529
тіршіліктің азып-тозуына әкеліп жатқан жоқ па?
Тек таза есеп-
қисапқа (рационализм) негізделген ақыл-ой, егерде ол моральдық
құндылықтарға негізделмесе, дүниені бейберекеттіктің тұңғиығына,
тіпті адамзаттың өз өліміне әкелуі мүмкін. Моральдық құндылықтарға
мән бермей, «мен бәрін білемін» деген адам компьютердің бір түріне,
барлық тіршілікке өмір беріп тұрған Күн сәулесі емес,
сәулесі әлсіз
Айға ұқсайды. Ондай адам «білімді» болғанымен, өз салқындығымен
басқаларды алшақтатады. Моральдық санасы кемтар адам өз
шығармашылығында көп нәрсені байқамай, «барлық заттың өлшемі»
деген бағаға ие бола алмайды. Тек моральдық құндылықтармен тығыз
байланысты, соның ықпалындағы білім ғана адамды даналық дәрежеге
көтеріп, оны «заттардың өлшеміне» айналдырады. Сол себепті бүгінгі
таңда ғылым мен моральдың өзара байланысы ең өзекті мәселеге
айналды.
Енді өнер мен моральдың
арақатынасына келер болсақ, онда да
жоғарыдағы ахуал байқалады. Моральдан жұрдай «арсыз әсемдік»
адамды сүйсіндіре алар ма екен? Біз өнер саласындағы туындыларды
бағалағанда, ең алдымен оны тудырған қайраткердің адамгершілік
ізденісіне назар аударамыз.
Діннің моральдық мазмұны мыңдаған жылдар бойы адамның
рухани тірегіне, оның ішкі зұлымдыққа
қарсы тойтарыс бере алатын
күшке айналып отыр. Егерде біз діннен оның моральдық жақтарын
алып тастасақ, онда не қалар еді? Ол адамның ақыл-ойына сыймайтын
неше түрлі аңыздардың жиынтығы болып, оған сенуден көпшілік бас
тартар еді.
Философияға келсек, оның ұғымдық құрылымы, мазмұны, әрине,
жеке ғылымдардың аса тез қарқынды дамуына байланысты байыды, оны
терістей алмаймыз. Бірақ біз Платон мен Аристотель,
Әл-Фараби мен
Ф.Аквинский, Г.Гегель мен А.Шопенгауерден дүниенің шегіне жеткен
терең метафизикалық мәселелерін талдауда онша алысқа кете алмадық.
Сонымен қатар ойшылдың моральдық, адамгершілік көзқарасына бай-
ланысты жүздеген неше түрлі жаңа философиялық ағымдар пайда
болды емес пе? Өйткені дүниежүзілік тарихта ешқашанда моральдық
адами тебіреністе болмай, болмыстың терең қабаттарын зерттеп жатқан
ойшыл болған жоқ. Орыс халқының тамаша ойшылы С.Л.Франк
айтқандай, «моральдық сана арқылы біз болмыстың шексіз мұхитына
терең сүңгіп, іштей сезіне аламыз…, белгілі бір затты білу дегеніміз –
ортақ өмірде бірге болғаннан кейін оны іштей сезіну болмақ».
Енді саясат пен құқық саласына келер болсақ,
олар қоғамды
біріктіретін, оның біртұтастығын қамтамасыз ететін сыртқы күштерге
жатады. Егерде қоғам өміріндегі жүргізіліп жатқан саясат халықтың
жүрегінде моральдық жағынан ақталмаса, ол ешқандай нәтижеге
530
әкелмейді. Биліктегілер елді басқара алмай, шығарылған заңдар орын-
далмас еді.
Сөйтіп, жоғарыда көрсеткеніміздей,
Достарыңызбен бөлісу: