461
химиялық реакциялардың негізінде тірі белоктың дүниеге келгені
жөніндегі болжамы бізді ерекше тартады.
Адам мәселесіне келер болсақ, ол жөніндегі ғылыми болжамдарды
біз «Адам болмысы» тарауында қарағанбыз.
Әрине, жоғарыдағы көрсетілген болжамдарды теорияға айнал-
дыру өте қиын, өйткені олардың түп-тамыры млрд. жылдарға
кетеді. Ал шынайы өмірдегі нақтылы табиғи, я болмаса әлеуметтік
саладағы болжамдарға келер болсақ, олардың ақиқаттығы ертелі-кеш
дәлелденеді. Сонда ғана ол теорияға айналады. Өмірдің өзі-ақ біршама
болжамдардың жалғандығын көрсетіп, оларды ғылым шеңберінен
шығарып тастайды. Мысалы, флогистон, я болмаса ғарышты толты-
рып тұрған эфир сияқты болжамдар ғылым дами келе, өз жалғандығын
көрсетіп, санаттық (ұғымдық) мәртебесінен айырылып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: