Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет254/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

өз мемлекеттiгiнiң 
туын тiгедi де, өзiнiң жаңа этнонимiне – 
«қазақ»
деген атқа ие болады. 
Алайда «...елдiң басы қосылған соң да, бұрыннан бар ру-тайпалық 
құрылым, сондай-ақ шаруашылық типi мен мәдениет дәстүрлер жүйесi 


286
негiзiнен сақталады» (Н.Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы. 
Атамұра, 1999, 211б.) Оның себебi – көшпендiлiк өмiр формасының 
қайсыбiр 
өзгерiске ұшырамауында
, оның 
консервативтiк
табиға-
тында болса керек. Әскери-демократиялық деңгейде, одан асса, ерте 
феодалдық қатынастардың негiзiнде өмiр сүретiн көшпендiлер сол 
байырғы бытыраңқы жағдайда қала бердi. «Ал әр ұлысқа кiретiн әр 
тайпа, әр ру жалпақ елге ортақ күн туған кезде болмаса, өз ноқтасын 
өзi ұстап, ешкiмге билiк бере қоймайды. Бұл оғыз, тiптi қазақ хандығы 
тұсында да қала бердi» (Ә.Кекiлбаев. Түркiстан тағлымы. Егемен 
Қазақстан. 12 сәуiр, 2000 ж., 3б.). Жоғарыдағы көрсетiлген 
жаңа гео-
саяси жағдайларға
, жалпы алғанда, жер бетiнде қалыптаса бастаған 
Жаңа дәуiрдiң талаптарына сай жауап
қайтару үшiн, шынайы 
ел 
тұтастығы, халық бiрлiгi
қажет едi. Бiрақ ол iске аспады, тiптi Абы-
лай ханның заманында, елге қатерлi қауіп төнген кездiң өзiнде бүкiл 
қазақтың басы бiрiкпедi. Ұлы Шыңғыс ханның өз уақытында құрған 
алып «Алтын Орда» империясының да түбiне жеткен әлсiз жерi – 
осы өзiне-өзi жеткiлiктi, бiр-бiрiне күнi түсе бермейтiн көшпендiлiк 
өмiр салты, соның негiзiнде қалыптасатын 
бiр орталық билiкке 
бағынбаушылық
, оны керек қылмаушылық едi. Әрине, Сарыарқа 
даласының ойшыл-даналарының балтырын сыздатқан негiзгi мәселе, 
мiне, осы болатын.
ХV-ХVIII ғғ. дүниеге келген 
философиялық
ой-толғаулар, негiзiнен 
алғанда, 
жыраулық
түрде таралып өмiр сүрдi. Өйткенi көшпендiлердiң 
арасында сауаты ашылған, жазылған сөздi оқитын адамдардың саны көп 
болмай, олар көбiне ақсүйектерге ғана тән болатын. Қарапайым сөзбен 
жеткiзiлген ой бiреуден-екiншiге тарау жолында өзгерiп, алғашқы мән-
мағынасын тез жоғалтатыны баршаға мәлiм. Тек қана 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет