87
جحلا كسانم
уҚуф
Сонымен Зул-хижжа айының 9-күні таң атқанда,
барлық қажылар қажылықтың негізгі бөлігі - уқуф
әдет-ғұрпын орындау үшін, Арафат тауына бет алады.
Уқуф – «Арафат тауында тұру» деген мағына береді.
Қажылар Арафат тауына келгесін, бесін мен намазды-
гер намаздарының басын қосып оқиды.
Уқуф әдет-ғұрпы түс
кезінен кеш батқанға дейін
орындалады. Уқуф кезінде қажы бар жан-тәнімен, шын
жүрегімен, зор ықыласпен, сана-сезіммен сүбхана Алла
тағаланың алдында тұрғанын сезінеді. Алла тағала
Арафат тауында тұрғандардың тілек-дұғаларын қабыл
алып, күнәларын кешіреді.
Әйел қажы уқуф әдет-
ғұрпын отырып орындайды.
Арафат тауында қажы құбыла жаққа қарап тұрып,
мынадай дұғалар оқиды: