Серік Мырзалы философия оқу құралы


басты мiндеттердiң бiрi – қоғамның  рухани



Pdf көрінісі
бет252/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

басты
мiндеттердiң бiрi – қоғамның 
рухани
өмiрiн 
жан-
дандырып, адамгершiлiктi басым
ұстау болып отыр. Сонда ғана 
қоғамның 
бiрлiгiн нығайтып
, қарапайым адамдардың өмiрге деген 
ынтасын арттыруға болады. Ал оның өзi бiздiң 
бостандығымыздың
iргетастарын 
нығайтып
, бүкiладамзаттық қауымның шеңберiнде 
абы-
ройлы
орын алуға мүмкiншiлiк бередi. Расында да, адам бұл өмiрде 
жалғыздан-жалғыз өмiр сүрмейдi, менiң еркiмнiң шеңберi екiншi 


284
адамның еркiнiң аумағына жеткен кезде тоқталуы қажет. Белгiлi фран-
цуз ойшылы Ж.П.Сартр айтқандай, «
еркіндiк
дегенiмiз, адамның 
басқалардың алдындағы 
жауапкершiлiгiнiң ауыр жүгi
». Бiреу күйзе-
лiс пен зардап шегуде болған жағдайда, екiншiнiң дәулетi қанша 
тасығанымен, бақытты болуы мүмкiн емес.
Қ.А.Яссауи бабамыздың даналығы – қоғамдағы күйзелiстен шығу 
жолдарын қайсыбiр зорлық-зомбылықтан, қантөгiстен, төңкерiстен 
iздемеуi. Ол Сократтың «өзiңдi тани бiл», Будданың «ең ұлы жеңiс – 
адамның өзiн-өзi жеңе бiлуi» деген қағидаларына жақын жолды 
ұстайды:
«Залым егер жәбiр қылса, 
Алла
дегiл,
Қолың жайып, дұға оқып, мойын сұңғыл.
Құдай тiлек бермесе, 
сабыр
қылғыл,
Хақтан естiп бұл сөздердi айттым, мiне».
«Сабыр түбi – сары алтын» деген халықтың нақыл сөзi осы 
Яссауидiң жоғарыдағы ойларымен үндесiп жатыр. Адамзаттың өткен 
жазулы тарихында зорлық-зомбылықтың негiзiнде бақытты қоғамды 
орнатқан бiрде-бiр ел аталмайды. Керiсiнше, зорлық қарымына одан да 
өрескел зұлымдықты тудырады. «Жек көру ешқашанда жеккөрушiлiк-
пен тоқталмайды. Тек жеккөрушiлiктiң жоқтығы ғана жеккөрушiлiктi 
жояды», – деген екен ұлы Будда. Зорлық-зомбылықтың жолымен жер 
бетiнде жұмақ – коммунизмдi орнатқысы келген большевиктер қоғамды 
қандай күйзелiске әкелгенiн өткен жақын тарихымыздан жақсы бiлемiз. 
Бүгiнгi таңда бүкiладамзаттық деңгейде соғысты, зорлық-зомбылықты 
болдырмау, әр болуы мүмкiн шиеленiсті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет