энергетикалық және
экологиялық қиындықтар болатын.
Аталған дағдарыстардан шығу жолында жаңа компьютерлік техноло-
гиялар дүниеге келіп, энергияны аз пайдаланатын, демек, экологиялық
жағынан да ұтымды өндіріс ошақтары пайда болады.
Сонымен, ХХ ғ. 60 жж. біршама индустриалдық жағынан дамыған
қоғамдар
постиндустриалдық (post – кейінгі) сатыға көтеріледі. Оны
кейбір кезде
ақпараттық қоғам дейді. Бүгінгі таңда постиндустриал-
дық сатыға жеткен елдерде 1 млрд. жуық адам өмір сүреді (әдебиетте
оларды «алтын миллиард» деп атап кеткен). Бұл елдерге Батыс Еуропа
елдерін, АҚШ, Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия, Жапония,
Малайзия, Сингапур т.с.с. жатқызуға болады.
Бұл сатыға жеткен қоғамдар қандай сапалық ерекшеліктерге жетті?
Постиндустриалдық мемлекеттердің негізгі институтына
универси- теттік білім беру саласы айналып отыр. Ол елдердегі жоғары оқу
орындары, негізінен, үш шеңберден тұрады. Оның өзегін лекциялар
оқылатын, семинарлар жүргізілетін оқу кешендері, екінші шеңберде –
ғылымның ең соңғы жетістіктерінің негізінде жасалған лаборато-
риялар, үшінші шеңберінде эксперименталды шеберханалар мен аз
көлемді түрде жаңа технологиялардың негізінде ойлап шығарылған
заттарды шығаратын мекемелер орналасқан. Яғни шығармашылық
деңгейге көтерілген жастардың неше түрлі идеяларының іске асу-
ына барлық жағдайлар жасалған. Соның арқасында университеттер
өндіргіш күштердің дамуының негізгі қайнар көзіне айналуда. Біздің
жас мемлекетімізде де университеттердің дамуына жағдай жасалып
жатқаны осы тұрғыдан алып қарағанда түсінікті болар. Әрине, бүгінгі
таңда ең алдымен біз оқу орындарының лабораториялық базаларын
күшейтуге көңіл аударуымыз қажет.
Постиндустриалдық қоғамды кейбір кезде
«тұтыну қоғамы» деп
атайды. Өйткені өндіргіш күштердің орасан зор дамуының нәтижесінде
халықтың көпшілігінің материалдық ахуалы биік деңгейге жетіп,
қолдағы байлықтан ләззат алуға бағытталған, сол арқылы өзін қоғамға
495
көрсету (демонстративтік тұтыну) өмір салты қалыптасты. Сонымен
«homo consumer» (тұтынушы адам) дүниеге келді.
Бұл арада біз