499
дар, радио және телестансалар жұмыс істеуде. Жеке адамдардың бас
бостандығы мен құқықтарының қорғалу деңгейі жыл артып өсуде.
Бүгінгі дамыған қоғамдарда заттық қорланған байлық емес, адам
факторы негізгі қоғам дамуының қайнар көзіне айналуда. Әр адамның
табиғи дарынын талантқа айналдырып, оны шығармашылық деңгейге
дайындайтын – университеттер. Олай болса, тәуелсіздікті алғаннан
бері білім беру жүйесін дамытуға да көп көңіл бөлінді. Көп жоғары
оқу орындары университет болып қайта құрылды, жеке меншікке
негізделген оқу орындары жұмыс істеп бәсекелестік бұл салаға да
жетті.
Дербестік алған халықтың тез арада шығармашылық мүмкіндіктері
гүлдеп, қазақ мәдениет қайраткерлері бүкіл дүние жүзіне халқымыздың
өз ерекшелігі, қайталанбас жақтарымен танылатын асыл мұраларын,
бүгінгі күнмен үндесіп жатқан жаңа туындыларын таныстырды. Айман
Мұсаходжаева, Жәния Әубәкірова, Марат Бисенғалиев, Роза Рымбаева,
Мақпал Жүнісова, Майра Мұхамедқызы т.с.с. мәдениет қайраткерлері
көп елдердің үлкен сахналарына шығып, еліміздің ғажап мәдени
құндылықтарын басқа халықтарға ұсынып, солардың қошеметіне
бөлінді.
Әрине, қайсыбір қоғамның жүйелі дағдарысы сан алуан қайшы-
лықтарға толы, оның негізгі ауыртпалығы қарапайым адамдардың
еншісіне өтеді. Әсіресе тоталитарлық социализм жүйесінен демокра-
тиялық қоғамға өтудің бұрын-соңды адамзат тарихында болмаған
қиындықтарға әкелгенін 90 жылдар айқын көрсетті. Алайда бас
бостандығына ие болған халқымыз оның барыне де шыдап, шығар-
машылық жолмен оларды жеңе білді.
Келесі даму сатысындағы негізгі мәселелер – шикізат өндіретін
елді жаңа технологияларға негізделген өндірісі бар, дүниежүзілік
бәсекелестікке сай келетін заттарды шығара алатын қоғамға айнал-
дыру болмақ. Сонымен қатар ұлттық тілімізді толыққанды дәрежеге
көтеріп, салтымыз бен әдет-ғұрпымызды жаңа өмірге сай келтіріп,
біздің рухымызға жат шетелден кірген тұрпайы мәдени туындыларды
сырттататын ахуалға жетсек дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: