Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет431/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

Өнер 
Әлемін
тудырады. Оған әдебиет пен поэзия, қылқалам мен мүсін, 
сәулет пен әуен, сымбат т.с.с. өнер түрлерін жатқызуға болады. Өнер 
әлемі бізді аз уақыт болса да нақтылы болмыстан жоғарылатып, рухтың 
кереметтігін көрсетіп, жан-дүниеміздің ластанған жағын тазартады 
(Аристотельдің тілімен айтсақ, «катарсиске» әкеледі), біздің Ақиқат, 
Әсемдік, Сүйіспеншілікке деген сенімімізді нығайтады.
Қарапайым сана деңгейінде көп жағдайда «жан» мен «рух» бір 
мағынада түсініледі. Алайда олар – әртүрлі ұғымдар. «Жан» (псюхе, 
анима) деп біз адамның ішкі әлеміндегі өмірге деген іңкәрлігін, оның 
күнбе-күнгі қуанышы мен зардабын, оның жарқын, я болмаса күңгірт 
ұмтылуларын, жалпы алғанда, өмір сүруге бағытталған (витальдық) 
күш-қуатын айтамыз. Яғни оны адамның дене құрылысымен өте тығыз 
байланысты сезімдік-психикалық құбылыстардың жиынтығы деуге де 
болар еді. Тарихи жан адаммен бірге дүниеге келеді. Ал рухқа келер 
болсақ, ол адам психикасы дамуының соңғы жетілген сатыларымен 
байланысты. Неміс философы К.Ясперстің ойынша, рухтың дүниеге 
келген уақыты – кіндікті заманда (осевое время), шамамен б.з.д VIII-II 
ғғ. болса керек. Осы кезде адамның дерексіз ойлау қабілеті жетіліп, 
мифологиялық дүниетүсіну философиялық пайымдауға ауысып, 
көпқұдайлықтан бірқұдайлыққа негізделген әлемдік діндер дүниеге 
келеді. Міне, осы уақытта жан-дүниенің үстінде рух пайда болады.
Енді жеке адамның өмір сатыларына келер болсақ, онда да рух 
жаннан кейін қалыптаса бастайды. Егер жан деп біз адамның орга-
низм ретіндегі өмірге деген интенциясын (ұмтылысын) айтсақ, рухтың 
өмір сүруі тікелей адамның дене құрылысымен байланысты емес. 
Мысалы, әйгілі философ И.Канттың әлсіз денесінде күшті рух болды 
емес пе? Рух өз қалыптасу заңдылықтарына сүйенеді, өз-өзін адам өмір 
шеңберінің аяғына дейін дамытып, кейбір кезде тіпті адамның дене 
ахуалын ауырлатып та жіберуі мүмкін.
Негізінен, адамның өмір сатысын үшке бөлуге болады. Бірінші – 
жастық шақты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет