34
II ТАРАУ
ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ИДЕЯ
Тақырып.
Мейлі шағын, мейлі көлемді, ұзақ шығарма болсын,
жазушы-ақындар өмір туралы, адам және олардың араларындағы қарым-
қатынастар туралы жұртшылыққа өздерінің ой-пікірлерін, көзқарастарын
ұсынады.
Шығарманы жазбас бұрын қандай мәселені оқушының алдына
тартпақшы, сол туралы аз ба, көп пе ойлайды. Сан алуан пікірлердің
ішінен біреуін негізгі ойының қазығы етеді. Сол шығарманың
тақырыбы
саналады.
М.О.Әуезовтің атақты «Абай» романы төрт томдық, көлемді еңбек.
Әйтсе де сол романның негізгі тақырыбы не деген сұраққа: «XIX
ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың әлеуметтік құрылысында
ғасырлар бойы үстемдік алып келген рушыл-феодалдық таптың өкілдері
мен жаңа заманның жаршысы, прогресшілдік бағытты қолдаушы
демократтық топтардың күресі» дер едік. Әрине, әңгіме негізгі тақырып
туралы. Мұндай желісі ұзаққа тартылған үлкен шығармаларда, қосымша
тақырыптар да аз болмайды. Сүйіспеншілік, феодалдардың өзара
тартысы, барымта-сырымта тәрізді тұрмыс-салт мәселесі, т.б. бар.
А.С.Серафимовичтің «Темір тасқынының» тақырыбы – 20-жылдың
бас кезінде Кубаньда болған азамат соғысы. А.А.Фадеевтің «Тасталқан»
атты романының тақырыбы – азамат соғысы кезінде Қиыр Шығыстағы
айнала қоршаған интервенттердің қамауын бұзып шығу үшін күрескен
қызыл партизан отрядының ерліктері деуге болар еді.
Шығарманың тақырыбын шығарманың идеясынан бөліп қарауға
болмайды. Жазушының шығарманы не турада жазуын
Достарыңызбен бөлісу: