Серік Мырзалы философия оқу құралы


әлеуметтік институт (орнығу)



Pdf көрінісі
бет409/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

әлеуметтік институт (орнығу)
деген ұғымды 
тудырады. Қоғам өміріндегі әртүрлі әлеуметтік институттар неше 
түрлі әлеуметтік нормалар арқылы адамдардың іс-әрекеттерін белгілі 
бір жолға қойып, оны қадағалап отырады. Егер адам оның талаптарын 
бұзса, оған неше түрлі санкциялар қолданылуы мүмкін. Әлеуметтік 
институттарға отбасын, балабақша мен мектепті, жоғары оқу орнын, 
еңбек ұжымын, парламент пен сотты, армияны т.с.с. жатқызуға болады. 
Солардың қызметінің арқасында адам әртүрлі 
рөлдерді меңгеріп, неше 
түрлі мәртебелерге ие болып, тұлғаға айналады
. Ол ең алдымен 
сәби кезінде отбасының риясыз сүйіспеншілігіне бөленіп, содан кейін 
балабақшаға барып, алғашқы әлеуметтілікпен кез болады, одан кейін 
мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына оқуға түсіп, мамандық алады
азаматтық дәрежеге көтеріледі. Енді ересек өмір басталып, тұлға еңбек 
ұжымына кіріп, саяси институттардың жұмысына қатысып, ары қарай 
шыңдала түседі т.с.с.
Қоғам өмірін талдауда 
«Шығыс» 
және 
«Батыс» қоғамы
деген 
ұғымдарды аттап өтуге болмайды. Шынында да, егер сіз Франция 
мен Мысырға турист болып барып, қоғамдағы тәртіпке, адамдардың 
арасындағы қарым-қатынасқа, әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне 
мұқият қарасаңыз, осы екі қоғамның арасындағы айырмашылықтарды 
әлеуметтану маманы болмасаңыз да аңғарасыз. Ол – шындық. Олай 
болса, біз оны түсінуіміз керек.


483
Шығыс қоғамы, өркениетінің тарихы сонау көне заманға кетеді. 
Мұндай қоғамдардың классикалық түрі ретінде Қытай қоғамын 
келтірсе де жеткілікті. Бұл ел мыңдаған жылдар бойы бүкіл адамзаттың 
алдында болып келді, тек XVIII ғасырдан бастап, Батыс Еуропа 
капиталистік қоғам шеңберінде ғылым мен техниканы дамытып
машиналық өндірісті пайдаланып, алғы шепке шығып кетті. Бүгінгі 
таңда Шығыс қоғамдары (Қытай, Үндістан, Иран, Араб елдері т.с.с.) 
заманның талабына сай жауап тауып, өте тез қарқынмен дамып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет