490
құндылықтар, шаруашылық формалары (А.Тойнби, В.Данилевский).
Төртіншіден, өндіргіш күштер дамуы биік дәрежеге көтеріліп,
негізгі қоғамдық қатынастардың заңмен ретке келтірілуі, адам
құқықтарының бұлжымай орындалуы, «тұтыну қоғамының» орнауы
(Д.Бэлл, З.Бзежинский). Бесіншіден, цивилизация дегеніміз, сайып
келгенде, – дін арқылы берілетін моральдық-рухани құндылықтардың
негізінде ұйымдасқан қоғам (В.Мак-Нил, С.Хантингтон). Әрине,
мұндай көпмағыналық ұғым тарихи үдерісті әртүрлі тұрғыдан талдауға
мүмкіндік береді.
Қалай дегенде де, әрине, алғашқы қауымдық қоғам белгілі бір
дәрежедегі мәдениетті тудырғанмен, цивилизация емес. ХХ ғ. өмір
сүрген көрнекті неміс ойшылы К.Ясперс цивилизация «кіндікті
заманда» – б.з.д. VIII-II ғғ. дүниеге келеді деген пікір айтады. «Бұл
кезде Шығыста да, Батыста да бүкіл адамзат пір тұтатын ойшыл-
дар дүниеге келіп, өз халықтарын адамгершілік жолға түсіреді. Олар:
Лао-Цзы мен Кон-фу-цзы (Қытай), Махавира мен Гаутама Сидхартха,
соңынан Будда аталған (Үндістан), Заратустра (Парсы), Сократ, Платон,
Аристотель (Грекия), Палестина топырағында дүниеге келген Киелі
кітапта көрсетілген кейіпкерлер», – деп қорытады К.Ясперс.
Алайда кіндікті заманды материалистік тұрғыдан түсінуге болар
ма екен? Аталған уақыт адамзаттың қола дәуірден өтіп, темір дәуіріне
келген кезін көрсетеді. Соқаның басына байлаған темірден жасалған
жер жыртқыш жердің өңделуін анағұрлым жақсартып, көп өнім алуға
мүмкіндік береді. Ал оның өзі қажеттіліктен артық байлықтың дүниеге
келуіне, соның нәтижесінде ең алдымен заттарды айырбастау, соңынан
олардың барын теңейтін алтын, кейін ақшаның пайда болуы әлеуметтік
айырмашылықты тудырады. Жеке меншік дүниеге келіп, мемлекеттік
дәрежеде ұйымдасқан қоғамның формасы туады. Енді қоғамда дене
еңбегімен тікелей айналыспай, өз өмірін толығынан ой еңбегіне арнаған
адамдар – жазушылар, философтар, діни қызметкерлер, мемлекет шен
иелері т.с.с. дүниеге келіп, олармен бірге жазба тарих пайда болып, мек-
тептер ашылады. Міне, енді дүниеге осы уақытта цивилизация келді
деп айтуға болады.
Енді тарихи үдерісті цивилизациялық-мәдени жолмен талдау
әдістемелерін алып қарасақ, осы ұғымдардың көпмағыналылығына
сай әртүрлі тұжырымдамаларды көруге болады. Алғашқы рет адам-
зат тарихына көз жіберіп «кезеңдік», яғни белгілі бір шеңберде дамып,
соңында бастапқы сатысына қайта оралу идеясын философияға енгізген
Достарыңызбен бөлісу: