынғы 
кезеңдермен салыстырғанда, сапалық ерекшеліктері болды. 
Жаңа сатының үшінші үлкен
өзгешелігі – поэзия тілінің 
тың белгілерге, соны сипатқа ие болуында еңбек те, абырой да 
тек қана Абайдікі. Қазақ поэзиясы тілін жаңа кезеңге көтеруге 
Абайдай қызмет еткен өзге есімді атай алмаймыз. Өзіне дейінгі 
санғасырлық дәстүрі бар қазақ поэзиясының тілі – Абайдың 
зор мектебі. Оның арқасүйер тірегі де, «сөзін түзетіп», «өзін 
қинаған» осалы да – осы тіл.
«Қазақ поэзиясының тілі қалайша қырналды, қалайша бары 
кәдеге асып, жоғы толтырылды?» деген жәйттерге келгенде, 
мыналарды айтуға болады. Өлең тілінің ертеден қалыптасқан 
жалпы заңдылықтарын сақтай отырып, Абай қазақ поэзия-


514
сына көптеген жаңалық әкеліп, өзгерістер енгізді. Олардың 
бірқатары Абайға дейінгі қазақ өлеңі тілінде мүлде жоқ құбылыс 
болса, барларын ақын белгілі бір жүйеге айналдырып, норма 
етіп ұсынды. Поэзия тіліне Абай енгізген өзгеріс-жаңалықтар 
суреткерлердің өз қолтаңбасын көрсету, өлеңдегі сөзқолданыс, 
өлеңді айқын, ықшам және әуезді етіп ұсыну сияқты салалар-
ды қамтиды. Бұлардың әрқайсысын шағын мақалада тарамдап 
көрсету мүмкіндігіміз болмағандықтан, білгісі келгендерді 
біздің Абай тіліне арналған еңбектерімізге сілтейміз. 
Абай қазақ өлеңі сөздік құрамының түрін өзгертті: бұрын 
өлең тілінде көп қолданылмайтын сөздер тобын енгізді, по-
эзия сөздігі оның тақырыбы мен стиліне сәйкестендірілді. 
Осы арқылы өлең тіліне қатысқан сөздердің бір-біріне «иек ар-
туы», стильдік жүк арқалауы, экспрессоидке
 
айналуы күшейді. 
Абай ақын, дәл, жинақы (аз сөзді) болу принципін ұсынды. Ол 
үшін қазақ қауымына бейтаныс, айналадағы шындыққа жа-
наспайтын образдар тәсілін ұстайды. Айтпақ идеясын басы 
артық қосар образдарсыз жеткізу өлең тілінің аз сөзді болуы-
на жәрлемдеседі. Поэзия тілін жинақы етіп беруде Абай өлең 
шығару (жасау) техникасын да пайдаланды, өлеңнің жеке 
тармақтары мен шумақтарының, сыйымдылығын арттырады.
Ең үлкен өзгеріс-жаңалықты Абай қазақ поэзиясы тілінің 
фразеология (бейнелі тіркестер) саласына енгізді. Атап 
айтқанда, қаламгер қазақ көркем сөзіне сандаған жаңа фра-
зеологизм (тіркестер) ұсынды, ол үшін 
ойдың мөңіреуі, 
жапырақтың жамырауы, қайғының заңғар басынан жығылу, 
кермек ой, асау той
сияқты мағыналары жуыспайтын сөздерді 
тіркестерді, белгілі бір заттың, құбылыстың өзін атамай, 
оны өзге образбен беру тәсілін, яғни перифрастиканы мол 
қолданды. Сөйтіп, Абайға дейінгі қазақ әдеби тілі мен Абай 
поэзиясы тілінің ерекшелігін сол поэзияның тақырыбы мен 
жанрына қарай және бұрынғы дәстүрді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет