Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет9/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ 
ДАМУ ТАРИХЫ
Әдебиет теориясы туралы ой-пікір, көзқарастар ерте заманнан бері 
айтылып келеді. Көркем әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктеріне, оның 
даму зандарына біздің жыл санауымызға шейінгі заманның ойшыл 
ғалымдары да көңіл аударып, кейбіреулері терең ғылыми пікірлер 
айтты. Әдебиеттің теориясы туралы ең алғашқы үздік еңбек ескі грек 
елінің философы Аристотельдің «Поэтика» кітабы болды (біздің жыл 
санауымыздан бұрынғы IV ғасырда). Аристотель өзінен бұрынғы 
философ, теоретиктерден әдебиет мәселелеріне басқаша қарады. 
Әдебиеттің қо ғам тіршілігіне керектігін жоққа шығарып, оны «мәңгілік 
идеяның» көлеңкесі деп түсіндіретін идеалистік көзқарастарға қарсы, 
әдебиет нақты өмір шындығының сәулесі, әдебиеттің басты мәселесі – 
адам және ол өмірді таныту, тәлім-тәрбие беруді негізгі нысанасы етеді 
деген тәрізді материалистік пікірді ұсынушы бірінші адам Аристотель 
болды. Ол искусствоның бір түрі поэзияның ерекшеліктерін көрсетуші 
де, оның ғылымнан айырмашылығын бірінші рет түсіндіруші де 
Аристотель. Ол поэзияның тегі: эпос, лирика, драмаға жалпылап болса 
да сипаттамалар берді. Драмалық жанрдың бір түрі трагедия, оның 
суреттеу үшін алған өмір құбылысы, қаһармандары және алға қоятын 
мақсат-міндеттері жөнінде айтқан терең пікірлерінің мәні зор. Әрине, 
Аристотельдің көзқарасында материализмді идеализммен шатастырып 
ала берушілік сықылды өзіне тән қайшылықтар да бар. Әйтсе де оның 
«Поэтика» атты кітабы өз дәуірінде әдебиетке теориялық негіз, әдебиетті 
зерттеу үшін болашаққа жол салған еңбек.
Көп уақыттар бойы Аристотельдің «Поэтикасы» әдеби-теориялық 
ой-пікірдің ең биігі саналды. Оның себебі Аристотельдің бұл еңбегі ескі 
грек елінің Гомер, Эсхил, Софокл, Эврипид, Аристофан тәрізді ұлы ақын, 
драматургтарының жазушылық тәжірибесіне негізделгендігінен, өзінің 
теориялық көзқарасын, талдауларын сол құнды әдеби материалдарға 
сүйенгендігінен еді. Ол жазушылардан қалған қымбат мұралар кейінгі 
ғасырларда да өзінің мәнін жоғалтпады. Бұл Аристотельдің, әдебиет 
теория сы жөніндегі еңбегін өте құнды еткен ең негізгі жайттың бірі 
болды.
Әдеби-теориялық мәселелердің екінші бір дами түскен кезеңі XVIII 
ғасыр болды. Әрине, бұл сөзден сонау Аристотельден бері қарай, XVIII 
ғасырға дейін, әдебиет теориясы жөнінде мүлде еш нәрсе болмады деген 
ұғым тумасқа керек. Әдебиеттің теориялық мәселелерін көтерушілер де, 
ол жөнінде зерттеу еңбектер де болды, бірақ олар сонау ескі замандағы 
Аристотельдін айтқан пікірлерінен артық ештеңе айта алмады. Тіпті 
кейбір мәселелерде одан ғалымдық дәрежесі көп төмен жатты.


26
XVIII ғасырда әдебиеттің теориялық мәселелеріне айрықша көңіл 
бөлініп, тарихи мәні зор әдеби еңбектер жарыққа шықты. Россияда орыс 
халқының үздік ғалымы М.В.Ломоносов, демо крат Радищевті атасақ, 
Батыста Дидро, Лессингтерді атауға болады. 
Орыс халқының ұлы ғалымы М.В.Ломоносовтың әр алуан ғылым 
саласында айтқан даналық пікірлері, ашқан жаңалықтары көп болды, 
ол әдебиеттің тарихы, мәні, теориясы туралы да келешек үшін тамаша 
құнды еңбектер қалдырды. Мазмұн мен түрдің бірлігі, орыс әдебиетіндегі 
үш түрлі стиль (өзі «штиль» деп атаған) жайлы көзқарастары, «Россия 
өлең құрылысының ережесі туралы хаты» көп замандар бойы үлгілі 
еңбектер са налды. Орыс тілінің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып 
жазған бұл еңбегінде М.В.Ломоносов орыс өлең құрылысының негізгі 
принциптерін айқындады. «Шешендік және ділмәрлыққа жетекшілік» 
атты кітабында өз кезіне лайықты алғанда стильдік ерекшелік, шығарма 
композициясының мәселелерін тамаша түрде шешіп берді. Әдебиеттің 
қо ғам пайдасы үшін қызмет ету қажеттігі жайлы алғаш сөз қозғаушы 
да М.В.Ломоносов болды. Бұл көзқарастың келешек үшін тарихи мәні 
айрықша зор еді.
Орыстың ұлы революционері және жазушысы А.Н.Радищев те әдеби-
теориялық мәселелерге көңіл бөлді. Жазушылар дан өмір құбылысын 
шындық тұрғыдан суреттеуді талап етті. Шындықты дұрыс көрсеткен 
прогрессивтік әдеби шығармалардың өмір тану, тәрбиелік мәнін ашық 
айтты. 
Әдебиеттің теориялық негізгі мәселелерін материалистік негізде 
терең толғап, кеңінен шешкен – орыс халқының ұлы демократтары 
В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добро любов, Салтыков-
Щедрин, Некрасовтар еді.
Әдебиеттің идеялығы, халықтығы, реализм туралы бұл 
демократтардың теориялық ой-пікірлері кейінгілерге үлгі, өнеге берді. 
Революцияшыл демократтар өздеріне дейінгі буржуазиялық әдебиетте 
үстем болып келген «көркемөнер – көркемөнер үшін» дейтін теорияның 
реакцияшыл көзқарас екендігін әшкерелеп, көркем әдебиеттің сырын 
ашты. Олар искусствоның бір саласы көркем әдебиеттің өзіне тән 
ерекшеліктерін айқындап берді.
Ғылым мен искусствоның айырмасы туралы В.Г.Белинский: «Саяси 
экономияға жетік адам статистік мәліметтерге сүйеніп, қоғам ішіндегі 
мына таптың күйі мынадай себептермен көп жақсарды не көп төмендеді 
деп дәлелдеп, оқушылардың не тындаушылардың санасына әсер етеді. 
Ақын шындық болмысты жанды және айқын-ашық етіп суреттеу арқылы 
өмір суретін реалдық қалыпта көрсетеді, оқушыларының қиялына әсер 
етеді. Сөйтіп қоғам ішіндегі мынадай таптың жағдайы, мына себептермен 
көп жақсарды не көп төмендеді дейді.


27
Қорыта айтқанда, «ғылым мен искусствоның біреуі дәлелдейді, 
екіншісі көзге көрсетеді, екеуі де сендіреді», – деді.
Революдияшыл демократтар материалистік эстетиканың негізін 
салды. «Көркемөнер – өмір, өмірдің сәулесі» – дейтін Чер нышевский, 
Белинскийдің көзқарастары искусство, әдебиет мәселелерін талдауда 
кейінгілер сүйсінерлік мұра, сүйенерлік тірек болды.
В.Г.Белинскийдің искусство, әдебиет, әдебиеттің тектері және 
түрлеріне берген анықтаулары мен талдаулары марксистік әдебиеттану 
ғылымына дейін дүние жүзіндегі әдебиетте теңдесі жоқ, ең жоғарғы шын 
мәнісіндегі ғылыми еңбектер саналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет