Серік Мырзалы философия оқу құралы


постиндустриалдық қоғамның теріс жақтарын



Pdf көрінісі
бет420/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

постиндустриалдық қоғамның теріс жақтарын 
талдауға көшеміз
. Бірінші қоятын сұрағымыз: Индустриалдық қоғам-
дағы адамды құрал ретінде пайдалану, байлықты, капиталды негізгі 
мақсат-мұрат тұту жойылды ма? Әрине, жоқ. Постиндустриалдық 
қоғам өндіргіш күштерді өте биік дәрежеге көтеріп, миллиондаған 
адамдардың орасан зор күш-қуатын босатты. Ол күш-қуат қоғамның 
рухани жаңаруына, адамдардың жан-жақты дамып, шығармашылық 
деңгейге көтерілуіне жұмсалудың орнына материалдық 
заттар арқылы 
өмірден неше түрлі сезімдік ләззат алуға
бағытталады. Өйткен себебі, 
капиталдың өне бойы өсуі нарықтағы айналымның тез өтуімен тығыз 
байланысты. Керісінше жағдайда ол тоқырауға ұшырайды. Сондықтан 
жыл сайын жаңа тауарлардың сан алуаны шығарылып, жарнама 
арқылы адамдарға таратылады. Оларды тұтынатын адамдар өздерін 
өмірдің желісінен қалмадық деп есептейді де, тұтына алмағандар өзін 
бишара ретінде сезінеді. Мұндай өмір салты 
көбірек тұтынуды өмір 
мақсатына айналдырады
, ал ол үшін көбірек ақша табу керек, оның 
жолында сайысқа түсіп, стреске ұшырап, неше түрлі транквилизатор-
ларды қолданып, ақырында көп адамдар жүйке ауруларына шалдығады. 
Өмірдің мән-мағынасы жойылған адам 
әлеуметтік ауытқушылыққа 
шалдығып, қылмыстық жолға, я болмаса маскүнемдік, нашақорлық, 
тіпті өмірден бас тартуға дейін барады.
Постиндустриалдық қоғамда көп адамдар өзін еркінмін деп сезін-
генмен, іс жүзінде, биліктегілердің 
байқалмайтын нәзік ықпалының 
шеңберінен шыға алмайды
. Оны іске асыратын – сол елдердегі 
«Mass-medіa» (насихат, ақпарат беру) құралдары. Саясаттану тілінде 
оны «publіc relatіon», қысқаша, «P.R.» (бұқаралық қарым-қатынас) деп 
атайды. Ол әсіресе сайлау кезінде кеңінен қолданылады. Оның кейбір 
«қара» жақтары біздің елімізге де келіп жетті емес пе? 
«Осындай өмір салтының негізінде Батыс қоғамдарында тұлғалық 
ерекшеленуліктің орнына біркелкілік келіп, іс жүзінде халық 
бұқарасының көпшілігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет