Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 5. Таным деңгейлері мен әдістері



Pdf көрінісі
бет387/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

§ 5. Таным деңгейлері мен әдістері
Кең түрде алғанда, гректің «methodos» деген сөзі «жол» деген 
мағына береді. Әр нәрсені жасағанда, адам оны белгілі бір үлгілер, 
тәсілдерге сүйене отырып істейді. Мысалы, бүгінгі саясатта Батыс 
елдерінде алғаш пайда болған «пиар-технологиялар» қолданылуда. 
Педагогика саласында әр пәнді қалай үйрету керегі жөнінде неше 
түрлі әдістер шығарылған. Мұндай мысалдарды шексіз көбейте беруге 
болар еді. Сол сияқты ғылыми салада да неше түрлі әдістер жасалып, 
нәтижелі қолданылады. 
Танымдағы сезімдік және ақыл-ой сатылары ғылымда зерттеудің екі 
деңгейін құрайды. Олар – 
эмпириялық
және 
теориялық
білім. Олар, 
әрине, бір-бірімен өте тығыз байланысты. 
Қайсыбір зерттеу эмпириялық сатыдан, яғни ғылыми деректерді 
жинаудан басталады. Ол үшін зерттелетін затты (нысан), я болмаса 
құбылысты бақылау қажет. Аса назар аударатын нәрсе – ғылымдағы 
бақылаудың ерекшелігі – ол «tabula rasa» – таза тақта емес. Таным 
субъектісі (ғалым, я болмаса ғылыми қауымдастық) зерттелетін нысан 
туралы белгілі бір пікір, тұжырым, идеяға ұқсайтын көзқараспен 
мақсатқа лайықты бақылауға кіріседі. Тәжірибелік таным бары-
сында ғылыми деректер жиналып, салыстырылып, белгілі бір жүйеге 
келтіріледі.
Ары қарай ғылым теориялық деңгейге – тәжірибелік білімді ұғым, 
тұжырым, заң т.с.с. ғылыми құралдар арқылы өңдеуге көтеріледі. 
Теориялық таным арқылы біз зерттелетін заттың ішкі тұрақты байла-
ныстары мен заңдылықтарын аша аламыз.


460
Енді 
теориялық
білімнің 
құрылымына
келсек, оларға 
проблема
(мәселе), 
гипотеза
(болжау), 
теория, заңды
жатқызуға болады.
Таным үдерісінде белгілі бір сатыда тежеу, түсініксіз, адамды 
абыржуға әкелетін ахуал пайда болады. Осы сәтте мәселе (немесе 
қиындық) туады. Оны шешпейінше, адамнан тыныштық кетеді. 
Сондықтан кейбіреулер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет