Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет7/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Өлең сөздің теориясы
» алғаш рет 
осыдан 40 жыл бұрын яғни 1973 жылы «Мектеп» баспасынан жарық 
көрді. Бұл басылым бұған дейін қайта жарияланбаған іргелі зерттеу 
болып табылады. Ғалым зерттеуінде қазақ өлеңінің тілін, өлең 
құрылысының ерекшеліктерін, тіл кестесін, жанрлық өзгешеліктер 
мен қазақтың ақындық өнеріне қатысты ғасырлар бойы қалыптасқан 
ұлттық дәстүрлерді анықтап, оның әдеби-тарихи үдеріспен 
байланысын, заңдылықтарын теориялық тұрғыда қарастырды. 
З.Ахметов қазақ өлеңінің сөз кестесін, өлең сөздің суреттілігін, 
бейнелілік сипат-қасиеттерін сөз еткенде ауыспалы, астарлы мағына 
туғызатын бейнелі сөздерге көбірек назар аударады. Ғалымның өлең 
тілін осы жағынан алып қарастыруы поэзиямыздың, әдебиетіміздің 
сөзді түрлендіріп, мағынасын өзгертіп, кеңейтіп пайдалану жағынан 
шексіз мол мүмкіншілігін ашу мақсатынан туған. Әдебиеттанушы 
сөздің тура мағынасын ұғу оңай, ал оның поэзиядағы, көркем 
әдебиеттегі өзгеріп, толысқан, жаңаланған мағынасын, тереңдеген 
мазмұнын, сан алуан бейнелілік, суреттілік ерекшеліктерін толық 
түсініп білу әлдеқайда қиын екенін де ескертеді. Ғалым үшін қазақтың 
өлең тілін, әдеби тілін әрі қарай дамыту, байыту проблемаларын 
дұрыс талдап шешу және осы өзгешеліктерді жан-жақты зерттеудің 
мәні зор. Қазақ поэзиясының таңдаулы нұсқаларын орыс тіліне, бас-
қа халықтардың тіліне аудару ісін тиісті дәрежеге көтеру үшін де бұл 
жайттерді әдебиеттанушы терең түсініп-білу қажеттігін де ескерген.
Қазақ халқының сөз өнері, оның сан салалы түрлері ертеден-ақ 
зерттеушілердің назарына іліккенін ЗәкиАхметовке дейін әдеби тіл
соның ішінде өлең сөзге, өлең құрылысына (шумақ, тармақ, ұйқас, 
т.б.) қатысты теориялық ой-пікірлер Шоқан, Абай, Ыбырай одан соң 
Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, 
Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов және М.Әуезов, 
С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, С.Кеңесбаев, Ә.Марғұлан, 
Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Б.Кенжебаев, Ә.Тәжібаев, 
М.Балақаев, М.Дүйсенов, З.Қабдолов, Р.Сыздық, т.б. қалам тербеген.
З.Ахметов зерттеуінде ХХ ғасырдың 1960-70 жылдардағы 
қазақ өлеңінің сөз кестесі, өлең сөздің суреттілігі, бейнелік сипат-
қасиеттерін қарастырды. Ғалым сөздің астарлы, ауыспалы мағына 
туғызатын бейнелі сөздеріне дейін назар аударады. Сонымен қатар 
автор өлең тілін қарастыруда поэзиямыздың, әдебиетіміздің сөзді 
түрлендіріп, мағынасын өзгертіп, пайдаланудың мүмкіншілігін 


21
де ашып көрсетеді. Бейнелі сөздерден қазақ тілінің ұлттық бітім-
тұлғасы, өлең тілін дамыту, байыту мәселелерін дұрыс талдауда осы 
өзгешеліктерді зерттеудің, шығарма мазмұнын ашудағы мәнін де 
анықтайды. 
Кітаптың І-бөлімі «Тіл кестесі» деп аталып, «Өлең сөздің 
бейнелеу құралдары», «Халық поэзиясының тілі», «Абайдың тіл 
ұстарту өнегесі», «Поэзия тілінің біздің дәуірімізде өркендеуі» атты 
үлкен тараулардан тұрады. «Өлең өрнегі» деп аталатын ІІ-бөлімі де 
төрт тараудан тұрады: «Қазақ өлеңінің құрылыс-жүйесі», «Өлшем-
өрнектер, оларды түрлендіріп қолдану үлгілері», «Қазіргі поэзиядағы 
ізденістер».
Зерттеуде ғалым қазақ өлеңінің құрылысын, өлшем-өрнектердің 
ырғақтық жүйесін тексеруге ерекше мән беріп, өлең жүйесінің өзгеше 
сипат-белгілерін алдымен өлшемдердің ырғақтық өрнегі арқылы 
айқындаған.
Өлең құрылысының қалыптасуы, өрістеуі, одан әрі шыңдалып, 
жетілуі, байып-толысуы өлеңнің ырғақтық құрылысын байыпты түрде 
зерттеп білгенде ғана дұрыс шешімін табады. Мұны ғалым халық 
поэзиясындағы өлең өрнектерін талдаумен бірге жазба әдебиеттегі, 
әсіресе совет кезіндегі поэзиямыздағы тың ізденістерді мысалдар 
арқылы көрсетті. З.Ахметов әдебиеттанушы ретінде поэзиялық 
шығармадағы көркем түр, тіл, өлең өрнегін өз алдына оқшау, бөлек 
қарамай, бір-бірімен сабақтас, тұтас алып, олардың шығарма 
мазмұнын ашудағы мәнін анықтау тұрғысынан талдады.
Әдеби шығарманың мазмұны мен көркем түрі тығыз байла нысты 
болып, мазмұнға түр сәйкес келетіні арнайы дәлелдеуді қажет етпейтін 
шындық. Сонда да осы байланыс, сәйкестіктің өзі, соның ішінде 
тіл, сөз кестесі, өлең өрнегінің шығарма мазмұнымен орайластығын 
оп-оңай танып, байқап, түсіне қоятындай жеңіл нәрсе емес. Ғалым 
алдымен жеке шығарманың көркемдік түрі дегеніміз бір нәрсе де, 
сол түрді жасауға негіз болатын, пайдаланылатын тіл, сөз құралдары, 
әдебиеттің жанрлық, композициялық мүмкіншіліктері, өлең жүйесі 
мен өлшем өрнектері екінші нәрсе екенін мұқият ескерген. Зерттеуші 
шығарманың көркемдік түрі осындай әртүрлі бейнелеу құралдарын, 
тәсілдерін қолдану арқылы өз ал дына біртұтас дүние болып 
қалыптасатынын, шығарманың мазмұнына сәйкестік сипат алатынын 
және осы сәйкестікті, бірлестікті аңдау, аңғару үшін шығарманың 
көркем түрінің бірлігін, бір тұтастығын жақсы сезінген.
З.Ахметовтің әдебиет теориясы, поэтика, өлең құрылысы мен 
өлең жүйесі, абайтану мен әуезовтану, қазақ әдебиетінің тарихы 
мәселелерін зерделеген зерттеулерінің күн өткен сайын мән-маңызы 
арта түсуде.


22
«
Өлең сөздің теориясы
» соцреализм тұсында жазылған, Тәуелсіздік 
кезеңінде де кәсібилігін жойған жоқ, себебі өлең сөздің теоретигі 
З.Ахметов басты ұстанымын қазақ өлеңінің құрылысын кәсіби 
деңгейде теориялық талдаулары арқылы айқындап берді. Ғалым 
соцреализм қағидаларымен шектелмей өлең сөздің теориясының 
нағыз ғылыми негізін кәсіби пән сөздермен шегелеп отырады. Бұл 
басылымның ескірмейтін сыры да осында. Зәки Ахметовтің бұл 
зерттеуі ұлттық әдебиеттанудағы негізгі еңбектердің бірегейі болып 
табылады.
Зәки Ахметов – совет кезінде қазақ поэзиясындағы тіл кестесі мен 
өлең құрылысы жайлы мәселелерді жүйелі түрде зерттеген ғалым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет