Философиялық кезеңді қалыптастырған философтар тіл мәселесін
линғвистикалық тұрғыда емес, философия тұрғысынан сөз етті.
Олар тілді философияга тәуелді, соның ажырамас бір бөлігі деп
есептеді. Көне грек философтары мынадай мэселелерді сөз етті.
Зат пен оның атауы арасындағы байланыс, тілдің қалай пайда
болғаны жэне тілдің грамматикасы.
Тілдің шығуы жөніндегі мэселе.
Грамматика мәселелері.
Бұл елдегі лингвистика
өз дамуының ең биігіне Грек
тарихындағы эллинизм деп аталған дэуірде көтерілді. Бұл кезең Грек
тіл білімі тарихында филология дэуірі деп аталады. Грек философы
Анаксимен (б.з.б. VI ғ.) өзінің «Шешендік өнері теориясы» деген
еңбегінде стилистиканың негізін салған. Бұл ғалымның стилисти-
ка туралы айтқан кейбір тұжырымдары өзінің құнын күні бүгінге
дейін жойған жоқ. Көне гректің Продик деген ғалымы (б.з.б. VI) си-
нонимика туралы жазды. Ал Платон тілдегі сөздерді есім, етістік
деп бөліп көрсетті де, ол екеуінің байланысының сөйлемде ғана
көрінетіндігін айтса, Аристотель ең алғаш рет грамматиканы логи-
кадан бөліп көрсетті, есімдер бастауыш, етістік баяндауыш болады
деп, көмекші сөздерді бөліп көрсетті. Аристотель жекеше, көпше де-
ген терминдерді алғаш атады.
Ол дауысты, дауыссыз дыбыстар ту-
ралы түсінік беріп, буын туралы да түсінік береді. Грек лингвистері
үстеу, артикльдер жайлы айтты. Олар септіктердің бесеуін көрсетті:
имен, род, дат, вин, звонительный. Грек тіл білімінің өркендеген,
дами түскен кезі — Апександрия дэуірі. Грамматиканың өз алдына
ғылым болып бөлінуі осы кез. Александрия -б.з.б. III ғ. бастап нағыз
мәдени, ғылыми орталық болды. Бұл кезде грамматика жазғандар:
Дионисий Фракийский, Аполиний Дискол. Бұл дэуірде сөз тапта-
ры морфология бөлімінде қаралатын болды. Олар сөз табын 8-ге
бөлді: имя, глагол, причастие, местоимение, наречие, союз,
пред-
лог, артикль. Сондай-ақ етістіктің райлары, үш жақ жэне етістіктің
шақгары көрсетілді.
Тіл білімі тарихында елеулі мэні барлығына қарамастан, көне
грек тіл білімінің әлсіз жақтары да мол еді. Олар да тілдің тари-
хи құбылыс екеніне мэн бермеді. Оның үстіне гректер өз тілінен
баска тілдерді тіл деп санамады. Бұл — олардың лингвистикалық
59
мәліметгерінщ өсуіне, жалпы тшдік теориялық тұжырымдар жаса-
луына мүмкіндік бермеді.
Ежелгі Үнді тіл білімі
өкілдерінің тіл туралы зерттеулерінен басталады.Ол галымдардың
тіл мәселесімен айналысуы діни философиялық жинақтардың
түсініксіз жерлерін түсіндіруден басталған.
Ондай жинақтардың
бірі - өлеңдер жинағы. Ежелгі замандағы ерекше дамыған
лингвистиканың бірі -
үнді лингвистикАсы.
Үнділердің біздің
дэуірге жеткен тілдік зерттеулері жыл санауымызға дейінгі Ү
ғасырдан басталады. Материалдардың жүйелілігіне қарай Үндістан
лингвистикасын ғалым Т. Қордабаев бүдан да бүрын болған деген
пікір айтады [1].
|
Үнділердің сөйлеу тілі пракрит деп аталса, әдеби тілі сан-
скрит деп аталады. Үнді лингвистері эдеби тілдерін белгілі нормаға
түсіру үшін тіл
мәселесімен ерекше шұғылданды, тіл туралы
ғылымды жоғары сатыға көтерді. Үнділердің өте көне заманнан
сақгалып келе жатқан Веда деп аталатын эртүрлі аңыздардан, гимн-
дерден, діни жырлардан құралған кітаптары болган. Оның көнелігі
сонша түсініксіз көптеген сөздер мен сөйлемшелер бар. Осыларды
айқындау мақсатында Веда тілін зерттеу қолға алынды. Бұл зерттеу
4 бағытта жүргізілді: а) дыбыстықжүйесі мен айтылу мәнерін, яғни,
фонетикасы мен орфоэпиясын зерттеу; э) жыр құрылысы мен өлең
өлшемдерін зерттеу; б) грамматикасын зерттеу; в) жеке сөздердің
тіркесін
жэне оның мэн-мағынасын, яғни лексикасы мен этимоло-
гиясын зерттеу. Көне үнді лингвистикасында жан-жақты зерттел-
ген мэселелер қатарына фонетика мен грамматиканы жатқызуға
болады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің атақты лингвисі
Яски мен Панини еңбектері арқылы біздің заманымызга жетті.
Панинидің б.з.д. IV ғ. шамасында жазған «Аштадхьян» (Восемь
Достарыңызбен бөлісу: