Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет104/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

СӨЗБЕН СОМДАЛҒАН ТҰЛҒА
Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, 
әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және 
образдылық. Бұл мәселені дұрыс таратып түсіну үшін, әуелі, әдебиеттің 
объектісі – өмір болғанда, предметі – адам екенін ескеруіміз керек.
Баяғы Аристотель заманынан күні бүгінге дейін адамнан тыс, 
адам өмірінен тыс ешқандай сөз өнерінің де, өнер туындысының да 
болмайтыны дәлелденген үстіне дәлелденіп келе жатыр. Әдебиеттің 
объектісі предмет арқылы яки сөз өнеріндегі өмір шындығы тек адам 
арқылы, адам образы арқылы ғана көркем жинақтау дәрежесіне көтеріле 
алады. 
Кітап немесе симфония не туралы жазылған? Сурет немесе 
скульптура не туралы салынған?.. Қандай сұрақ болсын, жауап біреу-
ақ: 
адам туралы, адамның әсемдігі мен
асылдығы жөнінде, адам 
рухының керемет күші мен қасиеті жайлы...
Өнер туындысының 
бәріне ортақ мазмұн – адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты; 
өнер туындысының қандай түрі болсын, әрқайсысы өз тілінде өмірдегі, 
қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен мағынасын ғана баяндап жатады. 
Кез келген әдеби шығарманың бетін ашсақ болғаны, іздеп табарымыз, 
тауып толғанарымыз – адам тағдыры, адамгершілік сыры. Көне дүние 
кербезі Милос Венерасынан осы күнгі асбтракционистердің кескін-
келбеттен ада мүскін мүсінсымақтарына дейінгі айтыс пен тартыс бір-ақ 
нәрсе өнердегі адам, адамгершілік төңірегінде ғана.


167
Адам тағдыры
– 
жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, 
өмірді танудың өзгеше тәсілі де: өмірде көрген тірі адамдар туралы, 
олардың хал-күйі, кескін-кейпі туралы тебірене, толғана ойланудан 
көбіне суреткердің сол адамдар өмір сүрген қоғам туралы көзқарасы 
қалыптасады, нәтижесінде сол қоғамдық шындықты көркем жинақтау 
мақсатынағы творчестволық әрекеті басталып кетеді. 
Демек, әдебиеттің предметі – адам дегенде, әңгіме дайын әдеби 
қаһарман жөнінде ғана емес, қаламгердің сол қаһарманды жасау үстіндегі 
барлық творчестволық әрекетінің ойы-қыры, қия-қалтарысы туралы 
болуға тиіс.
Белгілі бір дәуірлік шындықтан көркем шығарма туғызу үшін, 
бәрінен бұрын материал керек. Материал табудың суреткерлік тәсілі – 
сол дәуірдегі адам тағдырын қазу, қопару, «тірі құжаттарды» зерттеу. 
М.Әуезовтің «Абай» эпопеясына материал жинау тәсілі айта қалғандай: 
«Әлдеқашан бел асып кеткен керуеннің айдаладағы жұртына кешігіп 
жеткен жүргінші сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір 
қызғылт шоқ тауып алып, оны демімен үрлеп тұтатпақ болды десек, 
романға материал жинаған менің халім де дәл сол әрекет сияқты еді. Мен 
қарт адамдардың көмескі жадында ұмыт болған көп нәрселерді қайта 
ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы Әйгерімнің әжімді бетіне қарап, 
оның бір кезде Абайды тұтқындаған жас шырайлы ғажап сұлу жүзін 
«қалпына келтіруім» де әлгідей еді»
38
.
Өмірмен осылайша қоян-қолтық келген жағдайда ғана суреткердің 
творчестволық фантазиясы қимылға көшеді, қозғалысқа түседі. Дәл 
осы арада біз әдебиеттің предметі маңындағы авторлық айрықша әсем 
әрекетке, дәлірек айтқанда, әдебиеттегі адам бейнесін жасаудың шешуші 
шарты – ойдан шығару (вымысел) мәселесіне кезігеміз.
Ойдан шығару
– 
образға барар жол;
суреткердің өмірде көрген-
білгенін ойша өңдеу, қорыту, жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару жоқ 
жерде әдебиеттегі адам туралы мүлде ұғым болмайды. Ойдан шығару 
арқылы суреткер болашақ көркем образдың эскизін алдымен өзі ойша 
жасап, көз алдына ойша елестетіп алады. Суреткердің өз ойында нақты 
түрде мүсінделмеген, суреткердің көз алдына затты түрде елес бермеген 
бейне оның шығармасында тірі қаһарманға айналуы мүмкін емес. Бұл 
ретте, көркем талант дегеннің айрықша құпиясы мен күші суреткердің 
өзі жасамақ болған көркем бейненің кескін-кейпін, түр-тұлғасын өзінше 
көре білу қабілетіне, осыған орай қиял құпиясына, ойдан шығара білу 
күшіне байланысты.
38
Әуезов М. «Абай» романының жазылу жайынан. «Әдебиет және искусство», 1955. № 3, 95-
бет (мақаланы кезінде автордың құптауымен орысшадан ықшамдап аударған – біз – З.Қ.)


168
II
Образдың қазақшасы – көркем бейне. Бұл – кеңірек ұғым. Біз осыған 
қарай келе жатырмыз және кейін бұл мәселеге жеке тоқталамыз. Одан 
бұрын 
образ
деген терминнің мына бір қырын біліп алу шарт.
Ең қарапайым мағынасында образ – суретті сөз.
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлантып әр нені.
(Абай)
Осы жолдарды оқығанда біздің маңымызда әдеттегі жансыз табиғат 
емес, әлдебір тіршілік тыныстап, көз алдымызға кәдімгідей қимыл, 
құбылыс елестеп кетеді. Аспан жай тұрған жоқ, езу тартып, «күлімсіреп» 
тұр. Жер жай жатқан жоқ, әлгі бір жадырап, жайнап күлген аспанның 
қылығына елтіп, бір түрлі «ойланып» жатыр. Осының бәрін біз көзімізбен 
көріп, көкірегімізбен сезінетін секілдіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет