488
болған-ды), онда ол ешқашанда болмайтын қиял ғана деп есептеу-
ге болады. Өйткені бұл дүниеде бәрі де шектелген. Ал, бірақ ол
болашақтағы әр адамның гүлденуі, жан-жақты дамып, шығармашылық
деңгейге көтерілуі десек, – оның іске асуы мүмкін.
Бұл теорияның тағы бір осал жері – тек қоғамдық меншіктің
ғана болашағын мойындау, басқа меншік формаларына қарсы шығу.
Диалектикалық дүниетануды қаншалықты меңгергенмен, К.Маркс
саясатқа келгенде қиялға бой берген болса керек. Өткен Кеңес
қоғамындағы мемлекеттік меншік шаруашылықты монополизациялап,
ақырында іріп-шіріп кеткен жоқ па?
Сонымен қатар К.Маркстің теориясындағы тарихи үдерістегі
революцияның, зорлық-зомбылықтың рөлін асыра көрсетуі сол
кезде болған әлеуметтік-саяси ахуалдан, содан ашынудан шықса
керек. Қандай ұлы адам болғанымен, бұл тұлға да өз заманының
перзенті екенін айтып кету қажет. Демек, ол да қателескен. Бүгінгі
заманның шыңынан тарихқа көз жіберсек, орын алған тарихта
болған бірде-бір революцияның алдына қойған мақсат-мұраттарына
жетпегенін, керісінше, миллиондаған адамдарды қайғы-қасіретке, адам
шошынарлық қантөгіске әкелгенін көреміз. Тарихи үдерістен шығатын
бүгінгі адамзаттың көзі жеткен тұжырымы – қоғамды күнбе-күнгі
қажымас еңбек, өзара келісімге келу, қайшылықтарды бейбіт жолмен
шешу арқылы өзгерту, даму болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: