Серік Мырзалы философия оқу құралы


Шығыс қоғамының негізгі ерекшелігі –  қауымдасып өмір сүрудің



Pdf көрінісі
бет410/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

Шығыс
қоғамының негізгі ерекшелігі – 
қауымдасып өмір сүрудің 
биік мәртебесінде
. Жеке адамның мүддесі әрқашанда ұжымның 
шеңберінде болып, соның талаптарына сай болуы қажет. Рулық, 
жерлестік, діни, касталық, отбасылық т.с.с. қауымдастықтың шеңберінде 
пайда болған моральдық, руханияттық, мәдени т.с.с. түсініктер, норма-
лар, құндылықтар тұлғаны баурап алып, өз еркіне көндіреді. Сонымен 
қатар ұжым жеке тұлғаны әрқашанда өз қамқорлығының шеңберінде 
ұстайды, ол қорғалған. Сондықтан бұл қоғамдарда әлеуметтік 
әділеттілікке көп көңіл бөлінеді. Әрине, мұнда да байлар мен кедейлер 
бар. Бірақ ол таптық емес, сословиелік негізде құрылған. Жеке меншікке 
де Батыстағы сияқты толыққанды құқық мұнда жоқ. Көп жағдайда 
байлық мемлекеттің, я болмаса қауымдастықтың қолында. Экономика 
бұл қоғамдарда ешқашанда негізгі мақсат-мұратқа айналмаған, ол – 
негізгі қажеттіліктерді өтейтін құрал ғана. Негізгі байлық – рухани 
жетілу, адамгершілік, ар-намыс пен абыройды биік дәрежеде ұстап
қорғау болып табылады. 
Мұның себебі айнала қоршаған ортаға мыңдаған жылдар бойы 
бейімделуден шықса керек. Мысалы, Қытай елі мыңдаған жылдар бойы 
жүздеген мың адамдардың басын біріктіріп, алып арналарды қазып
суармалы егіншілікпен айналысты, көшпенділерден қорғану ретінде 
ұзындығы 6000 шақырымнан артық «Ұлы қорғанды» соқты. Қытайдың 
ұзындығы 1000 шақырымнан артық кемелер жүретін арнасы – 
олардың мақтанышы. Мұндай жағдайда, әрине, мемлекеттің рөлі өте 
зор болды. Осы күнге дейін Қытайда жер мемлекеттің қолында. Ол тек 
жеке адамдарға жалға ғана беріледі. Мемлекеттің рөлінің тым биіктігі 
неше түрлі шен иелерінің құзырын арттырып, елбасының шектелмеген 
абсолютті билігін құрайды. Оны Батыс елдерінде «Шығыс озбырлығы» 
деп атап кеткен болатын. Егерде қайсыбір себептер болып, мемлекет 
әлсізденсе, мұндай қоғамдар тез уақытта тарқап отырған.
Енді 
Батыс
қоғамына келсек, оның негіздері сонау көне гректерге 
кетеді. Бұл ел жылы теңіздермен қоршалған, қысы жоқ, суы мол, 
жері құнарлы, сондықтан сонау ерте заманнан бастап, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет