Бақылау сұрақтары
1.
Айдау дегеніміз не?
2.
Қалыпты жағдайда 1 грамм-эквивалент сутегі және оттегі қанша көлем алады?
3.
Әртүрлі газдарды алуға арналған қондырғылардың суреттерін салыныз.
Зертханалық жұмыс №5
Ерітінділерді берілген концентрацияда дайындауда демонстрациялық және
зертханалық эксперимент ұйымдастыру.
Берілген концентрациясы бойынша ерітінділерді дайындау.
Құрал-жабдықтар мен реактивтер: пробирка, колба, стакан, ареометр, цилиндр, NaCl, NaOH,
KJ, K
2
CO
3
, Pb(NO
3
)
2
.
8
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Күні:
2011
ж.
Басылым: екінші
Силлабус
ЕҰУ С
8 - 31
1- Тәжірибе.
Концентрациясы жоғары натрий хлоридінің ерітінідісінен берілген
натрий хлоридінің массалық үлесі бойынша көлемі белгілі ерітіндісін дайындау.
Төмендегі ерітнділерді дайындау үшін натрий хлориді (ω (NaCl)=22% , p=1.164 г/см
3
)
ерітіндісінің және судың қандай көлемі қажет екенін есептеңдер:
a) 50 мл ω( NaCl)=2% , p=1.014 г/см
3
b) 60 мл ω( NaCl)=4% , p=1.029 г/см
3
c) 70 мл ω( NaCl)=6% , p=1.044 г/см
3
d) 80 мл ω( NaCl)=8% , p=1.058 г/см
3
e) 90 мл ω( NaCl)=10% , p=1.073 г/см
3
f) 100 мл ω( NaCl)=12% , p=1.089 г/см
3
g) 110 мл ω( NaCl)=14% , p=1.104 г/см
3
Натрий хлориді ерітіндісінің және судың қажетті көлемін 3- мысалда келтірілген үлгі
бойынша есептеп, нәтижесін оқытушыға көрсетіп, ерітіндіні дайындауға кіріс. Ол үшін
есептелген 22 пайыздық натрий хлориді ерітіндісінің көлемін кішкене цилиндрмен өлшеп,
оны үлкен цилиндрге құй. Содан кейін кішкене цилиндрді сумен шайып, оны да үлкен
цилиндрге құйып, цилиндрдегі суды керекті көлеміне дейін жеткіз.
Дайындалғын ерітіндіні шыны таяқшамен араластып, оның тығыздығын ареометр
көмегімен былай есепте: қажетті бөлігі бар ареометрді тұз ерітіндісіне абайлап батыр, ол
цилиндрдің қабырғысына және түбіне дейін тимей, қалқып тұруы керек ( әйтпесе, ареометр
цилиндрдің түбіне ұрылып сынуы мүмкін). Осы жағдайда цилиндрдегі тұз ерітіндісінің
төменгі менискіне сәйкес келетін ареометрдің бөлігін белгіле.
Егер ареометр қажетті бөлігіне дейін сұйықтықта батпаса немесе батып, цилиндрдің түбіне
тиіп тұрса, онда басқа бөлігі бар ареометрді алу керек.
Ареометрдің көрсеткішін 11- қосымша кестедегі мәліметтермен салыстырып, қорытынды
жаса.
2 - тәжірибе.
Берілген натрий хлоридінің массалық үлесі бойынша натрий хлоридінің
ерітіндісін дайындау.
Төмендегі ерітінділерді дайындау үшін натрий хлоридінің және судың қажетті
массасын есепте:
a)
100 г ω( NaCl)=6% ерітінді
b)
80 мл ω( NaCl)=4% ерітінді
c)
55 мл ω( NaCl)=2% ерітінді
d)
160 мл ω( NaCl)=8% ерітінді
e)
120 г ω( NaCl)=10% ерітінді
f)
100 мл ω( NaCl)=6% ерітінді
g)
70г ω( NaCl)= 4% ерітінді
Есептегенде 11-қосымша кестені пайдаланыңдар.
Есептелген натрий хлоридінің массасын технохимиялық таразыда өлшеп алып, конус
тәрізді колбаға сал. Оның үстіне цилиндрмен өлшеп алынған судың қажетті көлемін құй.
Ерітіндіні жақсылап араластыр. Тұз әбден еріп болған соң, ерітндіні колбадан цилиндрге
құйып, оның тығыздығын ареометр көмегімен өлше. Ареометр көрсеткішін 11-қосымша
кестедегі мәліметтермен салыстырып, қорытынды жаса.
|