Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет6/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Зәки Ахметұлы Ахметов
1928 жылы 4-ші мамырда Шығыс 
Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Ұзынбұлақ ауылында дүниеге 
келген. 1943 жылы мектепті мерзімінен бұрын тәмәмдап, небәрі 15 
жасында ҚазМУ-дің тіл-әдебиет факультетінің журналистика бөлімінің 
студенті атанады. З.Ахметов 1947-1950 жылдары Ленинградтағы КСРО 
ҒА Шығыстану институтының аспирантурасында оқыды. Жас ғалым 
сонда 1951 жылы «Лермонтов және Абай» атты тақырыпта кандидаттық 
диссертация қорғайды. 1951-1959 жылдары қазіргі Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университетінде 25 жылдай дәріс оқып, ұстаздық 
етті. З.Ахметов кафедра меңгерушісі, факультет деканы қызметтерін қоса 
атқара жүріп, 1965 жылы докторлығын қорғады, араға жыл салып КСРО 
Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен профессор ғылыми 
дәрежесі берілді. 1975-1981 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы 
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында директордың 
орынбасары және директорлық қызмет атқарды. 1978 жылы ғалымға 
Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген ғылым қайраткері атағы берілсе, 1980 жылы 
Қазақ КСР ҒА Шоқан Уәлиханов атындағы І-дәрежелі сыйлығын алды. 
1983 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі болып сайланды. 
1984-1986 жылдары осы мекеменің вице-президенті қызметін атқарды. 
Академик З.Ахметов сол жылдардан өмірінің соңына дейін Қазақстан 
Республикасы ҰҒА-да қызмет етті. 1986 жылдың 6-шы маусымынан 
2002 жылдың 17-желтоқсанына дейін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет 


17
және өнер институтында Әдебиет теориясы және Абайтану бөлімдерін 
басқарды. 
Академик Зәки Ахметовтің зерттеген қазақ әдебиеттану ғылымындағы 
ең өзекті мәселелері теориялық және тарихи тұрғыдағы ауқымды 
арнасынан асып, бір ғана ұлттық әдебиеттану шеңберінен шығып, бүкіл 
түркі елдерінің ортақ қазынасына айналуда. 
Ғылыми тұрғыдан нақты және шынайы пікірді «Қазақ өлеңінің 
құрылысы» атты докторлық монографиясы жарық көрген 1965 
жылдары-ақ өз замандастары, ұстаздары үлкен көрегенділікпен, ең 
бастысы оның теориялық жаңалағы жоғары бағаланды. З.Ахметовтің 
ғылыми-теориялық зерттеулерінің мән-маңызын ғылымдағы өз орнын 
ленинградтық ұстаздары, академик В.М.Жирмунский, С.Е.Малов, 
П.Н.Берков, В.А.Мануилов, мәскеулік әдебиеттанушы-ғалымдар 
И.Ломидзе, З.С.Кедрина, Б.Г.Гончаров, В.В.Кожинов және т.б. дер кезінде 
жоғары бағалады. Ал, қазақстандық академик-жазушылар М.Әуезов, 
С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, академиктер: З.Қабдолов, С.Кеңесбаев, 
М.С.Сильченко, Қ.Жұмалиев, С.Қирабаев, Р.Бердібай, Ө.Айтбаев, 
С.А.Қасқабасов, көрнекті ғалымдар Ә.Дербісалин, С.Негимов және 
т.б. да замандастары академик З.Ахметовтің әр жылдары жарық көрген 
монографиялары мен ғылыми-теориялық еңбектері туралы пікірлерін 
баспасөзде білдіріп отырды. 
Кезінде көрнекті ғалымдар Б.Кенжебаев пен Т.Нұртазин Зәки 
Ахметовтің зерттеуін «...бұл жұмыс тек атақ алу үшін емес, үлкен 
сүйіспеншілікпен, асқан жауапкершілікпен орындалған жұмыс...» – деп 
жоғары бағалаған. Бұл монографияның ерекше тоқталар құндылығы 
– А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» кітабы аталмай, 
Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» (1938) репрессияға ұшыраған 
заманда қазақ өлең құрылысының заңдылықтарын реттейтін ұлттық 
ғылымға үлкен ғылыми құбылыс, жаңалық әкелген зерттеу.
Көрнекті ғалым Ә.Дербісәлин З.Ахметовтің «Өлең сөздің теориясын» 
талдап, мынадай баға береді: «Мұндай жақсы кітаптың жақсылығын түгел 
түсіну үшін тек өзің оқуың керек. Оның оқушысының көп болатынына да 
сенім мол, өйткені өлеңді сүймейтін жан жоқ. Сол адамдар өлең туралы 
терең білім беретін мұндай кітапты оқымай кете алмайды»
22
.
З.Ахметов тарихи жыр, қара өлеңдердегі буын санын, ырғағын 
санағанда өлеңге, әнге салып әр нотаға дейін ажыратып беретін. Әуенді, 
сазды әдеби мәтіндерді өзінің әдемі қоңыр даусымен тербеп, бірақ сол 
сәтте тек буын ретін анықтау үшін ерекше ұқыптылық көрсететін. 
Академик 
осы 
орайда 
А.Байтұрсынұлының 
«Әдебиет 
танытқышындағы» тағы бір терминдерінің жөнін атап өтеді: «Для 
22
Дербісәлин Ә. «Қазақ әдебиеті» газеті. 1974. 18.01.


18
понимания природы и особенностей внутреннего ритмического 
деления стихов существенным является ставшее употребительным 
в современном казахском литературоведении понятие бунақ
23

(производное от буын – сустав, во втором, принятом в филологии 
значении – слог), которое в переводе может означать: соединение 
слогов, группа слогов. Показательно, что в самом слове бунақ, 
хорошо передается характер ритмической части стиха, отличающейся 
определенностью числа слогов». Өлең құрылысын зерттеуші 
теоретик осыны нақтылай түседі: «Заслуживает серьезного внимания 
тот факт, что этот термин, утвердившийся в литературоведении 
нашего времени, вызван к жизни потребностями в первую очередь 
практического характера, что лишний раз свидетельствует о том, что, 
внимательно воспринимая звучание стиха, трудно уйти от ощущения 
внутренней ритмичности стихов в казахской поэзии»
24
. З.Ахметов 
А.Байтұрсынұлының бунақ терминінің маңыздылығын осылай 
айғақтап берді.
Қазақ әдебиеттану ғылымына «Әдебиет танытқыш» ғылыми зерттеу 
еңбегі арқылы тұңғыш енген терминдер де бірнеше сала болды, атын 
атамай қолданып келдік. З.Ахметов өзінің алдындағы қазақтың өлең 
құрылысының іргетасын қалаған А.Байтұрсынұлының зерттеуі туралы 
былай әділ пікір білдіреді: «Әдебиет танытқышта» негізінен поэтика, 
стилистика, өлең құрылысы көбірек сөз болады. Автор үлкен тілші-
ғалым болғандықтан, оның қазақ поэзиясының ерекшеліктерін осы 
мәселелерге байланысты тексеріп талдайтыны түсінікті. Автор поэзия 
тілінің бейнелілігін, сөз қолдану тәсілдерін мұқият зерттеу теңеу, 
ауыстыру (метафора), алмастыру (метонимия), шендестіру, арнау, 
қайталақтау, дамыту, бүкпелеу секілді ұғымдары әдеби термин ретінде 
қолданады. Сөйлемдердің синтаксистік топ болып бірігуін оралым
қайшы оралым деген сияқты түрлерін ажыратып көрсетеді. Қазақ 
өлеңінің ырғақтық құрылыс-жүйесін айқындай бунақ, тармақ, шумақ 
ұғымдарын қалыптастырады. 
Поэзиядағы жанрлық түрлердің ұлттық ерекшеліктерін таныту 
мақсатымен толғау, терме, өлең, жыр, айтыс, т.б орынды жіктейді. 
Ахмет Байтұрсынов қолданған терминдердің көпшілігі әдебиеттану 
ғылымында әбден тұрақтап, бүгінге дейін пайдаға асып келеді. 
Сондықтан зерттеушінің бұл еңбегі әдеби ұғым терминдердің кейінгі 
жылдарда толығып, топтау жүйесі жетіле түсуіне тірек болғанын атап 
айтқан жөн»
25
.
23
Ахметов З. Основы теории казахского стиха. – Алматы, 2002. 63-64-бб.
24
Сонда, 64-б.
25
Ахметов З. Ұлттың ұлы ұстазы. – Алматы, 2001. 64-б.


19
А.Байтұрсынұлы ұлттық әдебиеттанудағы ғылыми пәнсөздер 
жүйесін тұңғыш рет ана тілімізде қалыптастырса, сол істің тікелей 
жалғастырушысы академик З.Ахметов болды. Ғалымның жетекшілігімен 
Тәуелсіздік кезеңде жарық көрген ғылыми-теориялық еңбектерінің 
ішінде ерекше атап өтетін зерттеуінің бірі – «Әдебиеттану. Терминдер 
сөздігі» (1996, 1998). Бұл «Әдебиет танытқыштан» 70 жыл кейін яғни 
тәуелсіздік кезеңінде қазақ әдебиеттануындағы пәнсөздердің реттелген, 
жүйеленген екінші ғылыми басылымы болды. Кітаптың алғысөзін 
«Аңдату» деп, А.Байтұрсынұлы сияқты атайды: «... ғылым тілін дамыту 
үшін ғылыми ойлау жүйесін жетілдіру қандай қажет болса, ғылыми 
терминдерді қалыптастыру, толықтыру, олардың мағыналық дәлдігін 
арттыру, қазақша ойлау, сөйлеу үлгісіне жанастыра түсу де сондай 
қажет. Қазақ әдебиеттану ғылымында А.Байтұрсыновтан бастап енген 
терминдер өз алдына бірнеше сала болып қалыптасты. Солардың ішінен 
Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты кітабында бар, 
ғылыми тілімізде орын тепкен бір алуан терминдерді айтсақ та болады. 
Мысалы: теңеу, кейіптеу, тұспалдау, әсірелеу, шендестіру, арнау, сөз өнері, 
шығарма, ауыз әдебиеті, мазмұн, тармақ, шумақ, бунақ, т.б. Бұлардың 
аса мәнді терминдер екенін атай отырып, Байтұрсынов осы кітабында 
қолданған кейбір терминдердің еленбей, ескерілмей қалғанын да айта 
кеткен жөн. Осылардың ішінен әлі де мәнділігін сақтаған, қолдануға 
қолайлыларын сұрыптап алып, ғылыми тілімізге ретін тауып орнықтыру 
алдағы уақытта атқарылуға тиісті міндет»
26
.
Ғалым саналы өмірінің соңына дейін жоғарғы оқу орындарында 
әдебиет теориясы мен әдебиеттану методологиясы, қазақ өлең құрылысы, 
абайтану және әуезовтану проблемалары, шығармашылық әдіс пен стиль, 
дәстүр мен жаңашылдық, поэтика, жанр, дүниетаным мен көркемдік 
байланыс, т.б. толып жатқан әдебиеттің көкейкесті мәселелері жөнінде 
ғылыми-теориялық мән-маңызы терең дәрістер оқыды. 
Негізгі ұстаным да А.Байтұрсынұлынша берілген. Бұл тараудың бір 
бетінде (8-бет) А.Байтұрсынұлының есімі (сілтеме) 5 рет келтіріледі: 
«Абай творчествосы төңірегінде 20-жылдардағы, кейінгі кездердегі 
талас, кейбір сын пікірлер тұрғысынан тараса, Ахмет Байтұрсыновтың 
«Қазақтың бас ақыны» атты 1913 жылы жарияланған мақаласындағы 
Абайға берген бағасы, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы 
алатын орнын анықтауы, өнерпаздық өзгешелігін, асқан шеберлігін 
тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, 
өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың, 
талғампаздықтың үлгісі деуге лайық»
27
.
26
Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998. 13-б.
27
Сонда, 22-б.


20
Әдебиет теоретигі З.Ахметов Абайды тану Әуезовтанумен бір 
қатарда болуын өзінен кейінгі абайтанушыларға үлгі етіп кетті. 
Абайды Әуезовше түсінуді, Әуезовше Абайды үңіліп оқып, оны 
қорғай білуді де ұстаным етті.
Академик Зәки Ахметовтің «


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет