16
«Сөзбен шыңдалған шындық» тарауда автор: «Әдебиет – ықшамдалған
әлем» (Салтыков-Щедрин) болса, әдеби шығарма – сол нұрлы дүниенің
сырлы бөлегі. Ол – өмірдің өзі секілді күрделі,
бұралаңы көп, қия-
қалтарысы мол шытырман шындық. «Шұғаның белгісі», «Еңлік–Кебек»,
«Сұлушаш», т.б.» шығармаларды оқып, тұшынамыз,
тағы оқимыз,
ойланамыз. Жалықпаймыз. Әр оқыған сайын бұрын байқамаған жаңа,
соны сыр ұққандай боламыз. Шын мәніндегі шынайы өнер туындысы
оқырманға
осылай әсер етуін, сыртқы түрі мен ішкі сырының тамаша
үндестігін таразылайды.
«Сөз өнері жайлы ғылым» тарауында зерттеуші әдебиет туралы ғылым
яғни әдебиет дегеннің өзі не нәрсе екенін, әдебиетті жасаушы суреткер
жөнін, сөз өнерінің қоғамдық бітімі мен идеологиялық пішінін жалпы
түрде байыптайды. Нәтижесінде сөз өнері жайлы (әдебиеттің теориясы,
тарихы, сыны)
нақты ұғым-тұжырымдарға, оның туу, даму тарихын
қысқаша
шолып өтіп, одан әрі бірыңғай теориялық толғамдарға көшеді.
«Сөз сарасы», «Сөз өнеріндегі тек пен түр», «Сөз өнеріндегі бет пен
бағыт» тараулары қазақ поэзиясында ұйқастардың түрлері, ырғақ пен
шумақ, тармақ пен бунақ, жанр (драма, лирика, эпос), оның түрлері,
стиль, жазушының
стильдік ерекшеліктері, әдебиетегі бағыттар, әдеби
тип, образдың жасалу жолдарын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: