Серік Мырзалы философия оқу құралы


тең тұлғалар бір-бірімен  горизон-



Pdf көрінісі
бет408/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

тең
тұлғалар бір-бірімен 
горизон-
тальдық
қоғамдық қатынастарға түсіп, еңбек нәтижелерімен алмасып, 
өз мұқтаждықтарын өтейді. Әлеуметтік мәртебесі 
тең емес
жағдайда 
вертикальдық
байланыстар пайда болады. Бұл жағынан алғанда, 
қоғам құрылымының 
иерархиялық
(жоғарыдан төмен) дәрежеде
яғни теңсіздік түрде өмір сүретінін байқауға болады. Жоғарғы, орта 
деңгейдегі және төмендегі әлеуметтік топтар деп адамдардың ойнай-
тын рөлдері мен мәртебесі бойынша қоғам құрылымын анықтауға 
болады. Сөйтіп, 
мәртебе
– адамның 
қай әлеуметтік топқа
жататы-
нын көрсететін санат. 
Сословиелік
капитализмге дейінгі қоғамдарда 
әлеуметтік мәртебе адамға 
туа беріледі
. Еріктінің отбасында дүниеге 
келсең – еріктісің, құлдың баласы болсаң – құл болып қала бересің
шаруаның мәртебесі сол қалпында оның өмірін анықтайды, саудагердің 
баласы сол іспен айналысады, ал ақсүйектің отбасында тусаң, еш нәрсе 
жасамасаң да, үстем таптың мүшесі болып, әртүрлі жеңілдіктерге ие 
боласың. Бір топтан екіншіге өту – мұндай жағдайда өте қиын шаруа.


482
Бүгінгі қоғамды алсақ, адам өз белсенділігі, табиғи дарыны
тапқырлығы, білім деңгейі т.с.с. арқасында әртүрлі мәртебеге жетуі 
мүмкін. Мысалы, біздің елбасы қарапайым шаруаның отбасында 
дүниеге келіп, әртүрлі өмір сатыларындағы мәртебелерге жетіп, 
ақырында, бүгінгі ең биік лауазым иесі болып отыр. Егерде қоғам 
тұлғаның белсенділігі арқасында жоғарыға көтерілуіне мүмкіндік 
ашса, ондай қоғамды 
«ашық қоғам»
деп айтуға болады. Мысалы, 
бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамын «ашық қоғам» деп әбден айтуға 
болады. Соңғы жылдары қаншама жастар өз белсенділігі, тапқырлығы, 
білімі арқасында биік мәртебелерге жетіп жатыр! Жас дос, қажымай-
талмай терең білім алып, сен де өз бағыңды сынап көр!
«Жабық» және «ашық» қоғам деген ұғымдарды кейбір жағдайда 
қазіргі саясаттануда тоталитарлық және демократиялық қоғамдарды 
салыстырғанда қолданады. Мысалы, бұрынғы кеңес қоғамын «жабық 
қоғамға» жатқызады. Өйткені ол қоғамда идеология кең орын алып, 
шетелдерде болып жатқан өзгерістер халыққа «өлшемді түрде» ғана 
көрсетілді, шетелдік газет, журналдарды таратуға тыйым салынды
халықаралық сауда толығынан мемлекеттің қолында болды т.с.с.
Қоғамның белгілі бір саласындағы әлеуметтік рөлдер мен 
мәртебелер жиынтығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет