493
Кеңес Одағындағы мемлекеттік меншікке негізделген жоспарлық эко-
номика Батыстағы капиталистік жеке меншікке негізделген нарықтық
экономикамен сайысқа түсе алмай, артта қала бастады. Ал К.Маркстің
формациялық
теориясы бойынша, социализм капиталистік қоғамның
жеткен жетістіктерін басып озып, одан да гөрі асқан өндіргіш күштерді
тудыруы керек еді. Осы ахуалды ескере отырып, Д.Бэлл, Р.Арон,
У.Ростоу сияқты Батыс ойшылдары К.Маркстің
коммунизм теория-
сын «утопиялық, ешқашанда өмірге келмейтін сағым» ретінде қарап,
қоғамды талдаудағы жаңа әдістеменің керек екенін алға тартты.
Сондықтан Батыс әлеуметтік философиясында формациялық талдаудың
орнына цивилизациялық сараптау жолының тағы бір түрі келді.
Бұл талдаудың негізінде жатқан анықтаушы – қоғамның өндіргіш
күштерінің дамуы, яғни бұл әдістемені де
қоғамды материалистік
жолмен түсінудің бір түрі ретінде қарауға болады. Оны кейбір кезде
Достарыңызбен бөлісу: