Серік Мырзалы философия оқу құралы


массаға (біркелкі адамдарға) айналды», – деп  қорытады ХХ ғ. испан ойшылы  Х.Ортега-и-Гассет



Pdf көрінісі
бет421/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

массаға
(біркелкі адамдарға) айналды», – деп 
қорытады ХХ ғ. испан ойшылы 
Х.Ортега-и-Гассет
. Оған себепкер 
болған өндірісті конвейерлеу, миллиондаған бір-біріне толығынан ұқсас 
заттарды жасау және оны тұтыну, орташа, тіпті 
тұрпайы талғамға 
сәйкес келетін мәдениет туындыларын
жасау және оны миллиондаған 
адамдардың тұтынуы т.б.
Постиндустриалдық қоғамдағы өзгерістерді талдай келе, ХХ ғ. 
ұлы гуманисі 
А.Швейцер
адамның материалдық күш-қуаты өскен 
сайын, оның руханиятының тайыздана беретінін өкіне айтады. Ол 
осы қоғамдағы мәдени-адамгершілік дағдарысты, адамдардың бір-


496
біріне деген қарым-қатынасының жүдеуін, адам болмысының мән-
мағынасының азғанын, адамдардың бір-бірімен толыққанды да 
сән-салтанатты дидарласуының жетіспейтіндігін көрсетеді. Американ-
неміс философы 
Э.Фромм
Батыс адамының бақытты өмірді шексіз 
тұтыну жолында іздеуінің жалған жол екенін көрсетеді. Ал Нобель 
сыйлығының лауреаты 
К.Лоренцке
келер болсақ, техникалық про-
грестің айнала қоршаған ортаны аздырғаны жөнінде, табиғаттың 
айбындылығы мен сұлулығына қазіргі адамның мән бермейтінін, оның 
күшті де ыстық сезімдерінің сарқылып, зардап пен қуаныш-шаттықтың 
орнына зерігудің келгенін қазіргі адамзаттың күнәсі ретінде алға 
тартады. Ал Франкфурт мектебінің өкілі 
М.Хоркхаймер
жоғарыда 
көрсетілген кемшіліктердің негізгі себебін Батыс адамының қоршаған 
ортаны өзгертіп, билеп-төстеуге бағытталған құштарлығынан көреді. 
Бұл айтылған пікірлерден шығатын бірауыз сөз – ол қазіргі Батыс 
технократизмі мен сциентизмінің болашағының жоқтығы, бұл жолда 
адамзаттың бірде-бір негізгі мәселелерінің шешілмейтіндігі болса 
керек. Қазіргі адамзаттың қорланған сан алуан қайшылықтары тек қана 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет