Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет425/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

шектелген ресурстарды 
(байлықты) пайдаланады. Егер бары де ағыл-тегіл төгіліп жатса, онда 
саясаттың өзі де керек болмай қалар еді. Екіншіден, саясат – әрқашанда 
шынайы өмірден шығатын мүмкіндіктің өнері
. Саясат дегеніміз – 
сол шектелген байлықты әртүрлі топтардың мүдделерін ескере отырып, 
ары қарай дамуға жол ашатындай етіп бөлуге байланысты. Ал мұның 
өзі, үшіншіден, 
биліктегілер мен жалпы саясаткерлердің терең 
білімділігін
талап етеді. Мұны біз 
эксперттік
(сараптау) 
билік
деп 
айтсақ та болады. 
Қорыта келе, біз Қазақстан қоғамының әлеуметтік-демократиялық 
қоғам орнату жолында біршама жетістіктерге жеткенін байқадық. 
Негізгі мақсат – осы жолдан таймай, жер жүзіндегі озық үлгілерді 
бойымызға сіңіріп, өз руханиятымызбен ұштастырып, гүлденген елге 
айналу болмақ.
б) құқық философиясы
Келесі қоғамның құндылықтары – еркіндік пен теңдік. Кеңес Одағы 
заманында теңдік құндылығы жөнінде қаншама кітаптар мен мақалалар 
жазылып, болашақ коммунистік қоғамның өзегі ретінде қаралды. 
1985 ж. жарияланған «қайта құру» саясатынан осы уақытқа дейін 
еркіндік ұраны (либерализм) қоғамдық ақпарат құралдарының өзекті 
мәселесіне айналды. Егер бұрын партия-кеңес қайраткерлері теңдік 
ұранымен бүркемеленіп, өз мүдделерін іске асырса, бүгінгі «либе-
ралдар» теңдікті таза ұмытып, еркіндік ұранын пайдаланып, ұлттық 
байлықты жекешелендірді. Бұл – саяси сахнадағы көріністер. Енді біз 
бұл құндылықтарды философиялық тұрғыдан талдап көрелік.
Біріншіден, назар аударатын нәрсе – әрбір қоғам өз даму деңгейіне 
сәйкес еріктік пен теңдіктің белгілі бір мөлшерін анықтап, өмірге 
енгізеді. Тұрпайы қарапайым сана деңгейінде еріктікті «ойыма не 
келсе, соны істеймін» дегенге теңестіреді де, теңдікті «барын тең бөліп 
берумен» шатыстырады. Ал шынайы өмірде ондай еріктік пен теңдік 
ешқашанда тарихта болмаған және болашақта да болмайды. Абсолютті 
(шегіне жеткен) еріктік адамның басқаларға тәуелділігін жойып, 
оны жалғыздықтың тұңғиығына әкелген болар еді. Екіншіден, ондай 


512
еркіндік абсолютті теңдікпен ұласып, бір-бірін жойып (аннигиляция) 
жіберер еді. Сондықтан француз ойшылы А.Камю ондай еркіндікті 
«құзға бара жатқанын байқамайтын соқыр» адамға ұқсатты. 
Әрине, еркіндік – адамның тектік қасиеті, адам еріктікке 
жаратылған пенде. Еркіндіктің негізінде ғана адам шығармашылық 
дәрежеге көтеріліп, өз бойындағы қабілеттерін, талантын іске асыра 
алады. Адамды зорлап шығарма тудыруға итеру мүмкін емес. Өйткені 
оған шабыт керек. Ал зорлық пен шабыт – бір-бірімен ымыраласпай-
тын нәрселер. ХХI ғ. қойған талаптарына сәйкес даму үшін әр адамның 
еркін шығармашылық еңбегі керек. Ол үшін білімнің биік шыңдарына 
жету қажет. Сонымен қатар адамның теңдікке деген ұмтылысы да 
тарихтың қозғаушы күштеріне жататынын ескерген жөн. Теңдік 
рухы кең етек алған қоғамдарда адамдар өз абыройын, намысын (мен 
ешкімнен де кем емеспін деген сезім) жоғары деңгейде сезінеді. Яғни 
ол сезім де адамның шығармашылық іс-әрекетіне жол ашады. 
Тәуелсіз елге айналып, өз мемлекет іргесін қалау барысында 
бұрынғы тұрпайы теңдікке негізделген қоғамды еркіндікке баулуда 
біз біршама қиындықтардан өттік. Біріншіден, лезде жарияланған 
еркіндік ұранын пайдаланып қалған белсенділердің саны аз болды да, 
талай жылдар «жоғарыдан түсетін бұйрықтың» негізінде өмір сүрген 
көпшілік жаңа жағдайға таңырқап қарап, өз қамын іске асыра алмай 
қалды. Тек талай зардаптан өткен қалың бұқара жаңа өмірге бірте-
бірте бейімделіп, біршамасы іскерлік танытып, нарық-тың қойнауына 
кіріп жатқан жағдай бар. Жас мемлекеттің шағын және орта іскерлікті 
дамыту саясаты да халықтың еркіндікті сезініп, шығармашылық 
еңбегін оятуға өз септігін тигізді.
Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе – еріктік шеңберін сапалы заңдар 
арқылы анықтап, өмірге енгізу болмақ. Саясаттану тілінде оны «адам 
құқықтары» дейді. Сонымен қатар еркіндік ұранын алға тартып, 
ойына не келсе, соны істегісі келетіндерге, әсіресе қоғам өміріндегі 
қайшылықтарды пайдаланып, барыне «қара күйе жағып», билікке 
ұмтылғандарға заң жүзінде тосқауыл қойылуы керек. Әсіресе керекті 
нәрсе – бұрынғы қоғамның көп жетістіктерін қараламай, жаңа өмірге 
енгізу, соның ішінде халықтың санасында өшпес орын алған теңдік 
сезімді тек заң жүзінде ғана емес, моральдық құндылық ретінде сақтап 
қалу керектігі. Сонда ғана қоғамның шынайы демократизмін көруге 
болады.
Халықтың санасында терең ұялаған келесі құндылық – әлеуметтік 
әділеттілік. Бұл құндылық, сайып келгенде, еркіндік пен теңдіктің 
өлшемін, бірлігін құрайды. Әлеуметтік әділеттілікті тұрпайы теңдікке 
теңеуге болмайды. Өйткені адамдар туа келе әртүрлі, жүре келе 
олардың бойындағы айырмашылықтары да өсе бастайды. Өздерінің 


513
іскерлігі мен тапқырлығына байланысты адамдар әртүрлі деңгейде 
өмір сүреді. Солай десек те, ақыл-ойымызбен оны түсінсек те, 
әділеттілік сезім көп нәрселерді өзгертуге ұмтылдырады, өйткені ол 
адамның жүрегінде ұялаған. Ақыл-ой мен жүрек ақиқаттарының ара-
сында біршама айырмашылықтар бар, кейбір жағдайда жүрек шындығы 
тарихи көкжиекті дәлірек сезінеді. Әділеттілік сезім кемтарларға қол 
ұшын беруді, әлі ересек өмірге кірмеген жастардың өмір бастамасының 
тең болуын талап етеді. Расында да, әлі өмірге ешқандай үлес қоспаған 
жастардың арасындағы әлеуметтік айырмашылық болашақ азаматтың 
жүрегінде көпке дейін жазылмайтын жара қалдырады.
Әлеуметтік әділеттіліктің талаптарын іске асыруда мемлекеттің 
рөлін асыра бағалау қиын. Гегель айтқандай, «мемлекет – адамгершілік 
идеясының шынайы болмысы», өйткені оның негізгі мақсаты – 
қоғамның біртұтастығын қамтамасыз ету, төмендегі әлсіз әлеуметтік 
топтарға қамқорлық жасау. Тәуелсіз жас мемлекет алғашқы қадамынан 
бастап, өзінің «әлеуметтік» мәнін шынайы түрде көрсете білді. 
Экономикадағы сан қилы қиындықтарға қарамастан, зейнеткер, 
мүгедектер т.с.с. әлсіз топтарға уақытында жәрдемақылар төленіп, 
олардың көлемі жыл сайын өсуде.
Сонымен қатар қоғам өмірінде мейірімділік, қайырымдылық 
рухы әрбір азаматтың ішкі дүниесіне айналуы керек. Бүгінгі таңда 
неше түрлі қайырымдылық қорлар әлсіз топтарға көмек беріп, оларға 
моральдық қолдау жасайды. Іскер топтардың өкілдері де бұл игі істерге 
жыл сайын көбірек үлес қосуда. Талай жылдар бойы қорланып қалған 
қиын әлеуметтік мәселелердің бәрін шешуге біршама уақыт керектігі 
айдан анық. Әлеуметтік әділеттілік талаптарын мемлекетпен қатар, 
бүкіл қоғам болып жұмыла шешу керек.
Жоғарыда көрсетілген құндылықтарды өмірге енгізудегі құқық 
нормаларының орны ерекше. Жалпы алғанда, құқық деп біз әлеуметтік 
нормалар мен қарым-қатынастардың мемлекеттің күшімен қорғалатын, 
сондықтан олардың талаптары жалпыға бірдей қадағаланатын ерекше 
түрлерін айтамыз. Олай дейтін себебіміз – қоғам өмірінде басқа да 
әлеуметтік нормалар бар, мысалы, діни, моральдық, эстетикалық т.с.с. 
Құқық құндылықтары – цивилизациялық даму деңгейінің туындысы, 
өйткені олардың өмір сүруі мемлекетпен тығыз байланысты.
Негізінен, оларды екіге бөлуге болады. Біріншісі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет