Теория – зерттелетін заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі
мән-мағынасын ашатын, іс жүзінде дәлелденген, қайшылықсыз
бір- бірімен байланысты ұғымдар жүйесі . Мысал ретінде А.Эйнштейннің
«Салыстырмалы теориясын», Ч.Дарвиннің «Эволюциялық теория-
сын», К.Маркстің «Формациялық теориясын» т.с.с. келтіруге болады.
Теорияның қоғам өміріндегі негізгі қызметіне түсіндіру, алдын ала
болжау, іс жүзінде пайдалану жатады.
Қайсыбір теория сол саладағы неше түрлі деректерді тәртіпке
келтіріп, өзара байланыстырып, зерттелген заттың мінсіз үлгісін
жасайды, сондықтан адам оның терең мәнін түсінуге мүмкіндік алады.
Жақсы сарапталған теория алдын ала болжауға, әлі де болса
ашылмаған заттың қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Мысалы,
Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің алмасу заңына сүйене оты-
рып, ғалымдар біршама жаңа элементтерді ашты. Әсіресе әлеуметтік
теориялардың маңызы өте зор: солардың арқасында қоғам өміріндегі
болашақ өзгерістерді алдын ала болжауға, яғни сол өзгерістерге саяси,
құқықтық т.с.с. жақтардан дайын болуға мүмкіндік ашылады.
Танымның іс-тәжірибелік табиғатынан теорияның іс жүзінде
өмірде қолдану мүмкіндігі шығады. Теория біздің танымға деген
сүйіспеншілігімізді қанағаттандырып қана қоймайды. Оның негізгі
мақсаты – өмірді өркендету, адамдарға өмірлік бағыт беру. Мысалы,
ядролық физикада жасалған теориялардың негізінде АЭС-терді салуға
мүмкіндік алып, бүгінгі таңда жер бетіндегі жүздеген атомдық станса-
лар адамзатты орасан зор күш қуатпен қамтамасыз етіп жатыр.
Заң – зерттелген заттар, я болмаса құбылыстардың
ішкі, қажетті, мәнді, қайталанатын, тұрақты байланыстарын көрсетеді. Әрбір
ғылым саласы өз заңдылықтарын ашып, оларды өзара байланыстырып,
теориялық дәрежеге көтеруге тырысады.