Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет426/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

табиғи құқық-
тар
. Олардың ішіндегі іргелі негізгі құндылық – адамның өмір сүруге 
деген құқы. Ешбір адам, қандай лауазымды болса да, мекеме т.с.с. бұл 
құқыққа қол сұға алмайды. Келесі құқық – адам еріктігі, өйткені ол – 
тағы да оның рухани пенде ретіндегі тектік қасиеті. Теңдік құқы да 
осыларға жатады, өйткені барлық адамдар бұл дүниеге бірдей келіп, 
соңында кетеді. 


514
М.Вебердің айтуына қарағанда, табиғи құқықтар деп мемлекет 
қабылдайтын заңдарға қарсы қойылатын, олардан жоғары тұрған 
әділетті құқықтар жөніндегі түсініктерді айтуға болады.
Теологиялық көзқарастар оларды Құдайдың даналығы мен еркі 
арқылы адамдарға берілген құқықтар деп есептейді. Мысалы, Орта-
ғасырда өмір сүрген А.Августин оларды қайсыбір қоғамдағы тәртіптің 
негізінде жатқан, әділеттіліктің өлшемін құрайтын Құдайдың құдіретті 
күшінен туған «мәңгілік заң» ретінде қарайды.
Рационалдық философия шеңберінде табиғи құқықтарды адамның 
парасатты ой-өрісінен шығарады. 
Кейбір ағымдар табиғи құқықтарды адамның терең ішкі дүниесінде 
жатқан психикалық бастауларынан көреді.
Қалай дегенде де, қазіргі өмір сүріп жатқан мемлекеттердің қай-
қайсысы да адамның негізгі табиғи құқықтарын мойындайды.
Сонымен қатар құқық құндылықтарының пілдей бөлігі мемлекеттік 
заңдар арқылы берілген. Әдебиетте оларды 
позитивтік
(оң) 
құқықтар
дейді. Тарихи заңдар таптық қоғам дүниеге келген кезде алғашқы 
қауымдық қоғамның шеңберінде қалыптасқан әдет-ғұрыптарды жаңа 
жағдайға сай етіп өзгертіп, оларға мемлекеттік қолдау беру арқылы 
дүниеге келеді. Заңдардың екінші қайнар көзі – сот шешімдері – 
әдебиетте прецеденттік құқықтар деп аталады. Мысалы, Англияда осы 
уақытқа дейін ол заңды дамытудың негізгі құралы ретінде пайдаланы-
лады. Соңғы ең кең тараған әдіс – заңдарды шығармашылық жолмен 
тудыру. Ол үшін арнайы мемлекет билігінің тармағы – парламенттер 
жұмыс істейді.
Құқық пен заң ұғымдары бір-біріне өте жақын, бірақ тең емес. Заңды 
тудыратын адамдар, ал олардың қол астынан шығатын бірде-бір нәрсе 
кемшіліксіз болмайды. Біріншіден, қоғам өміріндегі шым-шытырық 
байланыстардан тұратын қатынастардың барын заңдық нормалар 
қамти алмайды. Екіншіден, заңда әртүрлі жағдайда өмір сүріп жатқан 
әлеуметтік топтардың мүдделері қамтылуы керек. Қайсыбір мемле-
кетте ол көбінесе дәулетті топтардың пайдасына шешіледі, өйткені 
олардың парламенттегі өкілдері заң шығару барысында бар күштерін 
сол топтардың мүдделерін заң арқылы бекітуге жұмсайды (саясатта-
нуда оны «лобби» – қолдаушылар дейді). 
Құқық құндылықтарының келесі ерекшелігі – олар саясат пен 
моральдың талаптарын бір-біріне ымыраға келтіретін дәнекер, құрал 
болып табылады. Қайсыбір саяси бағдарлама, мағлұмдама, – егер ол 
заң бойынша нақтыланып бекітілмесе, – жай сөз болып қала береді. 
Екінші жағынан, заң моральдық нормалардың талаптарын, аз да болса 
да, өз бойында қамтуы керек, сонда ғана оны шынайы өмірде адам-
дар қабылдайды. Сондықтан заңды «mіnіmum mіnі-morum» – ең аз 


515
көлемдегі адамгершілік дейді. Қайсыбір заң, бір жағынан, саясаттың 
өмірге енгізуге болатын талаптарын, екінші жағынан, аз да болса да, 
моральдық рухани қолдаудың бірлігін құрайды. Сөйтіп, моральдық-
рухани сана өз шегіне жеткен талаптарын өмірге енгізе алмай, 
мемлекеттің ырқына көнуге мәжбүр болып, соның арқасында өмірге 
заң келеді. 
Тіпті өмірге келген сапалы заңның өзі жүре келе ескіріп, өмірде 
болып жатқан өзгерістерге сай болмай қалады. Ондай жағдайда заңға 
өзгерістер, толықтырулар енгізілуі мүмкін. Сондықтан тез қарқынмен 
түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан Қазақстан қоғамында заң шығару 
мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Біршама заңдар қайта қаралып
толықтырылып, өзгерілуде (Еңбек заңы, Мемлекеттік қызмет ету заңы 
т.с.с.), жаңа заңдар қабылдануда.
Жоғарыда айтылған ойлардан шығатын түйін – заңды асыра бағалап 
(құқықтық романтизм), я болмаса оны ескермеуге (құқықтық нигилизм) 
болмайды. Ол қателік, біржақтылық болар еді. 
Құқықтық мемлекеттің бірден-бір негізгі ерекшелігі – заң өмірге 
еніп, қабылданғаннан кейін, бұлжытпай орындалуы керек. Ол – әсіресе 
мемлекеттік қызметтегі лауазымды азаматтардың қоғам алдындағы 
парызы. Егер мемлекет өзі шығарған заңдарын бұрмалап, бұзып отырса, 
онда қарапайым адамдардан не күтуге болады? Екінші жағынан, 
«заң ескірді, өмірге сай емес, олай болса, оны орындау тіпті қажет 
емес» деген ұранды бүркемеленіп, тек өз қамын күйттеген адамдарға 
да тосқауыл қойылуы керек. Егер заңның кейбір қағидалары ескірсе 
де, жаңа заң ресми түрде қабылданып, я болмаса ескірген қағидалар 
жойылып, толықтырулар енгізілгенше, ескі заң орындалуы қажет. 
Сонда ғана қоғам өмірінде белгілі бір тәртіп пен тыныштық сақталады. 
Енді, міне, қоғамның рухани өмір саласын талдауға да уақыт келді. 


516


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет