32
жеңіл, көңіліне қонымды болуы керек. Бұл үлкен шеберлікті
талғайды. Терең мазмұнды, үлкен ойды оп-оңай түсіндіру тек ұлы
жазушы, ақындарға ғана тән сипат. Әрбір ұлы жазушыны халықтық
десек, әрбір халықтық шығарманың авторын ұлы жазушы деуге
болады, өйткені халықтық шығарманың мазмұнына түрі сай келеді,
ондай шығарма шеберліктің озық үлгісі, ұлы ойшылдардың үздік
қаламынан ғана тууы мүмкін.
Орыстың ұлы ақындары А.С.Пушкиннің «Евгений Онегині»,
оның лирикалары, Крыловтың мысалдары, Гогольдің «Тарас Бульба»,
«Өлі жандары», Некрасовтың «Россияда кім жақсы тұрады?», т.б.
шығармалары – шын
мәніндегі халықтық шығармалар, олардың
авторларын халық ақын-жазушылары деп атаймыз. Бұл тәрізді
халықтық шығармалар дүниежүзі әдебиетінде аз емес.
Қорыта айтқанда, әдебиеттің халықтығына қойылатын негізгі
шарттар: жазушы шығармасында бүкіл халықтық мәні бар, халықтың
тілек-мүддесін қамтырлық үлкен мәселені көтеру, оның ауыр халін
жеңілдету үшін көмектесерлік күшті құрал болуы және оларды асқан
шеберлікпен көпшіліктің ой-санасына жеткізу.
Мысалы, Махамбет Өтемісов
өлеңдерін зерттеушілер, ол
туралы газет, журналдарда жазылған мақалалар ең алдымен ақын
шығармаларының халықтығын сөз етеді, оның шығармаларын
халықтық, өзін халық ақыны деп бағалайды. Бұл пікір дұрыс та,
өйткені Махамбет өлеңдеріндегі негізгі идея – халық мүддесі, хан,
сұлтандардың қанауында болған қазақ шаруаларының жақсы өмірге
ұмтылған арман, тілектерін жырлау болды.
Махамбет – халық
көтерілісін бастаушы ғана емес, өзінің
өткір сөз, жалынды жырымен қалың көпшілікке рух себуші, ерлік
күреске үндеуші ақын. Сондықтан оның өлеңдерінде,
әдебиеттің
халықтығына қойылатын шарттар айқын, ашық. Осыған сүйене
отырып, оны халық ақыны дейміз.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевты не ағартушы-педагог
Ыбырай Алтынсаринді алсақ, олардың еңбектерінде әдебиеттің
халықтығына тән сипаттарды мол кездестіруге болады. Алтынсарин
де, Абай да XIX ғасырдың екінші жартысындағы халық үшін ең
маңызды, керекті мәселелерді көтерді. Ғасырлар бойы мәдениеттен
артта қалып келген қазақ халқының ендігі кезде ілгері дамуы үшін
хат тануы, оқуы,
мәдениетке, ғылымға ұмтылуы керектігін Абай,
Алтынсариндер өз еңбектерінде күрделі мәселенің бірі етіп қойды
да, барлық жігер, күштерін сол мақсатты іске асыруға жұмсады.
Осы айтылғандардың барлығы да қазақ халқының ілгері дамуына
тарихи маңызы үлкен, ел тілегі, жұрт пайдасы үшін
ең керекті
мәселелер екеңдігі сөзсіз. Абай оны терең түсініп, кеңінен толғап, ол
33
мәселелерге көпшіліктің көңілін аударды. Оларды іске асыру үшін
бойындағы күш, ойындағы асылын түгел жұмсады. Сондықтан біз
Абайдың шығармаларын халықтық, өзін халық ақыны дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: