психологиялық
және
синтаксистік
параллелизм болып екіге
бөлінеді».
Қ.Жұмалиев «Әдебиет теориясының» «Әдеби метод – әдеби стиль»
тарауында да «Әдебиет танытқыштағы» басты ойларды пайдаланған.
Тек соңғы «Әдебиеттегі методтар – классицизм, романтизм, реализм,
социалистік реализм» тарауы ғана соцреализм (советтік заман) талабына
сай жазылған. Әдебиеттің тектері мен түрлері эпос – әңгіме, лирика
– өлең, драма – қимыл деп алғаны А.Байтұрсынұлының теориясына
сүйенгендік. Айырмашылығы А.Байтұрсынұлы өлеңді лирика емес,
толғау деп атаған.
Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясының» орыс тіліндегі «Әдебиет
7
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1964. 116-б.
10
теориясы» кітаптарынан айырмашылығы бар яғни совет кезіндегі
орыс сыншылары В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, В.В.Виноградов,
Л.И.Тимофеев,
Л.В.Щепилова,
Г.Л.Абрамович,
А.И.Ефимов,
М.Серебрянский, А.Н.Тарасенков, т.б. ғалымдардың теориялық
көзқарастарына сүйене отырып, қазақ әдебиеттану ғылымындағы
мәселелерді жаңаша талдап, орнымен пайдалана білді.
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышын» атауға ресми
тыйым салынған соцреализм тұсында Қажым Жұмалиев бұл басылымның
басты қағидаларын атай алмай, ғылымға осылай енгізуге мәжбүр болды.
Зейнолла Қабдолов
1927 жылы 12 желтоқсанда қазіргі Атырау
облысы Мақат ауданы Доссор мұнай кентінде дүниеге келген. 1945 жылы
қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің
филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген.
Осы білім ордасында елу жылдан астам үздіксіз білім берді және ғылыми
жұмыстарын қатар жүргізді. Ширек ғасыр бойы әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің әдебиет кафедрасын басқарып, «Арна»
зерттеу сын-эссесі, «Жанр сыры», «Сөз өнері» монографиялары, «Жебе»
әдеби толғаныстар мен талдаулары, «Көзқарас», «Әдебиет теориясының
негіздері» атты еңбектері студенттер мен мұғалімдердің және жазушы-
журналистердің қажет кітаптарына айналды. Аударма саласымен де
айналысып, А.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін, Н.Гогольдің
мақаласы мен хаттарын, В.Добровольскийдің «Сұр шинельді үш жігіт»,
В.Закруткиннің «Судағы станица» романдарын, А.Островскийдің
«Ұшынған ақша», М.Горькийдің «Күн перзенттері», Н.Хикметтің
«Елеусіз қалған есіл ер» пьесаларын қазақ тілінде сөйлетті. З.Қабдоловтың
көркем шығармалары да бірнеше шет тілдеріне аударылды.
З.Қабдолов «Халықтар достығы», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен,
көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет
грамоталарымен марапатталған. Ғалым Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының академигі және Шоқан Уәлиханов атындағы
І-дәрежелі сыйлығының иегері. Зейнолла Қабдоловқа 1998 жылы
«Менің Әуезовім» атты роман-эссесі үшін Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Ғалым «Әдебиет теориясының негіздері» кітабының (1970) «Бастау»
атты алғысөзінде былай дейді: «Қазақтың әдебиет тану ғылымы
туу, қалыптасу дәуірінен өткелі қашан! Бұл ғылымды бүгін де жас
деуге де болмайды, бұл ғылым қазір жан-жақты даму, үздіксіз өсу,
өркендеу кездерін бастан кешіріп отыр»
8
. З.Қабдолов «Әдебиет тану»
деп А.Байтұрсынұлынша келтірген. Ғалым осы тұста әдебиеттану
ғылымының «әлгі күнге кенжелеп келе жатқан сала – әдебиет теориясы»
деп анықтай түседі. Қ.Жұмалиевтің, М.Қаратаевтың, З.Ахметовтің әдеби
8
Қабдолов З. Көзқарас: Талдаулар мен толғаулар. – Алматы: Рауан, 1996. – 256 б.
11
тіл мен стиль, көркемдік әдіс пен өлең туралы зерттеулерін де атап өтеді.
З.Қабдолов Қ.Жұмалиевтің орта мектепке арналған «Әдебиет теориясы»
(1960) мен Е.Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелерін»
(1940) теориялық еңбектер деп айқындап береді.
3.Қабдоловтың «Көзқарас: Талдаулар мен толғаулар» (1996)
атты зерттеуінің маңызы ерекше. Ғалым 1990 жылы шілде айында
Қазақстан Жазушылар одағында өткен Ахмет Байтұрсынұлының
шығармашылығына арналған конференцияда тұңғыш рет ресми түрде
тәуелсіздік көзімен «Әдебиет танытқышты» арнайы ғылыми-теориялық
тұрғыда талдап, оның тарихи орнын анықтап берді. Бұл З.Қабдоловтың
Ұлт ұстазы алдындағы шәкірттік парызы іспеттес. Теория деген сөзді
З.Қабдолов «Қисындар» деп алады: «Қисындар дегеніміз не? Мұның да
себебі бар... Қисын – Ахаң айшықтаған сөз: философияны – фәлсафа деп
аударғаны секілді қисын деген сөзді теорияның баламасы ретінде алған.
Біз де солай еттік»
9
.
Осы зерттеуінде З.Қабдолов: «Демек, күні кешеге дейін кешең қалып
келген әдебиет теориясы да бізде, туған әдебиетіміздің тарихы мен
сыны секілді бүтінделеді. Әлгі бір Аристотель қалыптастырған ұғыммен
тұжырар болсақ, бұл ғылым да бүтін: мұның да «басы, ортасы, аяғы»
бар. Басы – жиырмасыншы жылдарда туған Ахмет Байтұрсыновтың
«Әдебиет танытқышы»; ортасы – қырқыншы жылдарға таяу басылып
шыққан Қажым Жұмалиевтың «Әдебиет теориясы» мен Есмағамбет
Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері»; аяғы – алпысыншы
жылдардың ақырына таман жазылып бітіп, жарық көрген Зейнолла
Қабдоловтың «Әдебиет теориясының негіздері
10
.
Бұрын атын атай алмаған, бірақ еңбектерін пайдаланып жүрген
бүгінгі зиялы қауым ішінен З.Қабдолов бірінші болып Ұлт Ұстазы
алдында кешірім сұраған тұлға. Сол сөздері үшін З.Қабдоловты бүгінгі
заманның көп емес зиялыларының қатарына жатқызамыз. Ғалым: «Ахаң
жоқта біздегі әдебиет теориясы басы жоқ кеуде секілді еді. Ал басы жоқ
дене бола ма? Қайтейік, болады деп келдік...» Себебі, деп жалғастырады
ғалым «С.Сейфуллиннің сөзімен айтқанда, «қазақ халқын байға, кедейге
бөлмей, намысын бірдей жыртып, арын бірге жақтаған» Ахаңның араға
алпыс жыл салып қайтып оралуы ақын-ойшыл-оқымысты ретіндегі өзге
қырларын өз алдына қойғанда, біздің әдебиет туралы ғылымымызды,
оның теориясын осылай бүтіндеді.
Туған топырағымыздағы әдебиет теориясының басы болып табылатын
«Әдебиет танытқыштың» айта қалғандай қадірі мен қасиеті, тарихи мәні
мен маңызы дәл осы арада жатыр»
11
, – дейді.
З.Қабдоловтың айтуынша, дүниежүзілік әдебиет теориясында
9
Қабдолов З. Көзқарас: Талдаулар мен толғаулар. – Алматы: Рауан, 1996. 69-б.
10
Сонда, 70-б.
11
Сонда, 70-б.
12
«Арнаудың» бір-ақ түрі айқындалған. «Ал қазақ поэзиясында Ахаң
осының үстіне үш түр (сұрай арнау, зарлай арнау, жарлай арнау) қосып,
құбылтып, тотының түгіндей құлпыртып әкетеді»
12
.
Зерттеуші: «Әдеттегі дәстүр жалғастығының заңына орай осы үш
түрлі арнауды әрқайсысымыз өзімізше пайымдап, қисындап, кейде тіпті
қиыннан қиыстырып, біз де (Жұмалиев те, Ысмайылов та, Қабдолов та)
кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ амал не, бұл жаңалықты тапқан Ахаң
екенін кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе сілтеме жасауға мәжбүр
болдық»,– дейді.
З.Қабдолов «Әдебиет танытқышта» тұңғыш рет әдеби терминдерді
қазақша қалыптастырғанын және кітап шыққан кезде бүгінгі көзі тірі
академиктердің біразы «Ахаңның еңбегі ескірген, ғылым ХХ ғасырдың
соңында кеткен» деп өз еңбектерін алға тартуға тырысқанын да білеміз.
«Әдебиет танытқыштағы» қазақ өлеңінің құрылысы, қазақ
әдебиетінің ұзақ тарихының шолуына да З.Қабдолов баға береді: «Бұл
бөлімнің ең бір құнды жері – әдебиеттің Аристотель белгілеген негізгі
үш тегін яки жанрын (эпос, лирика, драма) грек тілінен түп-түгел қазақ
тіліне ауыстырып алады да, әр жанрдың жанрлық түрлерін өзіміздің төл
әдебиетімізден іздейді. Мысалы, лириканың алғашқы үлгілерін қазақтың
сонау тұрмыс-салт жырларынан іздеп табады. Сонда, ең жеңілі жоқтау
– эпитафияға, мақтау – одаға, даттау – сатираға балама болып шыға
келеді. Дәл осы ретпен әдебиеттің үшінші тегін Аристотельше «Драма»
деп емес, Ахаңша «Айтыс-тартыс» деп алады да, осы жанрдың жанрлық
түрлерін, айталық, Трагедияны – Мерт яки әлекті тартыс, Драманы –
Сергелдең яки азапты тартыс, Комедияны – Арамтер яки әурешілік деп
алады. Сөйтіп, Ахаң әдебиет теориясының негіздерін қазақтар ортасына
осылай әкеліп орнықтырып, әдебиет теориясына айрықша ұлттық сипат
дарытудың жолын, әдісі мен амалын, міне, осылай іздеді»
13
.
Әдебиеттану ғылымының үш саласын (әдебиет тарихы, әдебиеттің
теориясы, әдебиеттің сыны) айта келе З.Қабдолов осылардың басында
тұрған алғаш еңбектерді енді ғана атауға мүмкін екенін айтады: «Десек
те, әдебиеттанудың осы үш тарауының да басында тұратын, бастапқы
желісі болып тартылатын, алғашқы адымдары ретінде белгілі бір
композициялық тұтастыққа келтірілген, бас-аяғы бүтін еңбектер болады.
Қазақ топырағында сондай еңбектер – Ахмет Байтұрсыновтың
Достарыңызбен бөлісу: |