Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 4. Танымдағы ақиқат мәселесі



Pdf көрінісі
бет386/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

§ 4. Танымдағы ақиқат мәселесі
Практикамен, яғни іс-тәжірибемен тығыз байланысты келесі 
мәселе – дүниетану жолындағы ашылған білімнің ақиқаттығы. 
Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар. Бірін-
шісі – адамның биологиялық табиғаты, яғни оның түйсіктері, жүйке 
мен ми ерекшеліктері, сонымен қатар нақтылы-тарихи жағдайдағы 
қоғам құрылымы, оның мәдени ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты 
өңдеп, пайдалану тәсілдерімен байланысты. Екіншісі – танымда 
бейнеленетін шынайы шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін 
анықтау болмақ. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байла-
ныста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары 
жеке адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың 
шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді? Бұл сұрақ білім ақиқаттығы 
мәселесінің өзегін құрайды.
Әрине, жалпы түрде алғанда, өзімен-өзі өмір сүріп жатқан шынайы 
білім дүниеде жоқ. Ол – адам, әлеуметтік топ, я болмаса жалпы 
қоғамның білімі. Ол бітімі жағынан субъективті. Сонымен қатар онда 
дүниедегі зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың бізге тәуелсіз 
ішкі мәндік жағы ашылады. Осы тұрғыдан алғанда, ақиқат деп 
дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның санасында тиісті түрде 
бейнеленуін айтамыз.
Сонымен қатар біз мына нәрсені ұмыт қалдырмауымыз керек. 
Дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете 
алмайды, өйткені ол – шексіз үдеріс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі 
ілімде оның шынайы, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, 
когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып, талданады.
Шынайы ақиқат деп адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз, яғни заттың 
өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Мысалы, 
Айдың жерді айналып тұратыны – шынайы ақиқат. Біз қандай әрекет 
жасасақ та, оны тоқтата алмаймыз, ол бізге тәуелсіз түрде өмір сүріп, 
жерді айналып тұр.
Абсолютті (дара) ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып 
шегіне жеткен білімді айтуға болады. Алайда дүниенің іш және сырт 
жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен 
қатар дүниені зерттеу жолындағы алынған шынайы ақиқаттар бір-
бірімен қосыла келе, бізді абсолюттік (дара) ақиқатқа жақындата түседі. 
Оны шексіз үдеріс деп те айтуға болар еді.


458
Негізінен, адамзат қолы жеткен білім әрқашанда салыстырмалы 
десек те болғаны, өйткені ол оның нақтылы тарихи қалыптасқан 
іс-әрекетімен, яғни сол заманның іс-тәжірибесімен шектелген. Мысалы, 
соңғы уақытқа дейін Марс планетасында су болды ма, я жоқ па 
деген сұраққа жауап бере алмадық. Өйткені ол туралы болжамдарды 
тексеретін дәрежеге жеткен жоқ едік. Енді, тек 2004 жылы ғана аме-
рикан ғалымдары Марсқа жіберген ғылыми аппараттар арқылы онда 
өткен шақта су болғанын дәлелдейтін деректер алды. Олай болса, 
бұрын осы планетада өмір формаларының болғаны сөзсіз, өйткені су 
бар жерде өмір де дүниеге келеді. Мүмкін, вирустар, я болмаса кейбір 
бактериялар болған шығар. Бұл болжам техникалық құралдар дами 
келе тексерілетіні сөзсіз. Екінші жағынан, дүниеге келген әр ұрпақтың 
білімінде ақиқатпен қатар әрқашанда жаңылу болатынын да ескеруіміз 
қажет. Келесі ұрпақ оның біршамасын тексеріп түзетсе де, ғылымды 
дамыту жолында ақиқатпен қатар жаңылу да болуы мүмкін. Осы 
тұрғыдан жаңылуды жалғаннан ажыратуымыз қажет. Егер ғылыми 
танымның қиындықтары кейбір жағдайда зерттеушіні ақиқаттан 
алшақтатып, жаңылуға әкелсе, жалғандық өтірік айтып адамды саналы 
түрде қисық жолға түсірумен тең дер едік.
Когеренттік ақиқатты айтар болсақ, ол – ғылымда ашылған жаңа 
деректердің негізінде жасалған белгілі бір тұжырымдардың бұрынғы 
өмір сүріп жатқан теорияға сәйкес келуі. Егерде жаңа ашылған ғылыми 
жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ, яғни олар 
бір-біріне когерентті болмаса, онда ғылымның сол саласында дағдарыс 
басталып, жаңа ізденістерге жол ашылады. 
Батыс философиясында прагматистік (pragma – іс, іс-әрекет) ақиқат 
деген де ұғым бар. «Егер белгілі бір тұжырымды, я болмаса көзқарасты 
басшылыққа алып, жақсы, өзімізге пайдалы нәтижелерге жетсек, 
онда оны прагматистік ақиқатқа жатқызамыз», – дейді осы ағымның 
өкілдері.
Ақиқат мәселесін талдай келе, әрқашанда оның нақтылығын 
ұмыт қылмаған жөн. Дүниеде дерексіз, барлық жағдай мен уақытта 
пайдалануға болатын ортақ ақиқат жоқ. Бұл жөнінде Гегель былай 
әңгімелейді: адам өлтірген жас жігітті дарға асу үшін алаңға әкеле 
жатыр. Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып, неше түрлі қарғыс 
сөздер айтуда. Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан: «Шіркін, 
қандай сұлу жігіт еді!» – деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған 
жекіп: «Қылмыскер қалай сұлу болады, сен не шатып тұрсың?» – десе, 
екіншілер: «Қазіргі жастар бұзылған», – деген «терең» пікір айтады. 
Бұл, әрине, мәселеге дерексіз тұрғыдан қарау деген сөз. Өйткені 
алаңда тұрғандардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге 


459
қалай барғанын, мүмкін, оны байқамай, я болмаса кездейсоқ жағдайда 
жасағанын білмейді. 
Енді философия тарихында кең орын алып, осы уақытқа дейін талда-
нып келе жатқан «ақиқат пен сенім» мәселесіне көшейік. Өз уақытында 
Ибн-Рошд: «Белгілі бір нәрсе туралы қарама-қарсы тұрған екі ақиқатты 
айту мүмкін емес, ол – біреу, олай болса, ақыл-ой таразысынан өтуі 
қажет», – деген пікір айтқан болатын. Ф.Аквинский керісінше, сенім 
ақиқаты білім ақиқатынан жоғары, өйткені ол – Құдайдың аяны 
деген пікір ұстады. Бүгінгі таңда бұл мәселе «ғылым және мораль» 
мәселесіне айналды. Өйткені адамзаттың ары қарай өрлеуі моральдық 
құндылықтарға сәйкес келетін ғылым нәтижелерімен тығыз байла-
нысты екенін баса айтуымыз қажет. Басқаша жағдайда, ғылым өз 
мән-мағынасын жойып, адамға қарсы тұрған зұлымдық күшке айна-
лып кетуі мүмкін. Осы арада қазіргі ғылымды талдауға уақыт келген 
сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет