Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет14/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Көркем әдебиеттің қоғамдық мәні.
Көркем әдебиет өмір 
құбылыстарының әр алуан жақтарын суреттеу арқылы көз алдымызға 
елестетіп, ой, сезімімізге әсер етеді. Әлеумет өмірінде адамдарда 
болатын әртүрлі құбылыстарды, мінез-құлықтарды жинақтап 
ұнамды, ұнамсыз образдар жасайды. Оқушыны жаманшылықтан 
қашырып, жақсылыққа жетектейді, тәлім-тәрбие береді, таптар 
арасындағы қайшылықтарды суреттеп, шындықтың бетін ашады, 
күреске шақырады.
Көркем әдебиет оқушыларының эстетикалық сезімін оятып, 
әдемілікті сезінуге, мінез-құлықтарын жақсартуға көмектеседі. 
Көркем әдебиет қоғамның даму процесінде, тап күресінде туады да 
және сол күрестің дамуына әсерін тигізеді. Мысалы, M.Горькийдің 
«Ана» романы Россиядағы реакциялық жылдарында дүниеге келді. 
Роман жұмысшыларды революциялық жігерлі күреске, жеңіске 
шақырды. П.Власов, ана, т.б. революционерлердің қаһармандық, 
ерліктерін суреттеу арқылы жазушы жұмысшы табының жеңіп 
шығатындығына оқушыларын нық сендірді.
1905 жылғы жеңілуден кейін, орыстың дворян-буржуазия 
жазушылары, декаденттер оқушы жұртшылығын әлеумет өміріндегі 
күрес-тартыстан аулақтатуға тырысты. Әдебиет, искусство 
әдемілікті жырлауы керек деді, революцияшылдық идеяны жыр 
еткен жазушыларды шенеп, оларға барынша қарсы шықты. Өздерінің 
реакцияшылдық идеясы арқылы оқушыларын теріс бағытқа 
жетектеді.


34
II ТАРАУ
 ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ИДЕЯ
Тақырып. 
Мейлі шағын, мейлі көлемді, ұзақ шығарма болсын, 
жазушы-ақындар өмір туралы, адам және олардың араларындағы қарым-
қатынастар туралы жұртшылыққа өздерінің ой-пікірлерін, көзқарастарын 
ұсынады.
Шығарманы жазбас бұрын қандай мәселені оқушының алдына 
тартпақшы, сол туралы аз ба, көп пе ойлайды. Сан алуан пікірлердің 
ішінен біреуін негізгі ойының қазығы етеді. Сол шығарманың 
тақырыбы 
саналады.
М.О.Әуезовтің атақты «Абай» романы төрт томдық, көлемді еңбек. 
Әйтсе де сол романның негізгі тақырыбы не деген сұраққа: «XIX 
ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың әлеуметтік құрылысында 
ғасырлар бойы үстемдік алып келген рушыл-феодалдық таптың өкілдері 
мен жаңа заманның жаршысы, прогресшілдік бағытты қолдаушы 
демократтық топтардың күресі» дер едік. Әрине, әңгіме негізгі тақырып 
туралы. Мұндай желісі ұзаққа тартылған үлкен шығармаларда, қосымша 
тақырыптар да аз болмайды. Сүйіспеншілік, феодалдардың өзара 
тартысы, барымта-сырымта тәрізді тұрмыс-салт мәселесі, т.б. бар.
А.С.Серафимовичтің «Темір тасқынының» тақырыбы – 20-жылдың 
бас кезінде Кубаньда болған азамат соғысы. А.А.Фадеевтің «Тасталқан» 
атты романының тақырыбы – азамат соғысы кезінде Қиыр Шығыстағы 
айнала қоршаған интервенттердің қамауын бұзып шығу үшін күрескен 
қызыл партизан отрядының ерліктері деуге болар еді.
Шығарманың тақырыбын шығарманың идеясынан бөліп қарауға 
болмайды. Жазушының шығарманы не турада жазуын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет