Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Жалпы редакциясын басқарған
ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы
Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы.
Томды баспаға дайындағандар:
Ісімақова А.С. (жауапты редактор), Ойсылбай А.Т. (жауапты шығарушы), Әзімханов М.К.,
Әбікенұлы Е. (құрастырушылар)
Пікір жазған:
Орда Г.Ж
. – филология ғылымдарының докторы
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5Каз)
ISBN 978-601-7414-22-1 (Т.15)
© М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты, 2013.
ISBN 978-601-7414-00-9
© «Әдебиет Әлемі» баспасы, көркемдеу, 2013.
5
АЛҒЫСӨЗ
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылыми қазына»
мақсатты бағдарламасы аясында жарық көретін ғылыми басылымдарды
дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
«Ғылыми қазына» сериясының негізгі мақсаты – отандық ғылым
тарихында ерекше орны бар іргелі зерттеулерді түпнұсқа қалпында еш
өзгертпестен дайындап, ғылыми басылым ретінде толық жариялау.
Бұл томға қазақ әдебиеттануының қалыптасуына Ахмет
Байтұрсынұлынан кейін өз үлесін қосқан көрнекті ғалым, академиктер
Қажым Жұмалиевтің (1907-1968) «Әдебиет теориясы» (1964), Зейнолла
Қабдоловтың (1927-2006) «Ахаңның әдеби қисындары» (1990),
«Феномен» (1994) «Сөз өнері» (2007) және Зәки Ахметовтің (1928-2002)
«Өлең сөздің теориясы» (1973) кітаптары енді.
Қажым Жұмалиев 1907 жылы 28 желтоқсанда қазіргі Батыс Қазақстан
облысы, Қаратөбе ауданында туған. Қ.Жұмалиев – ғалым, филология
ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстанның еңбек
сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақ КСР Ғылым академиясының
академигі (1967, 1946 жылдан корреспондент мүшесі). 1923-1925
жылы Орынбор ересектер мектебінде, Шымкент ауылшаруашылық
техникумында оқыған. 1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі Абай атындағы
ҚазҰПУ) бітірген. 1932-1937 жылдары Орал педагогика институтында
(қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті), 1937-1968 жылдары
ҚазПИ-де сабақ берді және қазақ әдебиеті кафедрасын басқарды. Қажым
Жұмалиев шығармашылық жолын ақындықтан бастаған, «Батырақ
Ғалиасқар» өлеңі 1928 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарияланған.
«Ерғожа мен Егізбай» поэмасы (1929), «Шабуыл» (1933), «Қанды су»
(1934), «Өмір жыры» (1938), «Қырдағы күрес» (1957) деп аталатын
жинақтары жарық көрді. Қ.Жұмалиев «Біржан-Сара» операсының
либреттосын (музыкасы М.Төлебаевтікі), «Арбасу» (Ә.Сәрсенбаевпен
бірге) пьесасын жазды. «Жайсаң жандар» (1969) кітабында Алаш
зиялылары С.Меңдешев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Қ.Жансүгіров,
С.Аспандияров, Қ.Сәтбаев, С.Камалов, т.б. шығармашылық портреттері
жазылған.
Қажым Жұмалиев – совет кезінде Махамбет ақынның
шығармашылығын Халел Досмұхамедұлынан кейін зерттеген ғалым.
Әдебиеттанушы ақын өлеңдерін 1939 жылы жинап бастырды, кейін
6
1948 жылы «Махамбет» атты монографиясын жариялады. Зерттеуде
Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихына қатысты тың деректермен
қатар ғалым Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы, Ығылман
Шөрекұлы шығармаларын талдап, ғылыми айналымға алғаш рет енгізді.
Қ.Жұмалиев Әдебиет және өнер институты даярлаған «Қазақ совет
әдебиеті очеркінің» (1948) бас редакторы, 6 томдық «Қазақ әдебиеті
тарихының» ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар аралығындағы қазақ әдебиетіне
арналған 2-томы, 1-кітабының (1960) жалпы редакциясын басқарды және
осы басылымның негізгі авторларының бірі болды. Қазақ әдебиетінен
орта мектепке (8-9 сынып) және жоғарғы оқу орындарына арнап қазақ
және орыс тілдерінде оқулықтар жазды. Ғалымның «Абайға дейінгі
қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1946) зерттеуі абайтануға
қосылған үлкен үлес болып табылады. Онда Қ.Жұмалиев Абайдың өмірі
мен шығармашылығын талдап, ақынның қазақ әдебиетіндегі орнын,
тарихи еңбегін, қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы қызметін жан-
жақты зерттеді. Бұл ғылыми басылымға совет кезінде Н.К.Дмитриев,
С.Е.Малов, В.М.Жирмунский, т.б. ғалымдар үлкен баға берді.
1958-1960 жылдары 2 томдық «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының
мәселелері», 2 томдық «Әдебиет тарихы» (1960), «Әдебиет теориясы»
(1938, 1941 латын әрпінде, 1960, 1964, 1969), «XVІ–XІX ғасырдағы
қазақ әдебиеті» (1967) кітаптары ұзақ уақыт бойы республикамыздың
жоғары оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланылды. Қ.Жұмалиев
зерттеулерінің негізгі саласы «Әдебиет теориясы» (1938) еңбегі. Бұл
совет кезінде тиым салынған қазақ тіліндегі А.Байтұрсынұлының
«Әдебиет танытқышынан» кейінгі әдебиеттанудағы пәнсөздерін
жүйелеуге арналған екінші талпыныс болатын. Өмірінің соңғы жылдары
ғалым әдеби стиль мәселесін зерттеуге ден қойды. Ғалымның бұл
ізденістері «Стиль – өнер ерекшелігі» (1968) атты кітабына негіз болды.
Мұнда зерттеуші жалпы әдебиеттанудағы стиль ұғымын, жазушының
дара стилі жайлы түсініктерді жаңа пайымдауларымен толықтырып,
С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков,
Ә.Сәрсенбаев, С.Камалов, Д.Әбілов, т.б. ақын-жазушылардың өзіне
тән стильдік ерекшеліктерін талдап көрсетті. Ғалым өмірінің отыз
жылын оқытушылық қызметке арнады және қазақ әдебиеттану ғылымы
мамандарын даярлауға өз үлесін қосты.
Қажым Жұмалиевің 1938 жылы шыққан «Әдебиет теориясы» совет
кезіндегі орыс тіліндегі орта мектептер үшін жазылған В.Виноградовтың
«Әдебиет теориясының» негізінде жазылған. Одан кейін қазақ тіліндегі
«Әдебиет теориясы» түзетіліп, өңделіп бірнеше рет қайта басылды.
Зерттеуші кітаптың жазылуына ықпал еткен әдебиеттер тізімін келтіре
отырып былай дейді: «Осылардың ішінде әсіресе көбірек сүйенетініміз
орыс тіліндегі әдебиет теориясы оқулықтары болды. Ескі заманнан келе
7
жатқан жалпыға бірдей кейбір әдебиеттік қағида, кейбір анықтауларды
ол кітаптардағы анықтаулармен сәйкес етуге тырыстық. Өйткені әдебиет
теориясының мәселелері барлық елдердің көркем әдебиетіне ортақ.
Мысалы, әдебиет тегі (жанр), метод (стиль), композиция, поэтикалық тіл,
т.б. ескі заманнан бері өздеріне тән негізгі ерекшеліктерін сақтап келеді.
Оларды кейінгі зерттеушілер жаңа жағдайда, жаңа көзқарасқа сәйкес
дамыту, бұрынғылардың пікіріндегі олқы жерлерді толықтыру бағытында
ілгерілетуде»
1
. Ғалым совет кезіндегі әдебиеттанудағы мойындалған
түсініктердің жалпыға ортақ екенін осылай нақтылап берген.
Әдебиет теориясының әдебиет тарихы, әдебиет сынынан қандай
ерекшелігі бар? Ғылыми сала ретінде ол несімен қажет? деген сауалға
ғалым былай деп жауап береді: «Әдебиет теориясы жайлы еңбек
жазу өте қызықтылығы, мәнінің зорлығымен қатар, мейлінше қиын.
Өйткені ол әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктерін тапжылмай тануды,
көркем әдебиеттердің кейбір мәселелеріндегі (композиция, тіл, өлең
құрылыстары) көзге ілікпестей, байқатпастай өзгешіліктерді шатастырып
алмауды талап етеді. Композицияның бір элементін не поэтикалық тілдің
бір түрін екіншілермен шатастырсақ болды, онан кейінгі талдауларымыз
дұрыс болмайды. Математикада бір знак (белгі) теріс қойылса, есептің
еш уақытта дұрыс шықпайтыны сықылды, әдебиет теориясының
элементтері де мейлінше мұқияттылықты керек етеді»
2
.
Қазақ әдебиетінің теориясын Қ.Жұмалиев орыс әдебиеттану
контексінде қарастырды және қазақ әдеби үдерісін басты ғылыми мақсат
етіп, Махамбет, Абай, Ыбырайдың әдеби мұралары негізінде талданған.
Кітапта әдеби мінез, образ, көркем шығарма, әдеби тип, композиция,
сюжет, портрет, мінездеу, қатысушылардың сөзі, монолог, диалог, жанама
мінездеу, экспозиция, байланыс, дәлелдеу (мотивировка), ситуация,
шиеленісу, шарықтау шегі, шешу, пейзаж және баяндау, оқиғаның
құрылыс тәртібі, пролог, эпилог, көркем шығармалардың тілі, т.б. әдеби
категориялар қазақ тілінде нақты мысалдар арқылы айқындалған.
«Өлең және оның құрылысы» атты тарауда өлең және көркем қара
сөз, ырғақ, өлеңнің әлеуметтік рөлі, өлең құрылыстары, шумақ, тармақ
құрылыстары, аралас бунақты тармақ; өлең бунағы мен буын түрлері:
бунақ құрылысының түрлері, өлеңнің буын түрлері, бас бунағы бірыңғай
емес өлең, сегіз буынды өлең, жеті буынды өлең, аралас буынды өлең
талданған.
Өлең ұйқасына қатысты тың, бұрын айтылмаған қара өлең ұйқасы,
шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс ұйқас, егіз ұйқас,
аралас келетін ұйқас, осы күнгі ерікті ұйқас деген тұжырымдар жасалған.
1
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1964. 4-5-бб.
2
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1964. 5-б.
8
Ғалымның әдебиеттану ғылымы, әдебиеттің теориялық мәселелерінің
даму жолдары, әдебиет теориясының тарихы, көркем әдебиет тараулары
советтік әдебиеттану негізінде жазылған.
Қ.Жұмалиев «Көркем әдебиет», «Көркем өнер» туралы тарауларында
А.Байтұрсынұлының 1926 жылы шыққан «Әдебиет танытқыштағы»
теориялық ойларын дамытады. «Көркем әдебиет – искусствоның
бір саласы. Көркемөнер беске бөлінеді: архитектура (сәулет өнері),
скульптура (мүсін өнері), живопись (сурет өнері), музыка және әдебиет
(сөз өнері)»
3
.
Әдебиеттанушылардың айтуынша, әдебиет көркем өнердің ең негізгі
саласы болып есептеледі. Көркем өнердің басқа түрлері бірінің жұмысын
бірі атқара алмайды. Ал сөз өнері арқылы сәулетті сарайдың көрінісін
де құйып қойғандай, адамның кескінін де, табиғаттың көрікті суретін
де жасауға болады... Бұған скульптура, живопись не басқаларының
мүмкіншілігі жоқ», –деп А.Байтұрсынұлының скульптураны – сымбат
өнері, живопись – кескін өнері дегенін ғана өзгерткен. «Әдебиет – араб
сөзі, көркем сөз, сөз асылы деген мағынада. Орысша «литература»
дейді»
4
.
«Әдебиет танытқыштағы» «Сөз өнерінің ғылымы» былай басталады:
«Сөз өнеріне жұмсалатын зат сөз»: «Сөз өнері адам санасының үш негізіне
тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге»
5
деген қағидасын Қ.Жұмалиев
өз сөзімен берген: «Көркем әдебиеттің образ жасаудағы құралы – сөз. Тіл
қорынан сөздердің ең керектісін таңдап, талдап ала білудің және олардың
сөйлемнің құрамында шебер қиюластырудың арқасында жазушылар
адам ойының түюі мен сезім түйсігінің әр алуан құбылысын суреттеп
бере алады». Бұл – оны көркем өнердің ішінде өмірді әрі толық, әрі кең
суреттейтін сегіз қырлы және халыққа көп тарайтын түрі ететін шарттың
бірі»
6
.
Суреттілік (образдылық), типтік бейне, шындық және суреттілік,
әдебиеттің тарихтылығы, әдебиеттің халықтығы, көркем әдебиеттің
қоғамдық мәні тақырып және идея, образ – тип, композиция және сюжет,
портрет кеңес әдебиеттанудың таным тұрғысынан жазылған. «Мінездеу»
тараушасында Қ.Жұмалиев А.Байтұрсынұлындай меңзейді: «Жазушы
шығармаға қатысушылардың сыртқы портретімен қатар ішкі портретін
– мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді.
Әдебиетте мұны мінездеу дейді». «Құлқы, наным-сенім, дүниеге
көзқарасы» деген сөз тіркесі «Әдебиет танытқыштан» алынғаны анық
көрініп тұр.
3
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1964.25-б.
4
Сонда, 25-б.
5
Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығ. жинағы. Т.1. – Алматы: Алаш, 2003. 168-б.
6
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1964. 26-б.
9
Қ.Жұмалиев пейзаж, баяндау, оқиғаның құрылыс тәртібі, эпилог
– совет кезіндегі әдебиеттану талаптарына сай жазылған. Көркем
шығармалардың тілі (тілдің қоғамдық мәні, көркем тіл, сөз мәніндегі
кейбір ерекшеліктер де «Әдебиет танытқыштың» басты ойларына
негізделген), синоним, омоним, архаизм, диалектизм, неологизм, т.б.
совет әдебиеттану талаптарымен үндестірген.
Әдебиеттанушы эпитет пен теңеу, олардың ерекшеліктері тарауында
да А.Байтұрсынұлының ойларын сол кездегі ресми біліммен ұштастыра
білген. Теңеу тараушаларындағы тұжырым да «Әдебиет танытқыштан»
алынған: «Жазушы бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін, ол нәрсенің
өзгешілік белгілерін көрсетпей-ақ, оны екінші нәрсемен салыстырып та
суреттей алады. Бұл салыстыруды
теңеу
деп атайды».
Троп – грекше бұрылыс, бұрма сөз дей келе Қ.Жұмалиев осы
тұста да А.Байтұрсынұлының ойын қайталайды: «Тілімізде жоғарғы
айтылғандар тәрізді, өз мағынасында қолданылатын сөздермен қатар,
ауыспалы мағынасында қолданылатын сөздер де аз емес. Олар әсіресе
көркем әдебиетте көбірек кездеседі. Көркем тілдің басқа түрлерінен
ауыстыру мағынасында қолданылатын сөздердің негізгі ерекшелігі
астарлылығында. Бір нәрсені айтып, екінші мағына ұқтыруында»
7
.
«Әдебиет теориясының» өзгешілігі бұл тараушаны Қ.Жұмалиев
метафора, кейіптеу, метонимия, синекдоха, символ, аллегория деп
ажыратуы ғана!
А.Байтұрсынұлы тіл көрнектілігі деп көріктеу, меңзеу (теңеу), (әшейін
теңеу, әдейі теңеу), ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, әсірелеу,
мезгеу, әсерлеу (лептеу), (арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту,
түйдектеу, бүкпелеу, кескіндеу) деп тек қазақ тілінде ғана айқындап
берген.
А.Байтұрсынұлының жоғарыда аталған теңеулеріне Қ.Жұмалиев
параллелизмді ғана қосады. «Параллелизм – көркем тілдердің негізгі бір
түрі. Бұл
Достарыңызбен бөлісу: |