492
мұздаған салқын лебізді ақыл-ой (рационализм) торына түсіп, тікелей
шындықтан өрбитін шабыт,
шығармашылық
техникалық үстемдікке
ауысады. Ақырында мәдениет цивилизацияға ауысып, қоғамның алып
материалдық денесі оның рухын тұншықтыра бастайды.
Еуропаның
күйреуі осыдан басталады.
ХХ ғ. ортасында ағылшын ғалымы
Арнольд Тойнби
(1889-1975 жж.)
цивилизациялық талдаудың жаңа түрін дүниеге әкеледі. Оның ойынша,
тарихтағы әрбір цивилизация қоршаған ортаға бейімделудің негізінде
өзіне тән рухани құндылықтарын, шаруашылық формаларын жасайды.
Сондықтан жер бетіндегі мәдениет формалары әрқашанда әртүрлі
болмақ. Бірақ қазіргі жағдайда атлантикалық цивилизация дүние
жүзіндегі басқа халықтарға үстемдік көрсетіп,
олардың мыңдаған
жылдар бойына жинаған мәдени тәжірибесіне, құндылықтарына
нұқсан келтіруде. Дегенмен де А.Тойнби тарихқа деген О.Шпенглердің
пессимистік көзқарасына қарсы. Тарихи
дамуда белгілі бір мәдениет
қандай қиындық көрсе де, оны адамның ерікті де жауапты іс-әрекеттері
арқылы жеңе алады. Оны көрсету үшін ойшыл тарихи сопылыққа екі
жаңа санат енгізеді. Біреуі – қоғам алдына қоятын тарихтың
Достарыңызбен бөлісу: