Серік Мырзалы философия оқу құралы


«абид» (Құдайдың құлы) десе, екiншiсiн  «захид»



Pdf көрінісі
бет248/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

«абид»
(Құдайдың құлы) десе, екiншiсiн 
«захид»
(дәруiш) деп атады. 
Бiрiншiлерi дiннiң талаптарын ойланбастан бұлжытпай орындауға 
тырысса, екiншiлерi өз iзденiстерi мен тебiренiстерi арқылы Алла 
тағаланы жете түсiнуге, оған рухани жетiлу арқылы жақындасып, оны-
мен қосылуға, сiңiсуге тырысты. Мiне, осы 
екiншi бағыт
ислам дiнiнiң 
шеңберiнде 
сопылық ағымды
тудырады.
Алғашқы уақыттағы сопылар пендешiлiкке қарсы шығып, 
дүниеқорлық, байлықты жинаудан бас тартып (
зухд
), Алла тағаламен 
бiрге болуға тырысты (
тақуа
). Бұл ауыр жолда олар Мұхаммед 
пайғамбардың өмiр жолын өнеге еттi, өйткенi ол қандай керемет 
бай өмiр сүру мүмкiншiлiктерiне қарамастан, өзiн өте әдептi ұстап
қайыршы мен кедейлерге қол ұшын беруге тырысты. Алғашқы 
сопылардың бiрi Хасен Басри: «Бұл дүние үшiн о дүниенi сатқан екi 
дүниеден бiржола айырылады, бiрақ о дүние үшiн бұл дүниенi сатқан 
екi дүниеге де ие болады», – деген екен. Яссауи бабамыздың сыйлаған, 
өнеге тұтқан сопыларының бiрi – осы Хасен Басри. Ол туралы Яссауи: 
«Нәпсiсiн тыйып қаһар қылды Хасен Басри...
әзiздердiң жағында болғым келер...» – деген екен. Сөйтіп, сопы-
лық философия адамдарды тақуалық өмiрге, дүниенiң алдамыш 
қызықтарына құмартпауға, рухты биiк дәрежеде ұстауға шақырды.
Сопылық жолдың екiншi үлкен басымдығы – Құдайды шын 
жүрекпен сүйiп, Оған толығынан берiлу мәселесi. Ол үшiн адам өзiнiң 
менмендiгiн толығынан ұмытып, күндiз-түнi тек Алла тағалаға деген 


280
құштарлық, ғашықтық сезiмде болуы қажет. Сонда ғана адамның 
өзiндiк сана-сезiмi жойылып, Құдайлыққа жол ашылады. Мұндай жан-
дүние ахуалын сопылар 
фана
(бейболмыс, Құдайға жетiп, сiңiсу) деген 
ұғыммен берген. Орта ғасырлардағы Шығыс жұлдыздарының бiрi Руми 
Джалаледдин төмендегiдей нақыл сөздер арқылы бiзге оны ашық та 
айқын түсiндiредi:
«Бiреу сүйген жарының (Абсолюттiң) есiгiн қағады. «Бұл кiм?» – 
деген сұраққа: «Менмiн», – деп жауап бередi. Есiктiң ар жағынан: «Бұл 
үйге Менiмен Сен сыймайсың», – деген дауыс естiледi. Есiк жабық 
қалпында қала бередi. Ол тақыр далаға кетiп, жалғыздықтың азабын 
тартып, аузын берiк ұстап, күндiз-түнi Құдайға құлшылық етедi. Бiр 
жылдан кейiн қайтып оралып, есiктi тағы қағады. «Бұл кiм?» – деген 
сұраққа, Ол: «Сенсiң», – дейдi. Сол сәтте есiк дереу ашылады». Демек, 
тек «мендiк» толығынан Құдайлықтың шеңберiнде ерiп-сiңген кезде 
ғана адам рухтың ең биiк сатысына көтерiлiп, Алланың құшағына 
қосылады.
Сопыларды ресми мешiт алғашқы ғасырларда қанша қудаласа да, 
қарапайым халық арасында олардың беделi өсе бердi. Олар Құранның 
аяттарын, шариғаттың қағидаларын түсiндiрiп қана қоймай, дiндi 
философиялық тұрғыдан тереңдете бiлдi. Сопылардың ойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет