Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет5/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
 
атты
 
іргелі зерттеуі жарық көрді. Бүгінгі күнге дейін «Сөз өнері» 
деген атпен бірнеше рет (1973, 1976, 1982, 1992, 2002, 2007) өңделіп, 
толықтырылып қайта жарияланды. «Сөз өнері» кітабы мынадай 
тарауларды қамтиды: «Сөзбен сомдалған тұлға», «Сөзбен шыңдалған 
шындық», «Сөз өнері жайлы ғылым», «Сөз сарасы», «Сөз өнеріндегі тек 
пен түр», «Сөз өнеріндегі бет пен бағыт», «Сөз соңы». 
Ғалым «Сөзбен сомдалған тұлға» тарауында «…әдебиет туралы 
жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы 
ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Бұл 
мәселені дұрыс таратып түсіну үшін, әуелі, әдебиеттің объектісі – өмір 
болғанда, предметі – адам екенін ескеруіміз керек. Әдебиеттің объектісі 
предмет арқылы яки сөз өнеріндегі өмір шындығы тек адам арқылы, адам 
образы арқылы ғана көркем жинақтау дәрежесіне» көтеріле алатынын 
сөз қылады. 
20
Қабдолов З. Көзқарас: Талдаулар мен толғаулар. – Алматы: Рауан, 1996. 89-90-бб.
21
Сонда, 96-97-бб.


16
«Сөзбен шыңдалған шындық» тарауда автор: «Әдебиет – ықшамдалған 
әлем» (Салтыков-Щедрин) болса, әдеби шығарма – сол нұрлы дүниенің 
сырлы бөлегі. Ол – өмірдің өзі секілді күрделі, бұралаңы көп, қия-
қалтарысы мол шытырман шындық. «Шұғаның белгісі», «Еңлік–Кебек», 
«Сұлушаш», т.б.» шығармаларды оқып, тұшынамыз, тағы оқимыз
ойланамыз. Жалықпаймыз. Әр оқыған сайын бұрын байқамаған жаңа, 
соны сыр ұққандай боламыз. Шын мәніндегі шынайы өнер туындысы 
оқырманға осылай әсер етуін, сыртқы түрі мен ішкі сырының тамаша 
үндестігін таразылайды.
«Сөз өнері жайлы ғылым» тарауында зерттеуші әдебиет туралы ғылым 
яғни әдебиет дегеннің өзі не нәрсе екенін, әдебиетті жасаушы суреткер 
жөнін, сөз өнерінің қоғамдық бітімі мен идеологиялық пішінін жалпы 
түрде байыптайды. Нәтижесінде сөз өнері жайлы (әдебиеттің теориясы, 
тарихы, сыны) нақты ұғым-тұжырымдарға, оның туу, даму тарихын 
қысқаша шолып өтіп, одан әрі бірыңғай теориялық толғамдарға көшеді. 
«Сөз сарасы», «Сөз өнеріндегі тек пен түр», «Сөз өнеріндегі бет пен 
бағыт» тараулары қазақ поэзиясында ұйқастардың түрлері, ырғақ пен 
шумақ, тармақ пен бунақ, жанр (драма, лирика, эпос), оның түрлері, 
стиль, жазушының стильдік ерекшеліктері, әдебиетегі бағыттар, әдеби 
тип, образдың жасалу жолдарын қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет